Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланыс . Геометрия, 9 сынып, қосымша материал.
Сабаққа әдістемелік нұсқаулық:
Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланыс.
Оқу мақсаттары:
9.1.2.4 дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланысты білу және қолдану;
Сабақ мақсаты: Бұл сабақ дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары мен қабырғалары арасындағы байланысты анықтауға бағытталған. Сабақта проблемалық жағдай тудыру арқылы жаңа тақырыпты меңгерту оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытады және қолдануға есептер шығарту арқылы оқушылардың есеп шығару дағдысы қалыптасады.
Сабақ түрі: зерттеу сабағы.
Негізгі терминдер мен анықтамалар:
Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланыстар:
1) .
2) .
3) .
4) .
Сабақ жүрісі:
Сабақ басында оқушыларға жаңа тақырыпқа ену үшін қайталау сұрақтары қойылып, 1-4 слайдтар арқылы сабақ тақырыбы анықталады және сабақ мақсаты, жетістік критерийлері оқушылармен бірге талқыланып белгіленеді.
Формуланы қарастырмас бұрын оқушыларға проблемалық жағдай тудырып, оны бірлесіп шешу ұсынылады. Мұғалім сұрақтар қоя отырып оқушыларды проблемалық жағдайды шешуге жетелейді.
Содан кейін ғана оқушыларға дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей және сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты көрсететін формулаларды ұсынуға болады. Формулаларды сызба бойынша негіздеп көрсетпесе оқушылар ол формулаларды тек жаттап түсіне алмас еді.
Тақырыпты бекіту мақсатында жұптық жұмыс орындату үшін әртүрлі деңгейдегі оқушылардың жұптарға бірігуін және жаңа формулаларды қолданып берілген кестені толтыру ұсынылады. Деңгейі жоғары оқушылар деңгейі төмендеу оқушыларға көмектесіп, жетелейді. Жұптық жұмысты дайын кесте арқылы тексеру жүргізуге болады.
n |
|
| r | S |
| |||||||
3 | ||||||||||||
4 | ||||||||||||
6 |
Оқушылар есептердің шешуін және жауаптарын талдайды, қателерін жөндейді, есептердің басқа шығару жолдары болса, бөліседі, сұрақтар қояды. Мұғалім бақылайды, комментарий жасайды, керек кезінде есептердің шешуі мен жауаптарын дұрыс жолға бағыттап, оқушыларға кері байланыс береді.
Сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты қалай меңгергенін білу үшін 5 минуттық өзіндік жұмысы жүргізіледі. Оқушылар дайын дескриптор бойынша бірін-бірі бағалайды және мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.
Өзіндік жұмысын тез шығарған оқушылар болса, оларға қосымша жоғары деңгейдегі есепті ұсынуға болады.
Үйге тапсырма: Геометрия. Шыныбеков А.Н. оқулығы бойынша
№399 1),3) есеп.
Периметрі P–ға тең дұрыс –бұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиустары сәйкесінше R және r арқылы, ал оның қабырғасы an арқылы белгіленген. Егер 1) n = 4, R = 3 cм; 3) n = 6, r = 9 см
болса, онда белгісіз элементтерін анықтаңыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?