Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы. Кеңістіктегі ара қашықтық, түзулердің арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3. Кеңістіктегі түзу мен жазықтық

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы

Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы. Кеңістіктегі ара қашықтық, түзулердің арасындағы бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясының анықтамасын біледі;

кеңістіктегі нүкте мен жазықтық, екі айқас түзулер арасындағы қашықтықты есептейді

кеңістікте түзулер арасындағы бұрыштың анықтамасын біледі

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының анықтамасын біледі;

перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы арасындағы байланысты нақтылап, есеп шығару барысында қолданады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар осы мақсатқа жетеді, егер

- Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының анықтамасын білсе;

- Перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы арасындағы байланысты есеп шығару барысында қолдана алса.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

– берілген тараудағы математикалық терминологияларды біледі;

– Перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы;

Берілген терминдерді қолданады:

– Нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, перпендикуляр түзу, көлбеу, проекция

Сабақтың түрі

Жаңа білімді бекіту.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік. Құрмет.

Бастапқы білім

Түзулердің өзара орналасуы, жазықтықтағы перпендикуляр мен көлбеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(5-минут)

Ұйымдастыру кезеңі(5 мин)

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Алдыңғы жоспардағы үй жұмысын тексеру.

Сабақтың сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау, тұжырымдау және жазу

Оқушылардан алдыңғы сабақтың мақсатын сұрау.

Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Перпендикуляр және көлбеу, көлбеу проекциясы».Сабақтың мақсаты: кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының анықтамасын білу;

перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы арасындағы байланысты нақтылап, есеп шығару барысында қолдану;

Жаңа білімді бекіту

(30-минут)

Тақырып бойынша тесттер орындау(20-минут)

https://bilimland.kz/kk/courses/math_kz/geometriya/stereometriya/kengistiktegi_perpendikulyarlyq/lesson/perpendikulyar-zhane-kolbeu

https://bilimland.kz/kk/courses/math_kz/geometriya/stereometriya/kengistiktegi_perpendikulyarlyq/lesson/tuzuler-men-zhazyqtyqtardyng-araqashyqtyhy

Оқушылар өз бетінше сілтеме бойынша бес тесттік (5-ші бет) тапсырманы орындайды.

Тапсырма дайын сызбалар бойынша орындалады. Тесттерге жауап беру арқылы дұрыс жауап тақтадан бірден көрсетіледі. Оқушылар өзін-өзі бағалайды

Тесттен соң тақырыптарды қорытындылайтын тапсырмалар орныдалады (15 минут).

Жұптық жұмыс тапсырмалары:

1. Тік бұрышты АВС үшбұрышының сүйір бұрыштарындағы А және В төбелерінен үшбұрыш жазықтықтарына АА1 және ВВ1 перпендикулярлар жүргізілген.С төбеден А1В1 кесіндісінің ортасына дейінгі қашықтықты табыңыз. Мұндағы . А1В1 үшбұрыш жазықтығын қимайды.

2. АВСDA1B1C1D1 бірлік кубында М нүктесі CD –ның ортасы, N нүктесі -дің ортасы. AN мен BM түзулерінің ара қашықтығын табыңыз.

3. АВСD ромб берілген. <ВАD бұрышы – сүйір бұрыш. А нүктесі арқылы ромб жазықтығына перпендикуляр түзу жүргізілген. Е нүктесі сол түзудің бойында орналасқан. Ромбтың бір диагоналі және қабырғаларының үзындығы 6. Е нүктесінен ромб жазықтығына дейінгі қашықтық .

i) Е нүктесінен ромбтың В және С төбелеріне дейінгі қашықтықты табыңыз.

ii) Е нүктесінен BC түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз.

iii) AD және EB түзулері арасындағы қашықтық тең екенін көрсетіңіз.

4. Жазықтық AB кесіндісін А нүктесінен бастап есептегенде 5:11 қатынасында қияды. Кесіндінің ортасынан жазықтыққа дейінгі қашықтық 9-ға тең. B нүктесінен осы жазықтыққа дейінгі қашықтықты табыңыз.

Жұмысты орындау барысында мұғалім бақылау жүргізіп отырады, сұрақтар туындағанда оқушыларға көмек көрсетеді. Соңында 3-ші тапсырма тақтада талданады

Сабақтың соңы

5-минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1.Нені үйрендім?

2.Нені білгім келеді?

3.Нені түсінбедім?

Үйге тапсырма: теорияны қайталау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жұппен және жеке жұмыс жасайды.

Топтық жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Топпен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау.

Топтар бір-бірін бағалайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу