Геометрия курсын қайталау. Геометрия, 7-9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
| 7-9 сынып геометрия курсы. | Мектеп: | Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты- тегі : | ||||||||||||||||||||||
Сынып: | 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Геометрия курсын қайталау (7-9 сыныптар). | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | «Үшбұрыштарды шешу», «Төртбұрыштар және олардың қасиеттері», «Жазықтықтағы вектор», «Тригонометрия негіздері» бөлімдерін қайталау. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | «Үшбұрыштарды шешу», «Төртбұрыштар және олардың қасиеттері», «Жазықтықтағы вектор», «Тригонометрия негіздері» бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерін тексеріп, толықтыру. | ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Есептер шығарғанда Пифагор теоремасын қолданады; Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формулаларын біледі; Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формулаларын қолданады; Екі вектордың скаляр көбейтіндісінің формуласын қолданады. Дұрыс көпбұрыш пен сырттай сызылған шеңбердің элементтері арасындағы байланысты біледі. Косинустар теоремасын есептер шығарғанда қолданады. | ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: модальды етістіктер және шартты сөз тіркестері арқылы формулаларға ауызша сипаттама бере алады. Математикалық тілде ойларын жеткізеді. | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымдылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, тақырыптың өмірмен байланысын көрсетуге тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||
Жаһандық азаматтылыққа тәрбиелеу | Халықаралық деңгейдегі тапсырмаларды қарастырып, теорияны тәжірибемен ұштастыру | ||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар. | ||||||||||||||||||||||
Оқытудың өмірмен байланысы | Теориялық материалды талдау, өмірмен байланысын іздестіру. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын тілі. | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Көпбұрыштардың қасиеттері, вектор, үшбұрыштарды шешу, көпбұрыш пен шеңбердің орналасулары. | ||||||||||||||||||||||
Сынып: | 9 | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Геометрия курсын қайталау (7-9 сыныптар). | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин Сабақтың ортасы 10 мин 10 мин 14 мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Тақырыпты, бағалау критерийлерін анықтау. 3.Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар өз жұмыстарын тақтамен тексеріп бағалайды 4. Білім мен біліктілікті бекіту.
А деңгейінің 7 есебін біртіндеп шығарады. Уақыт аяқталғаннан кейін (1 минут). Мұғалімнің командасымен жауаптарын көрсетеді.Соңынан өзін-өзі бағалайды. Кейбір есептер тақтада талданылады.Өткенді еске түсіреді. 5. Жұппен жұмыс Дескриптор.Оқушылар дескриптормен танысады.Тақтада. В деңгейінің есептерін шығарып, соңында тек жауаптарын көрші жұпқа береді. Бірін-бірі дескрипторлар бойынша бағалайды. Әр «+»-ке 1 ұпай.
Тапсырмалар. №8. Сызбадағы берілгендерді пайдаланып CH биіктігін табыңыз. №9. MLN теңқабырғалы үшбұрышының қабырғасы 6 см. LM және LN векторларының скаляр көбейтіндісін табыңыз. №10. А1А2….А12 дұрыс он екібұрышына сырттай сызылған шеңбердің радиусы 5-ке тең . А1 А5 диагоналінің ұзындығын табыңыз. Топпен жұмыс. «Таңда да таста» тәсілін қолдану арқылы математикалық тіл дамыту мақсатында оқушылар арасында диалог ұйымдастырылады. Оқушылар 11 слайдпен жұмыс істейді: Әрқайсысы параққа(А4) жауаптарын жазады. Парақты умаждап қар(снежок) жасайды. Бір минут аралығында қаршаларды бір-біріне лақтырады. Музыка қосуға болады.Музыка тоқтағанда алдындағы қарды алады. Оқушылар қолындағы парақта жазылған жауаптар бойынша топтарға бөлінеді. Мысалы 2,3,5 немесе2,4,5 т.с.с. Тақта алдында әр топ бір минут ақылдасып жауаптардың дұрыс-қателігін дәлелдейді. Соңында мұғалім дұрыс жауапты көрсетеді. 7)Сабақты қорытындылар(ауызша). | http://www.myshared.ru/slide/79696/ Презентация 3-9 слайдтар Қосымша 1 Презентация 11-слайд. | |||||||||||||||||||||
сабақтың соңы Үй тапсырмасын беру. Рефлексия. 3 мин | Үй жұмысы №12. BP және DK ABCD параллелограмының доғал бұрышынан түсірілген биіктіктері. P нүктесі C және D нүктелерінің аралығында жатыр, ал K нүктесі B және C нүктелерінің аралығында жатыр. BP және DK кесінділері O нүктесінде қиылысады. CKD және CPB үшбұрыштарының ұқсас екенін , ал KOB және BCD бұрыштарының тең екенін дәлелдеңіз. № 13. Табаны ВС болатын АВС теңбүйірлі үшбұрышына шеңбер іштей сызылған. Шеңбер АВ қабырғасын К нүктесінде жанайды. Осы шеңбердің радиусын табыңыз, егер АК=10 және ВК=15 болса. Рефлексия/ Reflection
Шаблондарды пайдаланып, оқушылардың әрқайсысына ағылшын тілінде кері байланыс жасауларын ұсынамыз. | Қосымша ҮЖ | |||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке, жұпта және сыныппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі немесе деңгейі жоғары есептерді шығарады.. | Әр түрлі бағалау түрлері қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды, жеке және жұптық жұмыс жасайды. | Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?