Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар: №3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1А  Стереометрияның аксиомалары.Кеңістіктегі параллельдік

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

10.2.4 түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шешу кезінде қолдану.

 Сабақ м а мақсаттары

Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру.

Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шығару кезінде қолдану.

 Жетістік

  критериі

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

  • Кеңістікте түзу мен жазықтықтың орналасу жағдайларын біледі;
  • Түзу мен жазықтықтың параллельдігінің белгісін және қасиеттерін біледі және есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын тұжырымдайды;
  • кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуының қасиеттерін тұжырымдайды;
  • кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың параллельдігін түсіндіріп айтады;

сызбаның салынуын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • стереометрия;
  • жазықтық;
  • кеңістік;
  • айқас түзулер;
  • тетраэдр;
  • параллелепипед;
  • параллель жазықтықтар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • ... фигуралардың қасиеттерін зерттейтін геометрия бөлімі — стереометрия;
  • айқас түзулер деп ... ;
  • бір түзуде жатпайтын үш нүкте арқылы ... жүргізуге болады;
  • егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі болса, онда ... ;
  • егер түзудің екі нүктесі жазықтыққа тиісті болса, онда түзудің барлық нүктелері ... ;
  • егер кеңістікте түзу жазықтыққа параллель болса, ...;
  • екі жазықтық параллель болады, егер ... ;
  • ... жазықтығы түзуді қамтиды;
  • ... нүкте үшбұрыш жазықтығына тиісті емес;
  • ... түзу жазықтықты қияды;
  • ... түзулер бір жазықтықта жатпайды;
  • ... жазықтықтардың ортақ нүктесі бар.

Құндылықтарды дарыту

*Академиялық шыншылдық, толеранттылық

*Ж.А білу және түсіну: тұрақты даму,әлеуметтік әділеттілік және теңдік

*Ж.А құндылықтары: әлемдегі және қоршаған ортадағы жағдайларды жақсартуға белсенді қатысуға шешім қабылдау

*Ж.А.дағдылары: өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика,химия, ағылшын тілі

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, Интернет ресурстар

Бастапқы білім

Стереометрия аксималары, кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу.

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау

Сабақтың ортасы

20 мин.

I.Үй тапсырмасын тексеру

II.Ауызша жұмыс.

1) Мына тұжырым дұрыс па?«Жазықтықта жатқан түзуге параллель түзу осы жазықтыққа да параллель». (жоқ, өйткені параллель де болуы мүмкін, түзу осы жазықтықта жатуы да мүмкін.)

2) а және  b  түзулері өзара параллель. b түзуі арқылы өтетін жазықтық пен а түзуі өзара қалай орналасады ? (а түзуі жазықтыққа параллель)

3) Түзу және өзара қиылыса орналасқан екі жазықтық берілген Олардың өзара орналасуының барлық жағдайларын сипаттаңыз. (Түзу екі жазықтыққа да параллель; біреуіне параллель ,екіншісін қияды; екеуін де қияды)

III. Есептер шығару. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Тапсырмаларды орындау барысында әр тапсырмаға бағалау критериін құрастырады.

1. M,N, Q және P нүктелері DABC пирамидасының DB, DC, AC және AB қырларының орталары.

а) AD түзуінің MNQ жзықтықтығына параллель екенін дәлелдеңіз.

b) MNQP төртбұрышының периметрін табыңыз, мұндағы AD=12см, ВС=14см.

2. Берілгені:

Табыңыз: a) b)табыңыз BE

3.Берілгені: ABCD ромб, АА11В, СС11В

a)Дәлелдеңіз: АС ||.

b) Ромбтың ауданын табыңыз:, егер А1С1=12, 0

4. АDCDA1B1C1D1 кубы берілген.Р1, Р2, Р3, Р4, Р5, Р6, Р7, Р8 сәйкесінше АВ, ВВ1, В1А1, А1А, CD, CC1, C1D1, DD1.

Мына түзу мен жазықтықтардың өзара орналасуын анықтаңыз.

5. АВСD параллелограмының АD қабырғасынан А1 нүктесі DА1=4см болатындай таңдалынып алынды.

АС қабырғасына параллель жазықтық, А1 нүктесі арқылы өтіп СD қабырғасын С1 нүктесінде қиып өтеді.

а) С11 және АВС үшбұрыштарының ұқсастығын дәлелдеңіз.

б), егер ВС = 10см, А1С1 = 6см болса, АС –ның ұзындығын табыңыз.

Дискриптор

  • Есептің шарты бойынша сызбасын салады,белгілеулер енгізеді;
  • Үшбұрыштар ұқсастығын дәлелдейді;
  • Пропорция құрастырады;
  • АС –ның ұзындығын табады

7-10 минут

Тексеру жұмысы

№1. АВС үшбұрышы берілген

АС қабырғасы жазықтығына тиісті.

a) Сызбасын салыңыз.

b) EK || болатынын дәлелдеңіз.

с) ЕК= 4 АС-?

2. АВС үшбұрышы жазықтығымен қиылысқан.

ВС қабырғасының ұзындығын табыңыз.

5 мин.

Үй тапсырмасы

1.Берілгені: ABCD ромб,

  

a)Дәлелдеңіз: ΔC1DA1 ~ ΔАВС.

b)Табыңыз: АС.

4. АВ || , АВ=7, АВК CD түзуі бойымен.АС=16, СК=8

a)АВ мен CD түзулері қалай орналасады?

b) CD-?

Жауабын негіздеңіз.

2Рефлексия:

Нені білдім?

Не түсініксіз?

Нені білгім келеді?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақт саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері

сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ә.Б. меңгерушісі: ____________

  

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу