Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді

жоспар Тексерілді:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3С бөлім: Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.3.1

түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын біледі, оның шамасын таба алады;

10.3.3.2 жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын біледі, оның шамасын таба алады;

Сабақ мақсаттары

Кеңістіктегі түзу мен жазықтық арасындағы, жазықтықтар арасындағы бұрыштың анықтамасын және қасиеттерін біледі, есептер шешуде қолданады;

Бағалау критерийлері

  • Кеңістіктегі перпендикуляр түзулердің анықтамасын және қасиеттерін есептер шешуде қолданады;
  • түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын біледі;
  • оның шамасын таба алады;
  • жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын біледі, оның сызықтық бұрышының шамасын таба алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- Түзу мен жазықтық, жазықтықтар арасындағы бұрышты табуды түсіндіреді;

- кеңістіктегі арақашықтықтар туралы пайымдайды;

- кеңістіктегі арақашықтықты табуға түсініктеме береді;

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • Көлбеу және перпендикуляр;
  • үш перпендикуляр туралы теорема;
  • екі жақты бұрыш;
  • екі жақты бұрыштың сызықтық бұрышы;
  • екі жақты бұрыштың қыры.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- Кеңістіктегі нүкте мен жазықтықтың арақашықтығы деп ... аталады;

- ... жүргізілген перпендикулярдың ұзындығы;

- егер екі параллель түзудің біреуі жазықтыққа перпендикуляр болса, онда ...;

- егер екі түзу жазықтықа перпендикуляр болса, онда ...;

- жазықтықта көлбеудің табаны арқылы оның проекциясына перпендикуляр жүргізілген түзу

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық: бұл сабақ барысында оқушылар қолданбалы есептер арқылы жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, материалды меңгеруде өздігінен оқуға үйренеді, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік алады.

Патриотизм және азаматтық жауапкершілік: Ұлт мақтанышы Абай Қ. нақыл сөздерін дәріптеу.

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі, қазақ тілі әдебиеті, сызу

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint «Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш.»

Plickers

Таратпа материалдар

Бастапқы білім

Стереометрияның аксиомаларын біледі. Түзулердің, түзу мен жазықтықтың және кеңістіктегі жазықтықтардың параллель белгілерін біледі. Стереометриялық сызбаларды орындай алады, көпжақтардың қимасын сала алады

Саралау

Барлық оқушы

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрышты анықтай алады.

Кейбір оқушы

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш қасиеттерін қолданып табады.

Таңдаулы оқушылар

Қолданбалы бағыттағы есептерді түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш пен екіжақты бұрышты тиімді жолмен таба алады.

Кәсіби даму тақырыбым

Оқушыларының өздігінен білім алу дағдыларын сараланған тапсырмалар арқылы жүзеге асыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақ ресурстары

Сабақтың басы

3 минут

Сабақтың тақырыбын анықтау

Сабақтың мақсатынмен таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру

Слайд

Сабақтың ортасы

2 минут

Сұрақ жауап

Мақсаты: Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын қайталау;

Бағалау: «+;-» әдісі

Слайд

5 минут

Егер ісім өнсін десең — ретін тап. Автор: Абай Құнанбаев

«Сиқырлы ұяшық»

Мақсаты: Сызба бойынша түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрышты анықтауды меңгерту;

Әр оқушы өз жауабын дәптерге жазып отырады. Тақтада көрсетілген жауаппен тексереді.

Бағалау: тест, бір есеп бір ұпайға бағаланады.

Слайд

10 минут

Жұптық жұмыс

«... білмек үшін үйренбек керек.» Автор: Абай Құнанбаев

Мақсаты: Сараланған тапсырмалар арқылы түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш пен екіжақты бұрышты табуға дағдыландыру;

Жасырын саралау әдісі арқылы оқушылар (стикер арқылы) жұпқа бірігеді, жұптың бірі тақтада, бірі орнында отырып есепті шығарады.

  • Егер ұзындығы 62 м экскалатор (жылжымалы баспалдақ) горизонт жазықтықпен 450 бұрыш жасайтын болса, онда метростанция қанша тереңдікте орналасқан?

Балл қою кестесі

Екіжақты бұрышты белгілей алады

В1

Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың қасиетін арқылы пифогор теоремасын қолданады

М1

Дұрыс жауабын табады

А1

  • Екіжақты бұрыш 450-қа тең. Оның бір жағында жатқан D нүктесі қырынан 12 см қашықтықта орналасқан. D нүктесінен екінші жағына дейінгі қашықтықты анықтаңдар.

Балл қою кестесі

Екіжақты бұрышты көрсетіп, сызбаны дұрыс салады

В1

Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың қасиетін арқылы пифогор теоремасын қолданады

М1

Дұрыс жауабын табады

А1

  • АВ кесінді жазықтықты 450 жасап қиып өтті. Оның ұштары жазықтықтан 5м, 7м қашықтықта жатыр. АВ кесіндісінің ұзындығын тап.

