Жазықтықтардың параллельдігі мен перпендикулярлығы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2А бөлім: Кеңістіктегі перпендикулярлық | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жазықтықтардың параллельдігі мен перпендикулярлығы. | |||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді бекіту сабағы. | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.3.3 - жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу. | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Жазықтықтар арасындағы бұрышты кескіндей алады және оның шамасын табады. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | 1) жазықтықтар арасындағы бұрышты сызбада кескіндей алады; 2) жазықтықтар арасындағы бұрыштың шамасын таба алады. | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: ортогональ проекция, екіжақты бұрыш, екі жақты бұрыштың сызықты бұрышы, жақ, екі жақты бұрыштың қыры. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: екі жазықтық перпендикуляр деп аталады, егер ... , екі айқас түзулердің арасындағы арақашықтық деп ... , екі айқас түзулердің арасындағы бұрышты табу үшін ... , түзу мен жазықтық арасындағы, бұрышты табу үшін ... , екіжақты бұрыш деп ... фигураны айтамыз. Сөздік: Екіжақты бұрыш – Двугранный угол – Dihedral angle | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өмірдің барлық саласы. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Планиметрия аксиомалары, түзулердің жазықтықта өзара орналасуы, жазықтықтағы қашықтық, көпбұрыштардың аудандары. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы Ұ және М 7 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Өтілген тақырып бойынша ұжымға тапсырма беру, тапсырманы орындату арқылы дәлелдеу дағдысын дамыту: DABC тетраэдрінің барлық қырлары өзара тең, M нүктесі – АС қырының ортасында орналасқан. DMB бұрышы- BACD екі жақты бұрышының сызықтық бұрышы екендігін дәлелдеңіз. Шешуі. BM және DM медианалары сәйкесінше ABC және ADC үшбұрыштарының биіктіктері болып табылады. Сондықтан, BMAC және DMAC, демек ∠DMB тетраэдрдің АС қырындағы екі жақты бұрыштың сызықты бұрышы болады. 3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | 1-3 слайдтар № 1 Дидактика-лық материал Математика пәні бойынша оқу жоспары 10 сынып | ||||||||||||
Сабақтың ортасы Ұ 5 минут Ж 15 минут Ө 8 минут | Қолдану. Сабақта сыни ойлаудың күрделендіру қағидасы басымдық табады. 1. https://www.youtube.com/watch?v=FzbN6Zaww6E сайтынан 5 тапсырманы жеке орындап, талқылау жасаймыз. 2. Оқушыларды деңгейіне қарай қабілетті оқушымен деңгейі төмендеу оқушыны жұптарға біріктіремін. Бір-біріне ықпал ету рақылы тапсырманы орындайды. Дайын сызбалар бойынша есептер шығаруды ұсынамын.
3. Жеке тапсырмада деңгейі жоғары оқушыларға бөлек тапсырма ұсынамын. I деңгейлі тапсырма: II деңгейлі тапсырма: CD түзуі ADB жазықтығына перпендикуляр. . ACB және ADC жазықтықтарының арасындағы бұрышты табыңыздар. | https://www.youtube.com/watch?v=FzbN6Zaww6E 7 минут-8 минут арасы
№ 2 Дидактика-лық материал Е.М.Рабинович. Геометрия 10-11, Москва-Харьков, 2006, 30 б. № 3 Дидактика-лық материал Е.М.Рабинович. Геометрия 10-11, Москва-Харьков, 2006, 30 б. | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | 1. Тақырыпты қорытындылау кезеңінде сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында INSERT техникасын қолданамын.
2. Бағалау. Жеке жұмыс бағалау критерийлері негізінде мұғалім тарапынан бағаланады. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: оқулықтан 5-тапсырма: Дұрыс тетраэдрдың кез келген қабырғалары арасындағы екі жақты бұрыштың шамамен алғандағы өлшемін есептеңіз. | № 4 Дидактика-лық материал | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, идеяларын ортаға салатындығына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына сынып оқушыларның сенімді болуы жоспарланған. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында INSERT техникасын қолданамын. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?