10 сыныптағы геометрия қайталау. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Қызылорда қаласындағы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | 10 сыныптағы геометрия қайталау | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10 сыныптағы геометрия курсының теориялық материалдарын қайталау және осы курс бойынша есеп шығару. | |||||||
Сабақ мақсаттары | 10 сыныптағы геометрия курсының теориялық материалдарын қайталау және осы курс бойынша есеп шығару біліктіліктерін бекіту. | |||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы мақсатқа жетті, егер:
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: 10 сыныптардағы геометрия курсының теориялық материалын қайталайды және талқылайды. Пәнге тән лексика мен терминология: Оқушылар математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, кеңістіктегі фигуралардың өзара орналасуын сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Нүкте – точка – point; Түзу – прямая – line; Жазықтық – плоскость – plane; Ара қашықтық – расстояние – distance; Перпендикуляр – perpendicular; Айқас түзулер – скрещивающиеся прямые – skew lines Кеңістік – пространство – space Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Нүкте ..... жазықтықта жатыр. Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр. Нүктеден түзуге ..., нүктеден жазықтыққа ... | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқушылар жұптарда, өз сыныптастарымен диалогтарға қатысулары керек, сонымен қатар сыныппен талқылауларға қатысып, өзінің коммуникативті, көпшілдік, ашықтық, өзгеге құрмет көрсету құндылықтарын дамытуы керек.
| |||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометриялық интерпретациялар, информатика | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Білім алуға АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдануға қажетті қолданушылық дағдылар, модельдерді көрсетуде, кейбір іскерліктер мен біліктіліктерді жетілдіруде, білімін бақылағанда тиімді қолдануға болады. | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар кеңістіктегі стереометрия курсының негізгі анықтама мен ережелерін біледі. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | ||||||
Сабақтың басы 3 мин | Сабақ басында мұғалім келесі әрекеттерге назар аударады: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа көңілін аударып, жағымды психологиялық ахуал тудыру. ІІ. Білімді өзектендіру. Сабақ басында мұғалім оқушыларға «Сұрақ – жауап» стратегиясын пайдаланып геометрия курсының 10 сыныптағы теориялық материалын қайталауды ұсынады. | |||||||
Сабақтың ортасы 40 мин
|
Дұрыс жауапты таңда.
А) кез келген үш нүкте арқылы; В) бір түзудің бойында жататын кез келген үш нүкте арқылы; С) бір түзудің бойында жатпайтын кез келген үш нүкте арқылы;
А) АС; В) ВС; С) СС1.
А) Екі түзуді параллель түзулер деп атаймыз, егер олардың ортақ нүктесі болмаса. В) Егер екі түзудің әрқайсы үшінші бір түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады. С) Үшінші түзуге перпендикуляр болатын екі түзу, өзара параллель түзулер. Д) Егер бұрыштар өзара тең болса, онда олардың сәйкес қабырғалары бағыттас болады. 4. b түзуіне параллель a түзуі α жазықтықтығын қиып өтеді. с түзуі b түзуіне параллель болса, онда: а) a және с түзулері қиылысады; в) с түзуі α жазықтығына тиісті; с) a және с түзулері айқас болады; г) a және с түзулері параллель болады. 5.α жазықтықтығы АВС үшбұрышының АВ және АС қабырғаларын сәйкесінше К және Р нүктелерінде қиып өтеді. Егер ВС ∥ екені белгілі болса, онда ВС және КР түзулері: а) қиылысады; в) параллель; с) айқас. 6. К нүктесі ВДС үшбұрыш жазықтығына тиісті емес. А,М және Р нүктелері сәйкесінше КВ, КД, КС қабырғаларының орта нүктелері. ВДС және АМР жазықтықтары өзара қалай орналасады? а) жазықтықтар параллель; в) жазықтықтар қиылысады; с) жазықтықтардың өзара орналасуын анықтау мүмкін емес. 7. a және b түзулері параллель жазықтықтарға тиісті болса, онда бұл түзулер: а) қиылысады немесе айқас; в) параллель немесе айқас; с) тек қана параллель; г) тек қана айқас түзулер. 8. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс? А) Үшінші түзуге перпендикуляр екі түзу өзара перпендикуляр болады. В) Егер түзу жазықтықтағы кезкелген бір түзуге перпендикуляр болса, онда осы түзу жазықтыққа перпендикуляр деп аталады. С) Бір жазықтыққа перпендикуляр екі түзу өзара перпендикуляр болады. Д) Егер түзу жазықтықтағы түзулердің кезкелгеніне перпендикуляр болса, онда осы түзу жазықтыққа перпендикуляр деп аталады. Топ бұл жаттығу барысында ең көп дегенде – 8 ұпай жинай алады (1 дұрыс жауап – 1 ұпай). Дескрипторлар:
ІІ. Білімді өзектендіру. Сабақ басында мұғалім оқушыларға «Сұрақ – жауап» стратегиясын пайдаланып геометрия курсының 10 сыныптардағы теориялық материалын қайталауды ұсынады. (Оқушылар парақшадағы тест тапсырмасына: ия (+), жоқ (-) деп жауап береді және жауаптарын презентациядағы слайдпен тексереді.) Тест тапсырмасы 1-сұрақ 1) Бір жазықтыққа параллель екі түзу перпендикуляр болады ма? 2) Бір жазықтыққа перпендикуляр екі түзу параллель болады ма? 2-сұрақ 1) Жазықтыққа перпендикуляр түзу осы жазықтықтағы түзумен айқас бола ала ма? 2) Жазықтыққа перпендикуляр түзу осы жазықтықтағы түзуге параллель бола ала ма? 3 – сұрақ 1) Егер түзу жазықтықтағы екі түзуге перпендикуляр болса, онда ол түзу жазықтыққа да перпендикуляр болады деп айтуға болады ма? 2) Егер түзу жазықтықтағы параллель екі түзуге перпендикуляр болса, онда ол түзу жазықтыққа да перпендикуляр болады деп айтуға болады ма? 4- сұрақ 1) Айқас екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр бола ала ма? 2) Қиылысатын екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр бола ала ма? 5- сұрақ 1) Өзара перпендикуляр үш түзудің кез-келгені былайғы екеуінің жазықтығына перпендикуляр болады деп айту дұрыс па? 2) Кеңістіктегі үшінші бір түзуге перпендикуляр екі түзу параллель болады деу дұрыс па? 6- сұрақ 1) Бір түзуге перпендикуляр екі жазықтық қиылысады ма? 2) Екінші бір түзуге перпендикуляр түзу мен жазықтық қиылысады ма? 7- сұрақ 1) Бір нүктеден жүргізілген перпендикулярдың ұзындығы көлбеудің проекциясының ұзындығынан кем деу дұрыс па? 2) Бір нүктеден жүргізілген перпендикулярдың ұзындығы көлбеудің ұзындығынан ке деу дұрыс па? Тест жауабы: ІІІ. Карточкамен жеке жұмыстар 10 сынып геометрия курсының «Үш перпендикуляр туралы» теореманы қолдану ережелерін қайталау. 1. Үш перпендикуляр туралы теореманы қолдану Блиц сұрақтар: 1.Қандай түзу жазықтыққа перпендикуляр деп аталады? 2. Перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қандай қасиеттерін білесіздер? 3. Жазықтықтан тысқары жатқан нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп нені айтамыз? 4. Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық дегеніміз не? 5. жазықтықтан тысқары жатқан нүктеден жазықтыққа түсірілген көлбеу деп нені айтамыз? 6. Көлбеудің жазықтықтағы проекциясы деп нені айтамыз? 7. Үш перпендикуляр туралы теореманың тұжырымдамасын тұжырымда. 8. Кубтың параллель жақтарының диагональдары арқылы өтетін қима жазықтық түрін қалай анықтауға болады? ІV. Есептер шығару. Оқушылар жұптарда 10 сынып геометрия курсын қайталауға есептер шығарады. № 1 тапсырма Теңқабырғалы АВС үшбұрышының жазықтығына перпендикуляр ОС кесіндісі жүргізлген. АВ кесіндісінің ортасы Р-мен белгіленген. [OP]⊥[AB] екенін дәлелдеңіз. № 2 тапсырма Тікбұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы сәйкесінше 12 және 15 см-ге тең. Берілген нүктеден үшбұрыш қабырғаларына дейінгі қашықтық 5см. Берілген нүктеден үшбұрыш жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз. № 3 тапсырма Теңбүйірлі АВСД трапециясының АД үлкен табаны арқылы жазықтығы жүргізілген. Егер трапецияның табаны 10 және 20 см, ВС қабырғасы жазықтығына 12 см қашықтықта, ал трапецияның биіктігі мен бүйір қабырғасының проекциялары арасындағы бұрыш 450 болса, трапецияның ауданын табыңыз. 10 минут Топ өз тапсырмасының номерін жеребе арқылы анықтайды. Дескрипторлар:
Оқушылар өз креативтілігін танытады. Олар тарау бойынша ребус, кроссворд, жұмбақ құрастыра алады, өлең шығарады және т.б. орындайды. Дескрипторлар:
Барлық сабақ барысындағы жұмысты ескере отырып топтар бағаланады және қорытындылар жасалады. Белсенділік танытып, ұйымшылдықпен жұмыс жасаған топқа ұпай қосуға болады. IV. Үй тапсырмасы – 2 минут | Презентация | ||||||
Сабақ соңы 2 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды. Рефлексия «Бес саусақ» әдісі Бас бармақ – не үйрендім ? Маған не ұнады? Балан үйрек - Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім? Ортан терек – Менің көңіл-күйім? Шылдыр шүмек – Бүгін кімге көмектесе алдым? Кішкене бөбек – Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба? Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым? Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ мағн ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
| |||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Білім деңгейлері әртүрлі оқушылардан тұратын топтарға бөлу. Сабақтағы тапсырмалар түрлі деңгейдегі дағдылар негізінде құрастырылған. | Сабақ соңындағы қорытындылар негізінде оқушыларды формативті бағалау жүзеге асады. | Сабақ кезеңдері бойынша кабинет ішінде орын ауыстыру | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қосымша1
Қосымша 2
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?