Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


10.1А бөлім: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.4 - түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Есептерді шешу кезінде түзу мен жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлығының белгілерін, қасиеттерін білу және қолдана білу

 Бағалау критерийлері

- Түзудің және жазықтықтың параллельдік белгілерін біледі.

- Түзудің және жазықтықтың перпендикулярлығының белгілерін біледі.

- Түзудің және жазықтықтың параллельдік қасиеттерін біледі.

- Түзудің және жазықтықтың перпендикулярлығының қасиеттерін біледі.

- Есептерді шешу кезінде түзудің және жазықтықтың перпендикулярлығы мен параллельдік қасиеттерін, белгілерін қолдана алады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын біледі;
  • кеңістіктегі параллель, қиылысатын, айқас түзулердің анықтамаларын біледі;
  • кеңістіктегі жазықтыққа параллель болатын түзудің анықтамасын, параллель жазықтықтардың анықтамасын біледі;
  • кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуын ажырата алады;
  • кеңістікте түзулер мен жазықтықтарды және олардың өзара орналасуын бейнелей алады;
  • параллель түзулер мен жазықтықтардың анықтамалары мен қасиеттерін біледі;
  • айқас түзулердің анықтамалары мен қасиеттерін біледі және қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Денсаулық, құрмет және өзара құрмет, бірлескен жұмыста ынтымақтастық

 Пәнаралық байланыстар

АКТ (РРТ презентация), физика, сәулет, құрылыс, геодезия

 АКТ қолдану дағдылары

Оқу материалын меңгеру үшін интернет-ресурстарды табу және пайдалану дағдылары

Бастапқы білім

Планиметрия аксималары, түзулердің жазықтықта өзара орналасуы, жазықтықтағы қашықтық, көпбұрыштардың аудандары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 урок

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру сәті.

Сабақтың күтілетін мақсаттарымен танысу.

Мұғалім тақырыпты жариялайды және оқушыларды сабақтың күтілетін мақсаттарымен таныстырады

Өзін-өзі бағалау парағы.

Оқушыларға сабақ барысында кезең-кезеңімен толтыру үшін өзін-өзі бағалау парағы таратылады

Қосымша 3

Сабақтың ортасы

10-12 мин

13-15 мин

10-12 мин

Жаңа тақырыпты зерттеу

Оқушылар жұмыс дәптеріне слайдтардан жазады

1. Түзу және жазықтықтың параллельдігін анықтау.

2. Түзудің және жазықтықтың параллельдік белгісі.

3. Түзудің және жазықтықтың өзара орналасу схемасы.

4. Түзудің және жазықтықтың перпендикулярлығын анықтау.

5. Түзудің және жазықтықтың перпендикулярлығының белгісі.

Жаңа материалды бекіту

Ауызша жұмыс

Оқушыларға сұрақтар:

1. Бір жазықтыққа параллель екі түзу, өзара параллель деген тұжырым дұрыс па?

2. Егер түзу жазықтыққатағы екі түзуге перпендикуляр болса, онда ол осы жазықтыққа да перпендикуляр ма?

3. "Жазықтыққа параллель түзу, осы жазықтықта жатқан кез келген түзуге параллель" деген тұжырым дұрыс па?

4. Түзу жазықтыққа параллель. Осы түзу жазықтықта жатқан қандай да бір түзуге перпендикуляр болуы мүмкін бе?

5. Екі параллель түзудің бірі жазықтыққа параллель. Екінші түзу де осы жазықтыққа параллель деген тұжырым дұрыс па?

6. Түзуде берілген нүкте арқылы өтетін және осы түзуге перпендикуляр түзулер орналасқан нүктелердің геометриялық орны не болады?

7. Екі параллель түзу берілген. Олардың әрқайсысы арқылы жазықтық жүргізілді. Бұл жазықтықтар қиылысады. Олардың қиылысу түзуі берілген түзулерге қатысты қалай орналасқан?

8. Үшбұрыштың екі қабырғасына перпендикуляр түзу үшбұрыштың жазықтығына қатысты, қалай орналасқан?

9. Қиылысатын екі жазықтық берілген. Екі жазықтықты параллель түзулер бойымен кесіп өтетін жазықтық бар ма?

10. Егер оның бір қабырғасынан оның басқа қабырғасына перпендикуляр жазықтықты жүргізуге болатын болса, үшбұрыштың түрін анықтаңыз.

Оқушылар слайдтағы сурет бойынша тапсырманың шарттарын оқиды және жауабын түсіндіреді.

Жеке жұмыс

А карточкасы (орташа деңгей). Оқушыларға тапсырма:

1. Айқас a және b түзулері берілген. Олардың біреуі арқылы екінші түзуге параллель жазықтықты қалай салу керек?

2. AD1 текшесінде төбелері арқылы өтетін және берілген түзулерге перпендикуляр жазықтықтарды көрсетіңіз: а) AA1; б) AB1.

В карточкасы (жоғарғы деңгей). Оқушыларға тапсырма:

1. Төртбұрышты SABCD пирамида табанында параллелограмм жатыр. SAB және SCD жазықтықтарының қиылысу түзуі мен ABCD табан жазықтығы қалай орналасады?

2. Дұрыс алтыбұрышты призмада қырлары арқылы өтетін және берілген түзулерге перпендикуляр жазықтықтарды көрсетіңіз: а) AA1; б) AB.

Слайд 1-4

Қосымша 1

Слайд 5-14

Қосымша 2

Слайд 15-20

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Өзін-өзі бағалау жұмыстарын қорытындылау

Әр оқушылар өз оқу іс-әрекетін және оқу материалын түсіну мен меңгеру деңгейін рефлексия ретінде өзін-өзі бағалау парағына толтырады.

Әрбір оқушы өзін-өзі бағалау парағын толтырғаннан кейін олардың кейбірін тыңдауға болады.

Өзін-өзі бағалау парағы Қосымша 3

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушылармен жекелей жұмыс, оқушылардың деңгейін анықтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу