Стереометрия аксиомалары. Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.


Дидактикалық материал

Тапсырма 1: Бір жазықтықта жатпайтын төрт нүкте берілген. Осы нүктелердің үшеуі бір түзудің бойында жатуы мүмкін бе?

Жауабы: Жоқ.

Тапсырма 2: Екі жазықтықтың ортақ екі түзуі болуы мүмкін бе?

Жауабы: Жоқ.

Тапсырма 3: Параллелограммның үш төбесі бір жазықтықта жатса, параллелограммның төртінші төбесі де осы жазықтықта жатады. Тұжырым дұрыс па?

Жауабы: Иа.

Тапсырма 4: Параллелограммның екі төбесі мен диагональдарының қиылысу нүктесі бір жазықтықта жатса, параллелограммның басқа төбелері де осы жазықтықта жатады. Тұжырым дұрыс па?

Жауабы: Иа.

Тапсырма 5: Қиылысатын екі түзуді де қиып өтетін кез-келген түзу, осы қиылысатын түзулердің жазықтығында жатады. тұжырым дұрыс па?

Жауабы: Жоқ.

Тапсырма 6: Тұықталған үш бөліктен тұратын сынық сызықтар бір жазықтықта жатпауы мүмкін бе?

Жауабы: Жоқ.

Тапсырма 7: Тұықталған төрт бөліктен тұратын сынық сызықтар бір жазықтықта жатпауы мүмкін бе?

Жауабы:Иа.

Тапсырма 8: а мен b, b мен c, a мен c түзулері қиылысады. Бұл түзулер бір жазықтықта жатады ма?

Жауабы: Иа.

Тапсырма 9: a және b түзулері C нүктесінде қиылысады. a түзуі арқылы α жазықтығы, b түзуі арқылы β жазықтығы(α-дан басқа) өтеді . Екі жазықтықтың қиылысу түзуі қалай өтеді?

Жауабы: C нүктесі арқылы.

Жұптық жұмыс

1 нұсқа

Төмендегі суретті қолданып, анықтаңыз:

Есеп 1.

a) SAB жазықтығына тиісті төрт нүктені;

b) MN түзуі жататын жазықтықты;

c) ASC және SBC жазықтықтарының қиылысу түзуін.

Есеп 2

а) DE түзуі жататын екі жазықтықты;

b) DEF және SBC жазықтықтарының қиылысу түзуін;

c) SB түзуімен қиылысатын екі жазықтықты.

Есеп 3

а) В1С түзуі жататын үш жазықтықты;

b) B1CD және AA1D1 жазықтықтарының қиылысу түзуін;

c) CD1 түзуімен қиылыспайтын жазықтықты.

2 нұсқа

Төмендегі суретті қолданып, анықтаңыз:

Задача 1

a) АВС жазықтығына тиісті төрт нүктені;

b) КМ түзуі жататын жазықтықты;

c) SAC және CAB жазықтықтарының қиылысу түзуін.

Есеп 2

а) EF түзуі жататын екі жазықтықты;

b) FDE және SAC жазықтықтарының қиылысу түзуін;

c) AC түзуімен қиылысатын екі жазықтықты.

Есеп 3

а) АВ1 түзуі жататын үш жазықтықты;

b ADC1 және A1B1B жазықтықтарының қиылысу түзуін;

c) BC1 түзуімен қиылыспайтын жазықтықты.

1 нұсқа

 1. Қай тұжырым дұрыс?

 1) Кез-келген үш нүкте арқылы жазықтық өтеді және ол жалғыз болады.

 2) Қиылысатын екі түзу арқылы жазықтық өтеді және ол жалғыз болады.

 3) параллель түзулер арқылы жазықтық өтеді және ол жалғыз болады.

 2. ABCD параллелограмы α жазықтығында жатады, егер…

 1)

 2)

 3)

 3. ABCDA1B1C1D1 – куб. Онда (ABC) және (DD1C1) жазықтықтары…

 

 1) қиылысады;

 2) қиылыспайды;

 3) беттеседі.

 4. MN түзуі … жазықтығымен қиылыспайды.

 1) (ABC);

 2) (AA1B1);

 3) (BB1C1).

 5. SABCD – төртбұрышты пирамида. SD түзуі … түзуімен қиылыспайды.

 

 

 1) BC;

 2) AD;

 3) S.

 6. Әртүрлі екі жазықтықтың … болуы мүмкін емес.

 1) отрақ нүктесі;

 2) ортақ түзуі;

 3) бір түзудің бойында жатпайтын ортақ үш нүктесі.

 7. Қате тұжырымды анықтаңыз?

 1)

 2)

 3)

 8. m және k түзулері арқылы бірнеше жазықтық жүргізуге болады. Онда m және k түзулері…

 1) қиылысады;

 2) параллель;

 3) беттеседі.

 9. А нүктесі а түзуінде жатады. Онда олар арқылы … жүргізуге болады.

 1) кем дегенде бір жазықтық жүргізуге болады;

 2) жалғыз жазықтық;

 3) бірден көп емес жазықтық.

2 нұсқа

 

 1. Дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз...

 1) кез-келген үш нүкте бір жазықтықта жатады;

 2) кез-келген төрт нүкте бір жазықтықта жатпайды;

 3) бір түзудің бойында жатпайтын кез-келген үш нүкте арқылы жазықтық өтеді және ол жалғыз болады.

 2. AB және CD – центрі O болатын шеңбердің диаметрлері. Шеңбердің барлық нүктелері жазықтығында жатады, егер…

 1)

 2)

 3)

 3. Түзу үшбұрыш жазықтығында жатады, егер …

 1) үшбұрыштың екі қабырғысымен қиылысса;

 2) үшбұрыштың бір төбесі арқылы өтетін болса;

 3) үшбұрыштың бір қабырғасымен беттессе.

 4. ABCDA1B1C1D1 – куб. Онда (AB1C1) және (СDD1) жазықтықтары…

 

 1) қиылысады;

 2) қиылыспайды;

 3) беттеседі.

 5.  MN түзуі … жазықтығымен қиылыспайды.

 1) (АА1В1);

 2) (ABC);

 3) (AA1D1).

 6. DABC – үшбұрышты пирамида. BD түзуі … түзуімен қиылыспайды.

 

 1) AC;

 2) AD;

 3) BC.

 7. Әртүрлі екі жазықтықтың, бір түзудің бойында жатпайтын, қанша ортақ нүктесі болуы мүмкін емес?

 1) 1;

 2) 2;

 3) 3.

 8. a және b параллель түзулері және екі түзуден де тыс жатқан М нүктесі берілген. М нүктесі a және b түзулерімен бір жазықтықта жатады, егер ... қиып өтсе.

 1) берілген түзулердің кемінде біреуін;

 2) берілген түзулердің тек біреуін;

 3) берілген түзулердің екеуін де;

 9. A, B және C үш нүктесі арқылы жалғыз жазықтық жүргізуге болады. Егер үш нүкте ...

 1) бір түзудің бойында жатпаса;

 2) бір түзудің бойында жатса;

 3) беттессе.

Тест жауаптары:

№ п/п нұсқа

А1

А2

А3

А4

А5

А6

А7

А8

А9

1

1

3

1

2

1

3

2

3

1

2

3

1

3

1

3

1

3

3

1

Үй жұмысы

АВСДА1В1С1Д1 – кубы берілген. М нүктесі DD1 қабырғасында жатады.

N нүктесі CC1 қабырғасында жатады. К нүктесі BB1 қабырғасында жатады.

1) М және N нүктелері жататын жазықтықтарды көрсетіңіз.

2а) MN және түзулерінің қиылысу нүктесін сызбада көрсетіңіз және F әрпімен белгілеңіз.

2б) F нүктесі туралы не айта аласыз?

3) KN түзуі мен АВС жазықтығының қиылысу нүктесін анықтаңыз және сызбада көрсетіңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу