Жазықтықтардың параллельдігі. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1А

Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік

(14 сағ)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазықтықтардың параллельдігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

10.1.2.5 - жазықтықтардың параллельдік белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Есептер шешуде параллель жазықтықтардың анықтамасын, қасиеттерін және белгілерін қолданады;

 Бағалау критериі

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

  • параллель жазықтықтардың қасиеттерін және белгілерін біледі;
  • жазықтықтардың параллельдігін дәлелдей біледі.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Оқушы математикалық терминдерді дұрыс пайдаланады

параллель жазықтықтар- параллельные плоскости - parallel lines

Қиылысушы түзулер - пересекающиеся прямые - Intersecting lines

перпендикуляр түзулер- перпендикулярные прямые- perpendicular lines

Айқас түзулер- скрещивающиеся прямые - Skew lines

қиылысу нүктесі - точка пересечения - point of intersection

анықтама – определение - definition

қасиет- свойство - property

белгі - признак - sign

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Бұл стереометрия туралы пікір кейде/әрқашанда/ешқашан дұрыс болады, себебі ... .

Нүкте ..... жазықтықта жатыр.

Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр.

параллель жазықтықтар...

Құндылықтарды дарыту

*Академиялық шыншылдық, толеранттылық

*Ж.А білу және түсіну: тұрақты даму,әлеуметтік әділеттілік және теңдік

*Ж.А құндылықтары: әлемдегі және қоршаған ортадағы жағдайларды жақсартуға белсенді қатысуға шешім қабылдау

*Ж.А.дағдылары: өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика,химия, ағылшын тілі

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, Интернет ресурстар

Бастапқы білім

Стереометрия аксиомалары.Түзулердің кеңістікте орналасуы.Жазықтықтағы бұрыштар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау

Сабақтың ортасы

7 мин

5 мин

10 мин

10 мин

2 мин

I Білімдерін жаңарту.

  • Кеңістіктегі негізгі фигулаларды атаңдар (нүкте, түзу, жазықтық)
  • Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы қандай болу мүмкін?
  • Егер кеңістіктегі екі түзу қиылыспаса, олар параллель болатын тұжырымдама дұрыс па?
  • Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы қандай болу мүмкін?
  • Түзу мен жазықтықтың өзара параллель, егер...
  • Егер түзу жазықтыққа параллель болса, онда осы түзу жазықтықтағы кез келген түзуге параллель болатын тұжырымдама дұрыс па?
  • Егер екі түзу бір жазықтыққа параллель болса, олар бір-біріне де параллель болатын тұжырымдама дұрыс па?

I I Проблемалық ахуал тұғызу

  • Қандай негізгі фигуралардың қасиеттерін қарастырылған жоқ?
  • Кеңістіктегі екі жазықтықтың өзара орналасуы қандай болу мүмкін?
  • Параллель жазықтықтар болатын қоршаған әлемнен қандай мысалдар келтіруге болады?
  • Сызбалардағы қатені табыңдар

III Оқушылармен жаңа тақырыптың мәнін ашу.

Екі жазықтықтың кеңістікте өзара орналасуларының екі жағдайының тек біреуі ғана бола алады:

1. Екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар.

Сонда екі жазықтықтың қиылысуы аксиомасы бойынша олардың ортақ түзуі бар. Мұндай жазықтықтар қиылысушы жазықтықтар деп аталады.

Егер және жазықтықтары перпендикуляр болса, онда былай жазылады: немесе .

2. Екі жазықтықтың ортақ нүктесі жоқ.

Анықтама. Ортақ нүктесі жоқ екі жазықтық параллель деп аталады.

Егер және жазықтықтары параллель болса, онда былай жазылады: немесе .

Жазықтықтардың параллельдік белгілері.

1. Егер бір жазықтықтың қиылысатын екі түзуінің әрқайсысы басқа жазықтыққа параллель болса, онда бұл жазықтықтар параллель.

2. Егер бір жазықтықта жатқан қиылысатын екі түзу екінші жазықтықта жатқан екі түзуге сәйкесінше параллель болса, онда ол екі жазықтық параллель болады.

Параллель жазықтықтардың қасиеттері.

  • Егер параллель екі жазықтықты үшінші жазықтық қиятын болса, онда қиылысу түзулері параллель болады.

2. Егер түзу параллель жазықтықтардың біреуін қиятын болса, онда ол екінші жазықтықты да қияды.

3. Егер жазықтық параллель жазықтықтардың біреуін қиятын болса, онда ол екінші жазықтықты да қияды.

4. Берілген жазықтықта жатпайтын нүкте арқылы оған параллель жазықтық жүргізуге болады және ол тек біреу ғана.

5. Үшінші бір жазықтыққа параллель екі жазықтық өзара параллель.

6. Параллель жазықтықтардың арасындағы параллель түзулердің кесінділері тең болады.

7. Егер түзу екі параллель жазықтықтардың біріне перпендикуляр болса, онда ол екінші жазықтыққа да перпендикуляр болады.

IV Бастапқы бекіту. Жұппен жұмыс

Тұжырымдама дұрыс па:

  • Егер екі жазықтық қиылыспаса, олар өзара параллель болады (ия).
  • Бір жазықтықта жатқан түзу басқа жазықтыққа параллель болса, онда осы жазықтықтар параллель болады (жоқ).
  • Егер бір жазықтықта жатқан екі түзу екінші жазықтықта жатқан екі түзуге параллель болса, онда осы екі жазықтық параллель болады (жоқ).
  • Егер параллель екі жазықтықты үшінші жазықтық қиятын болса, онда қиылысу түзулері параллель болады (ия).
  • Үшінші бір жазықтыққа параллель екі жазықтық өзара параллель (ия).
  • Параллель жазықтықтардың арасындағы параллель түзулердің кесінділері тең болады (ия).

Оқушылар дәптерлерімен ауысып, өзара бағалауды өткізеді.

V Бекіту.

Тапсырма №2

III Қорытынды.

Бүгін сабақта қандай тақырып өттік?

Параллель жазықтықтардың анықтамасы?

Параллель жазықтықтардың қандай белгілері бар?

Параллель жазықтықтардың қандай қасиеттері бар?

Геометрия: Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық. Л.С. Атанасян, В:Ф. Бутузов, С.Б.Кадомцев, Л.С. Кисилева, Алматы, Рауан,1999ж., 208 бет.

3 мин.

Рефлексия:

Нені білдім?

Не түсініксіз?

Нені білгім келеді?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақт саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері

сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу