file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ.


Жұмыс парағы 1

Сабақ тақырыбы : Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш

Оқу мақсаты: 10.2.6 Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу

Жұпта орындауға арналған тапсырмалар:

1) Кеңістіктегі түзу бойынан нүкте алынды. Сол нүкте арқылы өтетін және берілген түзуге перпендикуляр неше түзу жүргізуге болады?

2) Түзу және түзуден тысқары нүкте берілген. Сол нүкте арқылы өтетін және берілген түзуге перпендикуляр неше түзу жүргізуге болады?

3) Жазықтық және оған параллель түзу берілген. Осы түзуге перпендикуляр және берілген жазықтықта жататын неше түзу жүргізуге болады?

4) Планиметриядан белгілі: егер екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда олар өзара параллель. Осы тұжырым стереометрия үшін орындалады ма?

5) а) Кубтың қиылысатын қырлары арасындағы бұрышты табыңыз

б) Дұрыс тетраэдрдің қиылысатын қырлары арасындағы бұрышты табыңыз

6) Кубтың диагоналі (АС1) мен оған айқас жатқан жақ диагоналі (BD) арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет1)

7) Кубтың көршілес екі жағының қиылысатын диагоналдарының арасындағы бұрышты табыңыз.

8) Кубтың диагоналі мен онымен қиылысатын қыры арасындағы бұрышты табыңыз.

9) A...D1 кубы берілген. (сурет1)

а) AA1 және B1C1 түзулері арасындағы бұрышты табыңыз

б) AA1 және CD түзулері арасындағы бұрышты табыңыз

10) A...D1 кубы берілген. (сурет1) Төмендегі түзулер арасындағы бұрышты табыңыз:

а) AD және A1C1; б) AC1 және DD1; в) AB1 және BC1.

11) Пирамиданың барлық бүйір жақтары дұрыс үшбұрыштар. Ортақ қырына түскен үшбұрыш биіктіктері арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 2)

12) Бүйір жақтары квадрат болатын үшбұрышты призма берілген. Призманың екі бүйір жағының өзара қиылысатын диагоналдары арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 3)

13) Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табан қабырғасы бүйір қырына тең. Табан қабырғасы мен оған айқас бүйір қыры арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 4)

(сурет 1)

Жауаптары: 1) Шексіз көп; 2) Шексіз көп; 3) Шексіз көп; 4) Жоқ; 5) а) 90о; б) 60о; 6) 90о; 7) 60о; 8) ; 9) а) 90о; б) 90о; 10) а) 45о; б) ; в) 60о.

Жеке жұмыс

11) Пирамиданың барлық бүйір жақтары дұрыс үшбұрыштар. Ортақ қырына түскен үшбұрыш биіктіктері арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 2)

12) Бүйір жақтары квадрат болатын үшбұрышты призма берілген. Призманың екі бүйір жағының өзара қиылысатын диагоналдары арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 3)

13) Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табан қабырғасы бүйір қырына тең. Табан қабырғасы мен оған айқас бүйір қыры арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 4)

(сурет 2) (сурет 3) (сурет 4)

Жауаптары: 11) ; 12) ; 13) 60о.

Үйге тапсырма:

1) ABCD ромб берілген. MD және AC қабырғалары арасындағы бұрышты табыңыз. (Сурет 5). Жауабы 90о

2) ABCD квадрат берілген. MD және BC қабырғалары арасындағы бұрышты табыңыз. (Сурет 6). Жауабы

Кері байланыс сұрақтары:

  • Мен бүгін не білдім? ______________________________________________________________________________________
  • Маған қиын болды ма?

______________________________________________________________________________________

  • Тақырыпты түсіндім бе , әлде қиындық тудырды ма?

______________________________________________________________________________________

  • Жаңа нәрсе үйрендім бе?

______________________________________________________________________________________

  • Нәтиже көрсете алдым ба?

______________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 17 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу