Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш. | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2 Кеңістіктегі екі түзудің арасындағы бұрыштың анықтамасын біледі. | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларда кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрышты анықтау дағдысын қалыптастыру. | ||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: айқас түзулер, параллель түзулер, қиылысушы түзулер, проекция. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: пайда болған бұрыштардың кішісі, параллель көшіру. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бірін-бірі оқыту, бірін бірі бағалау арқылы ұжымдылық, шыдамдылық, әділдікке тәрбиелеу. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын тілі. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурстарын, интербелсенді тақтаны қолдану. | ||||||||
Бастапқы білім | Жазықтықтағы түзулердің өзара орналасуы; жазықтықтағы екі түзу арасындағы бұрышты анықтау, параллель көшіру. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 3 мин | 1.Амандасу. 2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, жетістік критерийлерін қою. 3.Үй жұмысын тексеру. | ||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 10 мин 15 мин | 4. Алғашқы білімдерін тексеру. Оқушылардың «түзулердің өзара орналасуы» бойынша білімдерін тексеру(ауызша). 1)«Егер екі түзудің ортақ нүктесі болмаса, олар параллель болады» деген тұжырым дұрыс па?? 2)Екі түзу кейбір жазықтыққа параллель. Онда олар а) қиылысуы мүмкін бе? б) айқаса ма? 3) а және b айқас түзулері с түзуіне параллель болуы мүмкін бе? 4) а және b айқас түзулер берілген. А және А1 нүктелері а түзуінде жатады, В және В1 нүктелері b түзуінде жатады. АВ және А1В1 түзулері қалай орналасады. 5) а түзуі b түзуімен айқасады, b түзуі с түзуімен айқасады. Осыдан а және с - айқас түзулер болады деген қорытынды шығаруға бола ма? 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқушылар ойларын айтады: -қиылысады -параллель -айқас.
1) Кеңістікте екі қиылысушы түзулер арасындағы бұрыш деп, осы түзулер арқылы жасалған бұрыштардың кішісін айтады. 2) Айқас түзулер арасындағы бұрыш деп осы айқас түзулерге параллель қиылысатын түзулер арасындағы бұрышты айтады. 3) Параллель түзулер арасындағы бұрыш нольге тең.
5. Алғашқы бекіту (Минитақтамен жұмыс). Өзін-өзі бағалауға және мұғалімнің бағалауына арналған жұмыс. Тақтадағы есеп шыққаннан кейін мұғалімнің командасымен бір мезгілде жауаптарын көрсетеді. Тақтамен тексереді, параққа (+,- )таңбаларын қойып отырады. Уақыт аяқталғаннан кейін әр оқушы дұрыс жауаптар санын айтады. Мұғалім көп қате кеткен есепті тақтада түсіндіреді. 6. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін тексеру.(Топпен жұмыс.) Эстафета. Бірін-бірі және мұғалімнің бағалауына арналған жұмыс. Минитақтамен жеке жұмыста жақсы нәтиже көрсеткен 2-3 оқушы топ басшысы болып тағайындалады. Сынып оқушылар санына байланысты 2-3 топқа бөлінеді. Әр топқа дайын сызбалармен есептер беріледі. Сынып топпен талдап шығарып, жауаптарын кезекпе-кезек тақтада көрсетеді. Мұғалім түзулер арасындағы бұрыштардың дұрыс анықталуын қадағалайды. Әр оқушыны жеке бағалайды. Жауаптары: | Презентация Презентация 9-13 слайдтар Қосымша 1 Геометрия. Задачи на чертежах. 10-11кл._Балаян_2013 -217с | |||||||
Сабақтың соңы 2 мин | 7. Үй тапсырмасын беру. 8. Рефлексия. Әр оқушының мүмкіндігіне байланысты, сұрақтарға бір сөйлеммен жауап беруін сұраңыз. Өз тарапыңыздан 2-3 сөйлем қосыңыз. | Қосымша 2 | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?