Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3А Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі ара қашықтық. (4 сағ)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2 түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын біледі, бейнелейді, оның шамасын табады.

 Сабақ мақсаттары

Оқушы

  • Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтардың арасындағы бұрыштардың анықтамасын біледі.
  • Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтардың арасындағы бұрыштардың шамасын табады.

 Бағалау критерийлері

  • Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтардың арасындағы бұрыштарды дұрыс бейнелейді.
  • Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтардың арасындағы бұрыштарды дұрыс анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрышты қалай анықтау еректігін сипаттай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш;
  • көлбеу, проекция, көлбеудің табаны;
  • үш перпендикуляр туралы теорема.

 Құндылықтарды дарыту

Кеңістіктегі абстрактілі ойлау мен елестету дағдыларын дамыту арқылы байқампаздыққа және қырағылыққа баулу.

 Пәнаралық байланыстар

Геометрияның құрылыс және сәулетпен байланысын көрсету.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Стереометрия аксиомалары. Кеңістікте түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сынып дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасына тоқталу.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарына сай бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

35 минут

Өткен тақырыпты қайталау.

  • Кеңістіктегі екі түзу қалай орналасуы мүмкін?
  • Кеңістіктегі түзу мен жазықтық қалай орналасуы мүмкін ?

Дайын сызбадағы есептерді шығару (Слайд 2-4)

Оқушыларға өздіктерінен талдап, жауапты негіздеуге уақыт беріледі. Кейін кез-келген оқушыдан шығару жолын сұрау арқылы бағаланады.

Жаңа материалға шолу.

Оқушыларға сұрақ беру.

  • Сабақтың тақырыбына сұрақ қойыңыз.
  • Бүгінгі сабақта қандай сұрақтардың жауабын аламыз деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың сұрақтарын тыңдап болған соң слайдтағы сұрақтарды көрсету.

  • Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш дегеніміз не?
  • Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты қалай саламыз?
  • Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш қандай есептерде кездесуі мүмкін?
  • Бұл бұрышты қалай белгілейміз?

Бүгінгі сабақ барысында осы сұрақтардың жауабын табуымыз керек.

Жаңа тақырыпты меңгеру.

Оқушыларға түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш анықтамасын тұжырымдауды және ізделінді бұрышты постерлерге бейнелеуді ұсыныңыз. Барлық топтар өз постерлерін тақтаға шығып таныстырады, содан кейін https://www.youtube.com/watch?v=P87o8g2JayQ

видеосын көреді. Видео аяқталған соң оқушыларға қорытынды жасатыңыз, перпендикуляр және параллель болу жағдайларына, түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрышты табу алгоритміне тоқталыңыз:

  • Түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін табыңыз.
  • Түзудің жазықтықта жатпаған нүктесін табыңыз.
  • Осы нүктенің жазықтықтағы проекциясын табыңыз.
  • Осы нүктелерді қосыңыз. Шыққан түзу – түзудің жазықтықтағы проекциясы.
  • Шыққан бұрышты белгілеңіз.

Оқушылар қажет анықтама мен сызбаны дәптерлеріне жазып алады.

Жаңа материалды бекіту.

Оқушыларды кабинет ерекшелігіне байланысты 3 адамнан не 4 адамнан топтарға бөліңіз, әрбір топқа 1-2-тапсырманың 1 есебін беріңіз, берілген тапсырманы топта орындайды, болған Джигсо әдісі арқылы жаңа топта түсіндіруі керек.

1-тапсырма.

а) Берілген суретте АВСD тіктөртбұрыш және АА1(АВС) екені белгілі болса, В1D және (ABC) арасындағы бұрышты табыңыз;

ә) Берілген суретте АВСD параллелограмм және АА1(АВС) екені белгілі болса, В1D және (DD1C1) арасындағы бұрышты табыңыз.

2-тапсырма.

а) Берілген суретте АВС – теңқабырғалы үшбұрыш және ВВ1(АВС) екенін ескере отырып, ВС1 және (АА1В1) арасындағы бұрышты табыңыз.

ә) Берілген суретте АВС – тікбұрышты үшбұрыш және ВВ1(АВС) екенін ескере отырып, ВС1 және (АА1В1) арасындағы бұрышты табыңыз.

Жаңа материалды меңгеру деңгейлерін бағалау.

Оқушыларды деңгейлері бойынша жұптарға бөліңіз. Бұрыштарды табу тақырыбын бекітуге келесідей дифференциацияланған тапсырмалар ұсыныңыз, кейін өзара тексеру жүргізсін.

ABCDA1B1C1D1 кубында АВ1түзуі мен АВС1жазықтығы арасындағы бұрышты табыңыз.

Деңгейі жоғары оқушылар үшін:

Берілген суретте

АА1(АВС) екенін ескере отырып, төмендегі бұрыштарды табыңыз:

  • В1F және (АВС);
  • В1F және (КК1F);
  • В1F және (АА1В1).

Презентация;

Есептер жазылған кеспе қағаздар;

Ә.Н.Шыныбеков Геометрия, 10-сынып, Алматы: «Атамұра», 2014;

Е.В.Потоскуев, Л.И.Звавич

Геометрия-учебник, 10-класс, Москва: ДРОФА, 2011.

Е.В.Потоскуев, Л.И.Звавич

Геометрия-задачник, 10-класс, Москва: ДРОФА, 2011.

https://www.youtube.com/watch?v=P87o8g2JayQ

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

Сабақ соңында бағалау критерийлері бар слайд қайта ашылады, оқушылар әрбір пунктке өзіндік бағалау жүргізеді.

Үй тапсырмасы:

ABCDA1B1C1D1 кубында М нүктесі В1С1ортасы, К нүктесі DC ортасы, О нүктесі – ABCD диагональдарының қиылысу нүктесі. Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш шамасын табу кестесін толтырыңыз:

Түзу және жазықтық

Бұрыш шамасы

1

АВ1және АВС

2

АС және АА1В

3

MF және DD1C

4

MF және DD1B

5

AM және ABC

6

АС және MKF

7

AK және MKF

8

AC1және BCC1

9

C1D және ACC1

10

B1D және ACC1

11

AA1және AMF

12

DD1және AMF

Стикер;

Үй тапсырмасы жазылған кеспе қағаздары.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар үшін деңгейі жоғары тапсырмалар қосымша беріледі. Материалды меңгеруде қиналған оқушылар сыныптастары және мұғалім тарапынан қолдау тауып отырады.

Өтілген тақырып бойынша өзіндік бағалау, мұғалімнің бақылауы және бақылау нәтижесінде белсенділігі төмен оқушыларды жұмысқа тарту. Топтық және жұптық тапсырмаларды орындау барысында өзара бағалау жүзеге асады.

Парта мен орындықта дұрыс отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу