Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш. Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Оқушыларға жұппен перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясынын жазықтықтағы анықтамаларын еске түсіртіңіз. Сонымен қатар оларды кеңістікте қарастырып, анықтамаларын тұжырымдаңыз және суретін салуды ұсыныңыз.
Оқушыларға қоршаған ортадан перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясын көрсететін мысалдарды келтіруді ұсыныңыз.
Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясының планметриядағы қасиеттеріне сәйкес кеңістіктегі қасиеттерін тұжырымдауды ұсыныңыз.
Оқушыларды жұптастырыңыз және практикалық тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз:
1. Жаңа жыл қарсаңында Арман өзінің бөлмесін ұзындығы тең емес екі шам тізбегімен безендіруді шешті. Ол әрбір шам тізбегінің ұшын бөлменің бұрышына 2 метр биіктікте бекітіліп, әр қабырғаға 30 ° және 45 ° бұрышпен еденге созылды. Бұл шам тізбектерінің ұзындықтарын анықтаңыз? (Жауабы: 4м және м)
2. Теледидар антеннасын тіреу үшін үш болат кабель қолданылды. Әрбір кабельдің бір жағы антеннаның тірек полюсіне бекітілді, ал екінші ұшы жерге бекітілген. Бекіткіштердің арасындағы қашықтық 4 м-ге тең. Егер кез-келген екі кабельдің арасындағы бұрыш 60 ° болса, атненнаның тірек полюсінің биіктігін анықтаңыз. Жауапты жүздік бөлшекке дейін жуықтаңыз. (Жауабы:
- Бұхарбековтер отбасы Бурабайдағы лагерьге келді. Оларға 4м × 3м платформада екі жақты шатырды (суретке қараңыз) орнату ұсынылды. Сонымен бірге шатырдың бір жартысының өлшемдері 4 м және 2 м, ал қабырғаның биіктігі 1 м болады?
Келесі өлшемдерді анықтаңыз:
а) шатырдың биіктігін. Жауапты жүздік бөлшекке дейін жуықтаңыз. ( Жауабы:
б) шатыр төбесінің иілу бұрышы косинусын (Жауабы: )
Содан кейін практикалық тапсырма ұсыныңыз, мысалы:
- Машинаға арналған тұрақ белгілі бір пішінде жасалған (келесі сүретке қараңыз). Суретте көрсетілген мәліметтерге сүйеніп тұрақ шатырының үстінгі бөлшектерінің арасындағы бұрышты табыңыз (Жауабы: 120 )
Егер ұзындығы 65м экскалатор (жылжымалы баспалдақ) горизонт жазықтықпен 420 бұрыш жасайтын болса, онда метростанция қанша тереңдікте орналасқан?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?