file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тетраэдр және параллелепипед. Геометрия,10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

10.1А

Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тетраэдр және параллелепипед.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды оқыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

10.1.1 - тетраэдр және параллелепипедтің анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей алу; 

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

- параллелепипедтің анықтамасын біледі;

- жазықтықта параллелепипедті және оның элементтерін кескіндейді.

 Жетістік

 критерийлері

Оқушы:

- параллелепипедтің анықтамасын бере алады;

- параллелепипедті кескіндейді және олардың элементтерін сызба бойынша айтып береді;

- параллелепипед тақырыбы бойынша қарапайым есептерді шешеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

математикалық терминдерді дұрыс қолданады

Пәндік лексика және терминология

Нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, көпжақ, пирамида, тетраэдр, параллелепипед, тік/тікбұрышты/көлбеу параллелепипед, куб, төбе, қыр, жақ, диагональ

Диалог/хат үшін пайдалы фразалар сериясы

Төрт үшбұрыштан тұратын бет ……аталады.

Параллелепипедтің жақтары....болады.

Тікбұрышты параллелепипед – бұл ..... параллелепипед.

Куб – бұл тікбұрышты параллелепипед, оның …

 Құндылықтарды

  дарыту

 

Қызметтестік, өзіңе және айналадағыларға құрмет, академиялық адалдық және тазалық

 Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, информатика

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мүмкіндігі

 Бастапқы білім

Планиметрия аксиомаларын білу, жазықтықтағы түзулердің өзара орналасуы, көпбұрыштардың ауданы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Үй жұмысы бойынша сұрақтар қою. Көпжақ ұғымын беру. Түрлеріне тоқтала кету.

3 мин

Білімді өзектілендіру

Параллелепипед туралы бұрынғы түсініктеріне тоқталу. Параллелепипедтің түрлеріне тоқталу

Оқушылармен бірге сабақ мақсатын және жетістік критерийлерін талқылау

10 мин

Жаңа материалды оқыту (презентация қолдану)

Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз және оларға параллелепипедтің моделін ұсыныңыз. Презентация арқылы оқушыларды параллелепипедтің элементтерімен таныстырыңыз. Бүйір жағы, табаны ұғымдарын енгізіңіз.

Параллелепипедтің анықтамасы түсінігін қалыптастыру үшін оқушыларға практикалық тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз:

1. Ұсынылған сызба бойынша жазыңыз:

    • көпжақтың төбелерін;
    • көпжақтың қырларын;
    • көпжақтың жақтарын;
    • көпжақтың диагональдарын (егер бар болса) және т.с.с.

2. MNKSM1N1K1S1 тікбұрышты параллелепипедті бейнелеңіз. Салынған көпжақ бойынша көрсетіңіз:

    • көпжақтың (екі-екіден) төбелерін қамтитын қиылысатын түзулерді;
    • көпжақтың (екі-екіден) төбелерін қамтитын айқас түзулерді;
    • көпжақтың (екі-екіден) төбелерін қамтитын параллель түзулерді;
    • көпжақтың параллель жақтарын;

көпжақтың (екі-екіден) төбелерін қамтитын, оның жақтарына параллель болатын түзулерді.

Презентациялар

7-12 слайдтар

http://bilimland.kz/index.php/ru/catalog/structure/876-math

 

20 мин

Есептер шешу

№1, 2 есептерді ауызша орындау. №3-4 тақтада талдау. 5-6 есептерді жұппен орындату. Бір-біріне тексерту. №9 есеп қосымша есеп ретінде ұсынылып отыр(деңгейі жоғары оқушыларға).

  • Барлық қырлары тең тік параллелепипед куб бола ма?
  • Барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед куб бола ма?
  • Диагоналы 6 дм-ге тең болатын кубтың бетінің ауданын табыңдар. Жауабы:72.
  • ABCDA1B1C1D1 параллелепипедінде , АВ = 6 см, см. жағының ауданын табыңдар. Жауабы: см2
  • Тікбұрышты параллелепипедтің үш жағының ауданы 4 8 Параллелепипедтің диагоналын табыңдар.
  • Тік параллелепипедтің толық бетінің ауданы 224 . Оның табаны қабырғасы 8 дм, биіктігі 4 дм болатын ромб. Параллелепипедтің биіктігін табыңдар.
  • ABCDA1B1C1D1 параллелепипедінде Р және К нүктелері – сәйкесінше АВ және ВС қырларының ортасы, А1С=АС1. DD1 және РК түзулерінің арасындағы бұрышты табыңдар. Жауабы: 900
  • Тік параллелепипедтің табанының қабырғалары және , олардың арасындағы бұрыш 600. Бүйір бетінің ауданы 220 см2-қа тең. Толық бетінің ауданын табыңдар. Жауабы: см2
  • (Қосымша есеп) ABCDA1B1C1D1 параллелепипедінде сонымен қатар . E және F нүктелері параллелепипедтің диагоналдарының қиылысу нүктесіне қарасты симметриялы болатынын дәлелдеңдер.

Үй жұмысына оқушыларға параллелепипедті кескіндеуді және оның элементтерін көрсетуін ұсыныңыз. Түрлерін жеке қарастыру. №7-8 есеп.

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия

Оқушылар өз пікірлерін карточкаға жазады:

  • Бүгін мен мынаны білдім…
  • Қызық болы…
  • Мен мынаны түсіндім…
  • Мен мынаны түсінбедім …
  • Мен тырысамын…
  • Мен мынаны үйрендім…
  • Енді мен мынаны істей аламын…
  • Маған ұнаған жоқ…
  • Сабақ маған мынаны берді…

Карточканың екінші жағына оқушылар сабақтың мақсатын және жеке пікірін (жеттім, тырысамын).

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Өзіндік бағалау, өзара бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу