Үш перпендикуляр туралы теорема. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2А кеңістіктегі перпендикулярлық | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Үш перпендикуляр туралы теорема | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.3.1-үш перпендикуляр туралы теореманы білу және есептер шығаруда қолдану. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - үш перпендикуляр туралы теореманы есептер шығаруда қолданады. | ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -үш перпендикуляр туралы теореманы есептер шығаруда қолданады. | ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәндік лексика мен терминология - дәлелдер барысын сипаттау; - теореманы есептер шығаруда қолдану Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - жазықтықта көлбеудің табаны арқылы өтетін түзү; перпендикуляр қасиеттерін қолдана тұрып ...; түзү мен жазықтық перпендикулярлығының белгісі бойыншаа ...
| ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, ашық болу; өз ойын нақты, жүйелі жеткізу, академиялық шыншылдық; | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, архитектура | ||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаменен презентация және интернет қолдану https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/10-synyp/ush-perpendikulyar-turaly-teorema https://ege-study.ru/ru/ege/materialy/matematika/teorema-o-trex-perpendikulyarax/ | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Үш перпендикуляр туралы теореманы біледі | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру - оқушылардың назарын шоғырландыру; - оқушылармен бірлесе отырып, сабақ мақсаттарын анықтау; - бағалау критерийлерін қалыптастыруға баса назар аудару Үй жұмысын тексеру | №1-№3 слайдтар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5минут 5минут ЖЖ 10минут
3минут 7 минут | Қайталау 1.Кеңістіктегі үш перпендикулярдың анықтамасы; 2.Үш перпендикуляр туралы теорема; 3. Үш перпендикуляр туралы теореманың дәлелдеуі; 4. Үш перпендикулярға кеңістіктен мысал келтір. Ауызша 1.Берілген суретте неше тікбұрышты үшбұрыш бар екенін анықта. . 2. Берілген суреттен перпендикуляр түзулерді анықта 3. Суреттегі түзулер .... перпендикуляр орналасқан ба? Себебін түсіндіріңіз. 1. . . 2. 3. Қорытынды: Көлбеудің табаны арқылы өтпеген жазықтықта жатқан түзу, оның проекциясына перпендикуляр болса,көлбеудің өзіне де перпендикуляр болады. Cұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылармен қалған оқушылардан жұп құру. Жұптық жұмыс: Тапсырма 1 ABCD квадратының A төбесінен оның жазықтығына қатысты AK перпендикуляры тұрғызылған. BC KB-ға перпендикуляр екенін дәлелде. Дескриптор: Оқушы
Тапсырма 2 ABCD квадратының B төбесінен оның жазықтығына қатысты BM перпендикуляры тұрғызылған. AC MO-ға перпендикуляр екенін дәлелде (O – диагональдардың қиылысу нүктесі). Дескриптор: Оқушы
Тапсырма 3 ABCD тікбұрышының төбесінен оның жазықтығына қатысты AK перпендикуляры тұрғызылған. Kнүктесінен басқа төбелерге дейінгі арақашықтық 6 см, 7 см, 9 см-ге тең. AK перпендикулярының ұзындығын тап. Дескриптор: Оқушы
Жұптар орындалған жұмыстарын бір-бірімен алмастырып дескриптор бойынша тексереді, бағалайды Тақтада: 𝑀𝐵𝐸 (∠𝐵 = 90°) тікбұрышты үшбұрышы 𝛼 жазықтығында жатыр. 𝑀𝐵 = 9 см, ал 𝑀𝐸 = 15 см. Осы жазықтыққа ұзындығы 5 см болатын 𝐶𝐵 перпендикуляры жүргізілген. 𝐶 нүктесінен үшбұрыштың 𝑀𝐸 қабырғасына дейінгі қашықтықты тап. Дескриптор: Оқушы
Жеке жұмыс:
Жауабы:
| Ә.Н. Шыныбеков Геометрия, 10-сынып https://ege-study.ru/ru/ege/materialy/matematika/teorema-o-trex-perpendikulyarax/ https://bilimland.kz/ | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 5 минут | 1 Рефлексия: Сабаққа мен белсенді / белсенді емес қатынастым. Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / әлі де жұмыстануым керек. Шығарылған есептер түсінікті болды / тағы да қарап шығуым керек. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: п2. Үш перпендикуляр туралы теорема, 157есеп Дескриптор: Оқушы -қосымша сызба жүргізеді - үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады; - кесіндінің ұзындығын табады. | Ә.Н.Шыныбеков, Геометрия-10 сынып . Алматы, 2014 Е.М. Рабинович , Геометрия 10-11 классы, Москва-Харьков, 2006 | |||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?