Жазықтыққа перпендикуляр түзү. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2А кеңістіктегі перпендикулярлық | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жазықтыққа перпендикуляр түзү | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.2.7 жазықтыққа перпендикуляр түзүдін анықтамасын, атрибутын және қасиеттерін білу, оларды жаттығуда қолдану. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | - жазықтыққа перпендикуляр түзүдін анықтамасын, атрибутын және қасиеттерін білу, оларды жаттығуда қолдану. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | - жазықтыққа перпендикуляр түзүдін анықтамасын, атрибутын және қасиеттерін біледі; - жазықтыққа перпендикуляр түзүдін анықтамасын, атрибутын және қасиеттерін қолданады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология - дәлелдер барысын сипаттау; - жазықтыққа перпендикуляр түзүдін анықтамасын, атрибутын және қасиеттерін қолдану. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - жазықтыққа түскен түзү; перпендикуляр қасиеттерін қолдана тұрып ...; түзү мен жазықтық бір-біріне перпендикуляр болғаныда ... | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, архитектура | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаменен презентация және білімлэнд сайтын қолдану | ||||||||||
Бастапқы білім | Кеңістіктегі сызықтар арасындағы бұрышты анықтау; Перпендикуляр түзүлердің анықтамалары және қасиеттері. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. 2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | ||||||||||
Сабақтың ортасы Б 12 минут Ж 18 минут ЖЖ 5 минут | Сабақ мақсаты: жазықтыққа перпендикуляр түзүдін анықтамасын, атрибутын және қасиеттерін білу, оларды жаттығуда қолдану. 1. Білу және түсіну Сайттағы видео: https://bilimland.kz/ru/home#lesson=11833 Кубтың төбелері арқылы өтетін және оның ABCD жазықтығына перпендикуляр емес түзулерді көрсетіңіз. 1) k 2) l 3) m 4) n 5) o Жазықтыққа перпендикуляр түзу. l түзуі P жазықтығына перпендикуляр болады, егер осы түзу осы жазықтықтағы кез келген түзуге перпендикуляр болса. Анықтама. Егер түзу жазықтықта жататын кез-келген түзуге перпендикуляр болса, онда ол осы жазықтыққа перпендикуляр деп айтылады. Перпендикулярлықты белгілеу үшін «⊥» түріндегі белгі қолданылады. Яғни, егер түзу γ жазықтығына перпендикуляр болса, онда қысқаша түрде c⊥γ деп жазуға болады. Жазықтыққа перпендикуляр түзуге мысал ретінде бөлменің екі іргелес қабырғасы қиылысатын түзуді келтіруге болады. Бұл түзу жазықтыққа және үй төбесінің жазықтығына перпендикуляр. Спорт залындағы арқанды еден жазықтығына перпендикуляр түзудің кесіндісі ретінде қарастыруға болады. Теорема 1. Берілген түзу мен жазықтық перпендикуляр болуы үшін түзудің осы жазықтықта жатқан қиылысқан екі түзуге перпендикуляр болуы жеткілікті. Теореманың дәлелі: ____________________ Теорема 2. Егер екі паралель түзудің біреуі жазықтыққа перпендикуляр болса, онда екіншісі де жазықтыққа перпендикуляр болып табылады. Теореманың дәлелі: ____________________ Ескертулер: - Жазықтықтың кез-келген нүктесі арқылы берілген түзуге перпендикуляр, оған қоса тек бір ғана, жазықтық өтеді. - Жазықтықтың кез-келген нүктесі арқылы берілген жазықтыққа перпендикуляр, оған қоса тек бір ғана, түзу өтеді. - Егер екі жазықтық түзуге перпендикуляр болса, онда олар паралель. 3. Қолдану A, M, O нүктелері α жазықтығына перпендикуляр түзуде жатыр, ал O,B,C және Dнүктелері α жазықтығында жатыр. Келесі бұрыштардың қайсысы тік болып табылады: ∠AOB ∠MOC ∠DAM ∠DOA ∠BMO | https://bilimland.kz/ru/home#lesson=11833 Ә.Н.Шыныбеков, Геометрия-10кл. Алматы, 2014 | |||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 5 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: жазықтыққа перпендикуляр түзүдін анықтамасын, атрибутын және қасиеттерін жаттау, оларды жаттығуда қолдану. | Ә.Н.Шыныбеков, Геометрия-10кл. Алматы, 2014 | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?