Балл қою кестесі

Екіжақты бұрышты көрсетіп, сызбаны дұрыс салады

В1

Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың қасиетін арқылы пифогор теоремасын қолданады

М1

Дұрыс жауабын табады

А1

  • Машинаға арналған тұрақ белгілі бір пішінде жасалған (келесі сүретке қараңыз). Суретте көрсетілген мәліметтерге сүйеніп тұрақ шатырларының арасындағы бұрышты табыңыз.

Балл қою кестесі

30 градусқа қарсы жатқан катеттің қасиетін қолданады

М1

Теңбүйірлі үшбұрыш қасиетін пайдаланады

В1

Дұрыс жауабын табады 120

А1

Балл қою кестесі

ВДС ұшбұрыштың теңқабырғалы екенін анықтайды

М1

Теңқабырғалы үшбұрыштың биіктігін табады

В1

Пифагор теоремасы бойынша дұрыс жауабын табады

А1

Бағалау: Жауабын марк схеме арқылы бірін-бірі жұппен тексеріп, бағалайды. Мұғалімнің бағалауы.

Таратпа материал

13 минут

Топтық жұмыс

Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.

Автор: Абай Құнанбаев

Мақсаты: Перпендикляр түзу мен жазықтықтың қасиеттерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Стикердің түсі арқылы топқа жинақталады. Әрбір топқа қолданбалы сипаттағы есептер беріледі. Шешу жолын өзара топ алдында қорғайды.

1 топ

Жаңа жыл қарсаңында Арман өзінің бөлмесін ұзындығы тең емес екі шам тізбегімен безендіруді шешті. Ол әрбір шам тізбегінің ұшын бөлменің бұрышына 2 метр биіктікте бекітіліп, әр қабырғаға 30 ° және 45 ° бұрышпен еденге созылды. Бұл шам тізбектерінің ұзындықтарын анықтаңыз? Жауапта дәл мәнін ұсыныңыз.

Бағалау критерийі

  • Есеп шартына сәйкес сызба дұрыс салынды;
  • Түзу мен жазықтық арсындағы бұрышты көре алды.
  • Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың қасиетін дұрыс қолданды.
  • 45 градусқа көлбеген шам тізбегінің ұзындығын м дұрыс тапты.
  • З0 градусқа көлбеген шам тізбегінің ұзындығын 4м дұрыс тапты.

2 топ

Теледидар антеннасын тіреу үшін 3 болат кабель қолданылды. Әрбір кабельдің бір жағы антеннаның тірек полюсіне бекітілді, ал екінші ұшы жерге бекітілген. Бекіткіштердің арасындағы қашықтық 4 м-ге тең. Егер әрбір екі кабельдің арасындағы бұрыш 60 ° болса, атненнаның тірек полюсінің биіктігін анықтаңыз. Жауапты үш мәнді санға дейін жуықтаңыз.

Бағалау критерийі

  • Есеп шартына сәйкес сызба дұрыс салынды;
  • Көлбеулердің ұзындықтары бірдей екенін анықтайды.
  • Теңқабырғалы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын м дұрыс табады.
  • Көдеулердің арасындағы бұрыш 60градус болғандықтан теңқабырғалы ұшбұрыш болатынын анықтайды, яғни көлбеу 4 м.
  • Пифогор теоремасы бойынша антеннаның биіктігін дұрыс анықтайды.

3 топ

Бұхарбековтер отбасы Бурабайдағы лагерьге келді. Оларға 4м × 3м платформада екі жақты шатырды (суретке қараңыз) орнату ұсынылды. Сонымен бірге шатырдың бір жартысының өлшемдері 4 м және 2 м, ал қабырғаның биіктігі 1 м болады?

Келесі өлшемдерді анықтаңыз:

а) Құрылған шатырдың биіктігін. Жауапты үш мәнді санға дейін жуықтаңыз.

б) шатыр төбесінің иілу бұрышы косинусын

Бағалау критерийі

  • Шатырдың биіктігі оның әрі биіктігі болатынын біледі 1,5м;
  • Пифагор теоремасы бойынша шатыр төбесінің биіктігін дұрыс табады .
  • Шатырдың биіктігін дұрыс табады .
  • Иілу бұрышын дұрыс анықтайды.
  • Косинустың анықтамасын қолданып, дұрыс жауабын м көрсетеді.

Бағалау: Критерий арқылы бірін-бірі топтық бағалау.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Таратпа материал

5 минут

Жеке жұмыс

Мақсаты: WEВ ресурстарды қолдана отырып, оқушылардың сабақ бойынша білімдерін қорытындылау;

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.

Автор: Абай Құнанбаев

Рlickers

Таратпа материал

Сабақтың соңы

2 минут

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Автор: Абай Құнанбаев

Рефлексия

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

саралау-күрделендіру (жеке тапсырмалар беру арқылы)

Критерий бойынша өзара бағалау, өзін өзі бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу