Стереометрия аксиомалары. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары,1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1А Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың орналасуы. | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Стереометрия аксиомалары(1 сабақ) | |||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты оқу және бекіту | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1 - стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету; | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Стереометрия аксиомаларын білу және есеп шығаруда қолдану | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - стереометрия аксиомаларын қолданады; - жазықтыққа қатысты нүктелердің орналасуын анықтайды; - жазықтыққа қатысты түзудің орналасуын анықтайды; - нүктелер, түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуын біледі; - жазықтықтардың қиылысу түзуін анықтайды. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттар: дұрыс математикалық терминдерді қолданады және стереометрия аксиомаларын сипаттайды. Пәндік лексика мен терминология: нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Денсаулық, құрмет | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | АКТ (презентация РРТ) | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентациямен жұмыс | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | Планиметрия аксиомалары және оның салдары. Жазықтықтағы геометриялық фигуралар. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | Ұйымдастыру. Бастапқы білімді еске түсіру. Слайдтағы сұрақтарды оқушылармен талқылау: 1) Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін геометрия бөлімі қалай аталады? 2) Жазықтықтағы негізгі фигураларды атаңыз. 3) Аксиома деген не? 4) Планиметрия аксиомаларын тұжырымдаңыз. 5) Түзу және түзуде жатпайтын нүкте арқылы неше жазықтық жүргізуге болады? 6) Түзу мен жазықтықтың қанша ортақ нүктесі болуы мүмкін? 7) Түзу мен жазықтықтың жалғыз ортақ нүктесі болуы мүмкін бе? Талқылаудан кейін 2 Слайдты ашып, оқушылардың осы фигуралардың қайсысымен таныс екендігін сұрау. Оларды планиметрияға жатқызуға болады ма? Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. | Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3-5 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 7 мин 10 мин 10 мин 3 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру Стереометрия түсінігін енгізу. Оқушылармен планиметрия мен стереометрияның негізгі ерекшеліктері мен стереометрияның негізгі фигуралары жайында сөз қозғау. Оқушыларға стереометрия фигураларына қоршаған ортадан мысалдар келтіруді ұсыну. Жұптық жұмысты ұйымдастырып, планиметрия аксиомаларын кеңістік үшін түрлендіруді және стереометрияның «спецификалық» аксиомаларын тұжырымдауды ұсыну. Презентация слайдтары арқылы оқушыларды стереометрия аксиомаларымен таныстыру. Слайдты көрсету барысында оқушыларға әрбір аксиомаға сызба салып, символдар арқылы сәйкес жазбаларды орындауды ұсыну.
Презентациямен ауызша жұмыс Слайдтағы тапсырмаларды оқушыларға сыныпта талдап жауап беруді ұсыну. 1 тапсырма. Кеңістіктегі екі нүкте арқылы неше түзу өтеді? Жауабы: жалғыз 2 тапсырма. Кеңістіктегі үш нүкте арқылы неше жазықтық өтеді? Жауабы: бір, егер үш нүкте бір түзудің бойында жатпаса, шексіз көп, егер үш нүкте бір түзудің бойында жатса. 3 тапсырма. Екі жазықтықтың қанша ортақ нүктесі болуы мүмкін? Жауабы: ортақ нүктесі жоқ немесе шексіз көп ортақ нүктелері болады. 4 тапсырма. Кеңістіктегі кез-келген а) үш нүкте; б) төрт нүкте бір жазықтықта жатады. Бұл тұжырымдар дұрыс па? Жауабы: А) иа б) жоқ 5 тапсырма. Егер шеңбердің екі нүктесі жазықтыққа тиісті болса, шеңбер жазықтықта жатады. Тұжырым дұрыс па? Жауабы: жоқ 6 тапсырма. Сурет бойынша М нүктесі қай жазықтықтарға тиісті екенін анықтаңыз. Жауабы: 7 тапсырма. Егер а) α және β – жазықтықтары қиылысатын болса және A, B, C нүтелері α және β жазықтықтарына тиісті; б) α және β, α және γ қиылысатын болса, K, L, M нүктелері α және β жазықтықтарына тиісті болса, N, O, P нүктелері α және γ жазықтықтарына тиісті болса, төмендегі сызбалардан қателерді табыңыз. Жауабы: а) А,В,С нүктелері бір түзудің бойында жатуы тиіс; б) N, O, P нүктелері бір түзудің бойында жатуы тиіс. Тест Тақырыпты бекіту мақсатында, оқушыларға келесі тест сұрақтарын ұсыныңыз: 1. Кеңістіктегі бір нүкте арқылы қанша түзу жүргізуге болады? 1) түзу жүргізуге болмайды. 2) бір. 3) екі. 4) шексіз көп. 2. Кеңістіктегі бір нүкте арқылы қанша жазықтық жүргізуге болады? 1) жазықтық жүргізуге болмайды. 2) бір. 3) екі. 4) шексіз көп. 3. Кеңістіктегі екі нүкте арқылы қанша түзу жүргізуге болады? 1) түзу жүргізуге болмайды. 2) бір. 3) екі. 4) шексіз көп. 4. Кеңістіктегі екі нүкте арқылы қанша жазықтық жүргізуге болады? 1) жазықтық жүргізуге болмайды. 2) бір. 3) екі. 4) шексіз көп. 5. Кеңістіктегі бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктенің әрбір екі нүктесі арқылы неше түзу жүргізуге болады? 1) түзу жүргізуге болмайды. 2) үш. 3) алты. 4) шексіз көп. | Слайд 6-8 Слайд 9-13 Слайд 14-20 | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Өзін-өзі бағалау бойынша қорытындылау. Әрбір оқушы өзінің сабақтағы іс-әрекеттеріне және тақырыпты түсіну және меңгеру бойынша рефлексия жасай отырып, өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырғаннан кейін, кейбір оқушылардың жауаптарын тыңдауға болады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап бере отырып, карточкаларды толтырады.
Үй жұмысы 1. Дәптерге кубтың бейнесін салыңыз(көрінетін түзулерді – үздіксіз сызықпен, көрінбейтін түзулерді – пунктирмен). 2. Кубтың төбелерін АВСДА1В1С1Д1 үлкен әріптерімен белгілеңіз. 3. Түрлі-түсті қарындашпен сызып көрсетіңіз: - А, С, В1, Д1 төбелерін - АВ, СД, В1С, Д1С кесінділерін - квадраттың АА1, В1В диагональдарын. Жауабы: | |||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұлбөлімдеоқушылардыңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазасыз | Денсаулықсақтаутехнологиялары. Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері. ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары | ||||||||||||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
| |||||||||||||||||
Жалпыбаға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?