Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | ||
Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сабақ тақырыбы | Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш 2 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.2.6 Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу | ||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар қарапайым емес жағдайдағы екі айқас түзудің арасындағы бұрышты анықтауды үйренеді. | ||
Бағалау критерийі | Оқушылар
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: – берілген тараудағы математикалық терминологияларды біледі; Бөлім бойынша лексика мен терминология – қиылысу; – перпендикуляр; – айқас түзу; – көпжақтар; – жағы, беті. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер – табан қабырғасы; – бүйір қыры; – ортақ қыры; – параллель көшіру; – вертикаль бұрыштар. | ||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмыстан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді (басқалардың пікірлеріне құрмет пен қарау, өз ойларын және пікірлерін талқылау үшін ортаға салу, сұрақ қоя білу және сұраққа жауап беру. | ||
Бастапқы білім | Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулердің орналасуы. |
Сабақбарысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы
(3-минут) (3-минут) |
|
| ||||||
Сабақтың ортасы (15-минут) 15 минут | Жаңа білімді меңгеру Мақсат: Оқушылар қарапайым емес жағдайдағы екі айқас түзудің арасындағы бұрышты анықтауды үйрету Жұптық жұмыс Тапсырмаларды жұпта орындау процесін пікір алмасуға, бағалауға негіздей ұйымдастыру. Жұптарға ресурс 2 таратылады. 6 тапсырмадан тұрады. 1) A…D1 бірлік кубындағы BB1 және A1C түзулері арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 1) 2) A…D1 бірлік кубындағы A1C1 және B1C түзулері арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 2) 3) A…D1 бірлік кубындағы B1C және BD1 түзулері арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 3) 4) ABCA1B1C1 дұрыс үшбұрышты призмасында барлық қырлары 1-ге тең. АC және BC1 түзулері арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 4) 5) ABCA1B1C1 дұрыс үшбұрышты призмасында барлық қырлары 1-ге тең. АB1 және BC1 түзулері арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 5) 6) A…F1 дұрыс алтыбұрышты призмасында барлық қырлары 1-ге тең. АB1 және F1D түзулері арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 6) Сурет 1 Сурет 2 Сурет 3 Сурет 4Сурет 5Сурет 6 Бұл 6 тапсырманың №3, 5, 6 қарапайым емес жағдайға жатады. Оқушылар әр жұп өздері шығару жолын табулары керек. Мұғалім тарапынан дер кезінде оқушыларға нұсқаулық, кері байланыс беріледі.
Дайын жауап бойынша тексеру. 1) ; 2) 600; 3) 900; 4) ; 5) ; 6) . Оқушыларға түзуді тиімді әдіспен параллель көшіру жайлы қорытынды шығару ұсынылады. Және де сызбасын салудың алгоритмі құрастырылады. Оқушылар өз қорытындыларын шығарады. Оқушылардың диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.
| Қосымша 2 | ||||||
Топтық жұмыс. . Дайын сызбадағы түзулер арасындағы бұрышты есептеу ABCDA1B1C1D1 дұрыс төртбұрышты призмасының табан қабырғасы - 2, биіктігі – 4. E нүктесі CD кесіндісінің ортасы, F нүктесі AD кесіндісі ортасы. CF және B1E түзулері арасындағы бұрышты табыңыз. Оқушыларға екі түрлі әдіспен шығару ұсынылады. Біріншісі қосымша сызба сызу арқылы. Екіншісі координатық әдіс арқылы. Екінші әдіс барысында мұғалім нұсқаулық береді, координата остерін салуға көмектеседі. B1(0;0;4), E(1;2;0), C(0;2;0), F(2;1;0) нүктелерінің координаталарын жазыңыз. CF және B1E түзулерінің арасындағы бұрышты бағыттаушы және векторлары арасындағы бұрыш ретінде табамыз. , онда бұрыш 900. Сабақты бекіту Мақсат: Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы бекіту. Жеке жұмыс. Алдыңғы 5-ші тапсырманы векторлық әдіспен шығару ұсынылады. 5) ABCA1B1C1 дұрыс үшбұрышты призмасында барлық қырлары 1-ге тең. АB1 және BC1 түзулері арасындағы бұрышты табыңыз. (сурет 5) (сурет 5) Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады. Дескриптор: Оқушы -призма төбелерінің координаталарының табады; - AB1 және BC1 векторларын табады; -скаляр көбейтінді арқылы бұрышты табады. |
| |||||||
Сабақтың соңы 4-минут | Сабақты қорытындылау:
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Үйге тапсырма: 1) D нүктесі ABC жазықтығынан тысқары жатыр. BD және AC қабырғалары арасындағы бұрышты табыңыз. (Сурет 7). Жауабы 90о 2) ABCD квадрат берілген. CM және BD қабырғалары арасындағы бұрышты табыңыз. (Сурет 8). Жауабы 60о (Сурет 7) (Сурет 8) | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау . Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Өрт дабылы немесе локдаун болған жағдайда кабинеттегі оқушылардың әрекетіне басшылық жасау Сабақты бекіту кезеңінің «көз жаттығуын» жасатамын. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?