file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Unit/ Раздел/бөлім : 10.3С бөлім: Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы

School/школа/мектеп: NIS of Chemistry and Biology, Atyrau.

Date/ дата/өтетің күні :

Teacher’s name/Ф.И.О учителя/ мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Grade/класс/сынып:

10

Number present/ кол-во присутствующих/ қатысқын оқушылардын тізімі/ количество присутствующих учеников

Absent/ отсутствующие/ сабаққа қатыспаған:

Theme of the lesson/тема урока/сабақ тақырыбы: Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы.

Learning objectives(s) that this lesson is contributing to/ цели обучения/ оқу мақсатттары

10.3.2.12 Кеңістіктегі перпендикуляр түзулердің анықтамасын және қасиеттерін біледі, есептер шешуде қолданады;

10.3.2.13 Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасын, белгісін және қасиеттерін біледі, есептер шығаруда қолданады;

 Lesson objectives/ цели урока/ Сабақтың мақсаттары

SWBAT/ ожидаемые результаты/ күтілетің нәтижелер

- Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасын, белгісін және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу.

- Түзу мен жазықтық, жазықтықтар арасындағы бұрыштарды есептейді;

Language objectives/ языковые цели/ тіл мақсаттары

Оқушылар:

- Түзу мен жазықтық, жазықтықтар арасындағы бұрышты табуды түсіндіреді;

- Кеңістіктегі арақашықтықтар туралы пайымдайды;

- Кеңістіктегі арақашықтық туралы өз ойын білдіреді;

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Түзу

Прямые

straight

Жазықтық

Плоскость

plane

Перпендикуляр

Перпендикуляр

Perpendicular

Айқас түзулер

Скрещивающие прямые

Crossing lines

Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы

Перпендикулярность прямой и плоскости

Perpendicularity of a line and a plane

Value links, global citizenship/ ценности, глобальное гражданство/ Құндылықтар, жаһандық азаматтық

Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, жұптық жұмыс арқылы жүзеге асады. Пікірталас, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер жүргізіледі.

Cross curricular links/ межпредметные связи/ пәнаралық байланыс

Қолданбалы математика

Digital Citizenship and ICT skills/цифровая грамотность и ИКТ навыки/ Цифрлық сауаттылық пен АКТ дағдылары

Сабақта алынған кез-келген ақпарат Интернет-ресурстармен және электронды кітаптармен және оқулықтармен расталады. PowerPoint пен жұмыс жасау.

Previous learning/ Предыдущее обучение/Алдыңғы оқу

Стереометрияның аксиомаларын біледі. Түзулердің, түзу мен жазықтықтың және кеңістіктегі жазықтықтардың параллель белгілерін біледі. Стереометриялық сызбаларды орындай алады, көпжақтардың қимасын сала алады.

Assessment criteria/ критерий оценивания/ Бағалау критерийлері

Descriptors/дескрипторы/ Дескрипторлар

Оқушылар:

- Кеңістіктегі перпендикуляр түзулердің анықтамасын біледі.

- Кеңістіктегі перпендикуляр түзулердің қасиеттерін біледі.

- Кеңістіктегі перпендикуляр түзулердің анықтамасын және қасиеттерін біледі, есептер шешуде қолданады.

- Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасы біледі.

- Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының қасиеттерін біледі.

- Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасын, белгісін және қасиеттерін біледі, есептер шығаруда қолданады.

Plan/план/жоспар

Planned timings/ Жоспарланған мерзімдер/ Запланированные сроки

Teacher activity/Деятельность учителя/ Мұғалімнің іс-әрекеті

Learner activity/Деятельность ученика/ Оқушының іс-әрекеті

Differentiation / дифференциация/ саралап оқыту

Resources/ресурсы/ ресурстар

Introduction/введение/кіріспе

5 мин

1. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар.

«Ой қозғау»

1. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Слайд 1

Main part/основная часть/ негізгі бөлім

3 мин

2 мин

2 мин

3 мин

3 мин

3 мин

5 мин

5 мин

5 мин

7 мин

15 мин

12 мин

7 мин

1. Тілдік сөздікті үш тілде ұсыну

Сынып бөлмесіне және кубтың моделінде сүйене отырып осы ұғымдарды қарастырыңыз, оларды сызбада бейнелеңіз.

2. Оқушылармен бірге анықтаманың тұжырымдауын талдаңыз.

3. Оқу мақсатын ашу үшін оқушыларға дайын сызбаларда перпендикуляр түзулерді табуды ұсыныңыз.

Мысалы, тікбұрышты параллелепипед немесе куб үлгісін қарастыруға болады.

4. Осыдан кейін екі параллель түзудің үшінші түзуге перпендикулярлық қасиетін ұсыныңыз.

5. Оқушыларға кубтың моделін қолданып, перпендикуляр түзулер мен жазықтықтарды көрсетіңіз. «Неліктен осы көрсетілген түзулер мен жазықтықтар перпендикуляр деп ойлайсыз?» деген сұрақ қойыңыз. Жауаптарын негіздеуді сұраңыз.

6. Параллель түзулер мен олардың жазықтыққа перпендикулярлығының арасындағы байланысын беретің теоремаларды қарастырыңыз.

7. Оқушыларға келесі есепті модельдеуге және шешуге ұсыныңыз.

Сіз катамарандағы діңгекті орнататын команданың мүшесісіз. Егер діңгек дұрыс орнатылған болсы, онда ол батуттың палубасына перпендикуляр болады. Діңгек палубаға перпендикуляр болғанын қалай тексеруге болады? Қорытынды жасаңыз.

Талқылаудан кейін түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасын енгізіңіз.

8. Оқушыларға үстелге бірнеше қалам қойып, содан кейін қарындашты бір қаламға перпендикуляр етіп орналастыруын ұсыныңыз. Кеңістікте қарындашты, барлық қаламдарға перпендикуляр болатындай, жылжытуды ұсыныңыз.

Сұрақ: Қарындашпен үстел бетінің өзара орналасуы туралы не айтуға болады?

9. Тәжірибе: Енді екі қарындаш пен үстел бетін қарастырайық. Бір қарындашты үстелдің бетіне перпендикуляр, ал екінші қарындаш бірінші қарындашқа параллель етіп орналастырыңыз. «Егер екі параллель түзудің біреуі жазықтыққа перпендикуляр болса, онда екінші түзу мен жазықтықтың орналасу туралы не айтуға болады?» деп сұраңыз.

10. Оқушыларға оқу мақсатын меңгеру мақсатында есептер ұсыну.

11. Оқушыларды топтарға біріктіріп, келесі тапсырмаларды ұсыныңыз. Кейін өзара тексеруді орындасын.

12. Оқушыларды жұпқа бөле отырып, тапсырмаларды ұсыну.

13. Оқу мақсатын меңгеруге жеке тапсырмалар ұсыну және дайын жауаппен тексеру.

1. Тілдік сөздерді үш тілде айтады.

Оқушылар сынып бөлмесіне және кубтың моделінде сүйене отырып осы ұғымдарды қарастырады.

2. Оқушылар тұжырымдаған анықтаманы жазып алады.

3. Оқушылар сызбадан перпендикуляр түзулерді табады.

4. Оқушылар екі параллель түзудің үшінші түзуге перпендикулярлық қасиетін түсінуге тырысады.

5. Оқушылар қойылған сұрақтардың жауабын негіздейді.

6. Параллель түзулер мен олардың жазықтыққа перпендикулярлығының арасындағы байланысын беретің теоремаларды қарастырады.

7. Оқушылар есепті модельдеуге және шешуге тырысады.

8. Оқушылар қойылған сұрақтардың жауабын негіздейді.

9. Оқушылар өз беттерімен тәжірибе жасап, қорытынды жасайды.

10. Оқушылар тапсырмаларды тақтада және орындарында орындайды

11. Оқушылар топқа бөліне отырып есептерді талдайды және топтар өзара тексереді, бағалайды.

12. Оқушылар жұпта орындай отырып, бірін-бірі тексеріп бағалайды.

13. Оқушылар жеке орындай отырып, өзін-өзі тексеріп бағалайды.

Жеке жұмыста дифференциалданған тапсырма беру

Слайд 2-7

Слайд 8-10

Слайд 11-18

Слайд 19-21

Слайд 22-23

Слайд 24

Слайд 25

Conclusion/ завершение/ аяқталу:

3 мин

Кері байланыс:

Не білдім, нені үйрендім?

Не түсініксіз ?

Немен жұмыс жасау қажет?

Үйге тапсырма беру.

№7.13 - 91 бет. Оқулық бойынша.

Оқушылардын кері байланыс алу.

Слайд 26

Additional information/ дополнительная информация/қосымша ақпарат

Differentiation – how do you plan to give more support? How do you plan to challenge the more able Ss?/ Саралап оқыту – сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларды қалай сынауды жоспарлайсыз?/ Дифференциация – как вы планируете оказывать дополнительную поддержку? Как вы планируете бросить вызов более способным ученикам?

Assessment – how are you planning to check learners’ learning?/ Оценивание – как вы планируете проверять обучение учащихся?/ Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Health and safety check/ Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру/ Проверка здоровья и безопасности

Жеке өздік жұмыс үшін түрлі деңгейдегі тапсырмаларды таңдау дифференциацияны қамтамасыз етеді

Оқушыларды сұрақтарға дұрыс жауап берген және орындарынан тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау, топта, жұпта және жеке жұмыстарда өзара бірін-бірі, өзін-өзі бағалау.

Іс әрекеттің өзгеруін ұйымдастыру және оқушылардың әр қызмет түр үшін уақытты ұтымды бөлу. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес есептерді таңдау.

Reflection

Were the lesson objectives/learning objectives realistic? Did all learners achieve the LO?

If not, why?

Did my planned differentiation work well?

Did I stick to timings?

What changes did I make from my plan and why?

Рефлексия

Были ли цели урока/задачи обучения реалистичными? Все ли учащиеся достигли целей урока? Если нет, то почему?

Хорошо ли сработала моя запланированная дифференциация?

придерживался ли я тайм менеджмента?

Какие изменения я внес в свой план и почему?/

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар сабақ мақстаттарына қол жеткізді ме? Егер жоқ болса, неге?

Менің жоспарланған саралауым жақсы жұмыс істеді ме?

Мен уақытты ұстандым ба?

Мен өз жоспарымнан қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Summary evaluation

What two things went really well (consider both teaching and learning)?

1:

2:

What two things would have improved the lesson (consider both teaching and learning)?

1:

2:

What have I learned from this lesson about the class or achievements/difficulties of individuals that will inform my next lesson?

Жиынтық бағалау

Қандай екі нәрсе жақсы өтті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Осы сабақтан мен сынып немесе жеке тұлғалардың жетістіктері/қиындықтары туралы келесі сабағыма әсер ететін не білдім?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу