Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар өзара орналасуы. | Мектеп: | НИШ ФМН Семей қаласы | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты- жөні : | Касимов Е.Е. | |||||||||||
Сынып : | 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1 - стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету . | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары:
|
| ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді 1.стереометрия аксиомаларын және олардың салдарын; 2. стереометрия аксиомаларын қолданып, ұсынылған пайымдаулардың дұрыс/бұрыстығын анықтайды. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер. Бұл стереометрия туралы пікір кейде/әрқашанда/ешқашан дұрыс болмайды, себебі ... . Нүкте ..... жазықтықта жатыр. Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | ұжымдылық, шыдамдылық, әділдікке тәрбиелеу. | ||||||||||||
Жаһандық азаматтылыққа тәрбиелеу | Аксиомаларға бірдей көзқарас. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар. | ||||||||||||
Оқытудың өмірмен байланысы | Аксиомаларды және кеңістік денелерінің қасиеттерін үй салу, машина жасау, құрыслыста қолдану | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Орыс тілі, ағылшін тілі, сызу | ||||||||||||
Бастапқы білім | Планиметрияның аксиомалары, планиметрияның негізгі фигуралары, жазықтықта түзулердің өзара орналасуы. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
1 сабақтың басы 5 мин 5 мин 15 мин 13 мин
|
Геометрияның қандай тарауын оқыдыңыз? Жазықтықтағы негізгі фигураларды атаңыздар. Дәлелдеусіз қолданатын тұжырымдардың атауы? Планиметрия аксиомаларын тұжырымдаңыз.
Кеңістіктегі негізгі фигуралар Стереометрия аксиомалары: А1. Әрбір жазықтықтың бойында жататын және оның бойында жатпайтын нүктелер табылады. А2. Егер әр түрлі екі түзудің ортақ нүктесі бар болса, онда бұл екі түзу арқылы жазықтық жүргізуге болады және бұл жазықтық жалғыз болады. А3. Егер әртүрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар болса, онда бұл екі жазықтық осы ортақ нүктесі арқылы өтетін түзу бойымен қиылысады. А4. Планиметрия аксиомалары орындалады. Аксиомалардың салдарлары (сынып үш топқа бөлнеді, теоремаларды дәлелдейді) Теорема 1. Түзу мен оның бойында жатпайтын нүкте арқылы бір ғана жазықтық өтеді. Теорема 2. Егер түзудің екі нүктесі берілген жазықтықта жатса, онда түзу толығымен осы жазықтықта жатады. Теорема 3. Бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте арқылы бір ғана жазықтық өтеді. Постер қорғау. Қорытындылау.
А деңгей №1 Бір түзудің бойында жататын: 1) үш нүкте; 2) төрт нүкте арқылы өтетін жазықтық жүргізуге бола ма? Бұл жазықтық жалғыз бола ма? №2 А нүктесі - және жазықтықтарының ортақ нүктесі. Бұл жазықтықтардың басқа ортақ нүктелері бар ма? Бар болса, олар қалай орналаcады? В деңгей №3 А және В нүктелері жазықтығында жатады. АВ кесіндісі де осы жазықтықта жататынын дәлелдеңдер. №4 Әр түрлі жазықтықтары мен А,В,С нүктелері берілген. Егер болса, онда осы жазықтықтар мен нүктелерді сызбада салып көрсетіңдер. №5 А, В, С нүктелері әртүрлі екі жазықтықтың әрқайсысында жатады. Осы нүктелер бір түзуде жататынын дәлелдеңіз. С деңгей №6 Кеңістікте кез келген нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болатынын көрсетіңдер. | Презентация Презентация http://opencollege.com/simsim/php/ResourceManager.php?cmd=get_view&catID=1323&resID=729&outcat=1 Презентация Қосымша 1 | |||||||||||
Үй тапсырмасы 2 мин | №1 Нүкте мен қиылысатын екі түзудің біреуі арқылы кеңістікте неше жазықтық жүргізуге болады? Барлық мүмкін жағдайларды қарастырыңдар. №2 Өзара қос-қостан қиылысатын және үшеуі де бір нүкте арқылы өтпейтін үш түзу бір жазықтықта жататынын дәлелдеңдер. | Қосымша 2 | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және сыныппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. | Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс жасайды. | Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?