Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3С: Перендикуляр және көлбеулер

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 17.02.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Айғабыл М.А.

Сынып: 10 а-1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 10.3.1.3 кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу, көлбеу проекциясының және нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықтың анықтамаларын біледі;

 Сабақ мақсаттары

  • кеңістіктегі перпендикуляр түзулер ұғымын енгізу;
  • екі параллель түзудің үшінші түзуге перпендикулярлығы теоремасын дәлелдеу;
  • түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы анықтамасын;
  • параллель түзулер мен олардың жазықтықтармен перпендикулярлығы арасындағы байланысты көрсететін теоремаларды қарастыру;
  • алынған ұғымдар мен теоремаларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Жетістік критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

  • перпендикуляр көлбеу және оның проекциясы түсініктерін білсе

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын сипаттай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Бұл стереометрия туралы пікір кейде/әрқашанда/ешқашан дұрыс болмайды, себебі ... .

Нүкте ..... жазықтықта жатыр.

Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр.

Құндылықтарды дарыту

Назарбаев Зияткерлік мектептері «қалай білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

Өз жұмысын дұрыс жауапен тексеруде азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Түзулердің перпендикулярлығының өмірмен байланысы туралы айту.

АКТ қолдану дағдылары

Microsoft Office Onenote бағдарламалары

Бастапқы білім

Тікбұрышты үшбұрыш түсініктерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылардың назарын шоғырландыру;

- оқушылармен бірге оқу мақсатын анықтау

- оқушылардың «жақын арадағы дамуын» анықтау.

Презентация

Сабақтың ортасы

II. Жаңа материалды игеру.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекция ұғымдарымен танысады. Тік бұрышты үшбұрыштардың қасиеттерін қолдана отырып, олар осы ұғымдардың бұрыштары мен ұзындықтарының өлшемдерін анықтайды. Мүмкіндігінше оқушылар осы тұжырымдардың дәлелдерін көрсетеді.

Осыдан кейін, осы ұғымдарды қолдана отырып, тапсырманы қарастырады.

III. Сыныппен жұмыс

Бағалау: Тақтадағы жауап бойынша өз-өздерін тексеріп, бағалау

IV. Жұптық жұмыс

Бағалау, Басқа жұптар шешімдерді тексеріп, оларды бағалайды.

V. Жеке жұмыс

Бағалау, Өз-өздерін бағалайды.

Презентация

Қосымша

Сабақтың соңы

VІ. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Не білдім, нені үйрендім?

- Не түсініксіз болды?

- Нені жақсартуым керек

Қабілеті жоғары оқушыларға келесі тапсырмаларды орындау ұсынылады: ІІІ нұсқа

Бағалау. Қалыптастырушы бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу