Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланыс . Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Бөлім: Дұрыс көпбұрыштар және шеңбер

Күні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланыс

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.4 дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланысты білу және қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты білу және қолдану;

Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты білу және қолдану;

 Жетістік критерийлер

Білу және түсіну

  • дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған

іштей сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты біледі

  • дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған

сырттай сызылған шеңбердің радиусының

арасындағы байланысты біледі

 

Білімін қолдану

  • дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған

іштей сызылған шеңбердің радиусының

арасындағы байланысты қолданады;

  • дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған

сырттай сызылған шеңбердің радиусының

арасындағы байланысты қолданады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер ­

  • дұрыс көпбұрыш
  • дұрыс көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
  • дұрыс көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы
  • дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланыс
  • дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланыс

 Құндылықтарды дарыту

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Көпбұрыш анықтамасын, теңқабырғалы үшбұрыш пен шаршы қасиеттерін білу; көпбұрышқа іштей сызылған шеңбердің және көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамаларын білу; дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысын таба алу;

Ресурстар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

 2 – мин

І. Ұйымдастыру.

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың үй жұмысын, сабаққа дайындығын тексеру.

3 – мин

1 слайд бойынша не көріп тұрмыз?

Қайталау сұрақтары:

1)Үшбұрышқа әрқашан іштей(сырттай) шеңбер сызуға болады?

2)Үшбұрышқа іштей(сырттай) сызылған шеңбер центрі қайда орналасады?

3)Тікбұрышты үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер центрі қайда орналасады? Радиусы неге тең?

4)Төртбұрышқа әрқашан іштей(сырттай) шеңбер сызуға болады?

5)Төртбұрышқа іштей(сырттай) шеңбер сызу шарты қандай?

6) Дұрыс бесбұрыш, дұрыс алтыбұрышқа іштей(сырттай) шеңберлер сызуға болады ма? Радиустарын қалай есептеуге болады?

1-4 слайд

Сабақ тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге талқылай отырып анықтау.

5-7 слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

5 минут

15 минут

Жaңа тақырыпты меңгерту

Формуланы қарастырмас бұрын оқушыларға келесі тапсырманы шешуді ұсыныңыз.

ІІ. Проблемалық жағдай. Дұрыс көпбұрыштың қабырғасының ұзындығы 8 см. Оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын қалай табуға болады? Мұғалім оқушыларды жетелеу арқылы бірлесіп шығарады.

Жауабы: см, см.

Есепті шешу қадамдарын тақтада қарастырып, оқушыларда сұрақ туғызған тұстарын талқылаңыздар.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту. Оқушыларға дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты және дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты көрсететін формулаларды ұсыныңыз.

тікбұрышты үшбұрышында .

Бұл жерден көпбұрыштың қабырғасын тауып аламыз

тікбұрышты үшбұрышында ; .

Бұл жерден көпбұрыштың қабырғасын тауып аламыз .

ІV. Жұптық жұмыс. Оқушылардың жұптарға бірігуін және жаңа формулаларды қолданып келесі кестені толтыруды ұсыныңыз:

n

a

R арқылы

R

r арқылы

r

S

S

R арқылы

3

4

6

Дайын кесте арқылы тексеру жүргізуге болады.

n

a

R арқылы

R

r арқылы

r

S

S

R арқылы

3

4

6

https://www.youtube.com/watch?v=zjVScA7Bryw

http://www.math24.ru/%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B9-%D0%BC%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%83%D0%B3%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B8%D0%BA.html

9 слайд

10 слайд

11 слайд

4 минут

Бағалау

Жұптар бірін-бірі және өзін-өзі бағалай отырып, қателіктерді анықтайды, қалай шешу керек екендігі жөнінде қорытынды жасайды

Өзіндік жұмыc

5 минут

Өзіндік жұмысы

Қабырғасы 8 см дұрыс көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы см. Берілген көпбұрыштың қабырғалар саны мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

Дескриптор: 1) дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты көрсететін формуланы пайдаланады;

2) берілген көпбұрыштың қабырғалар санын есептейді;

3) дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты көрсететін формуланы пайдаланады;

4) дұрыс көпбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын есептейді.

Оқушылар дайын дескриптор бойынша бірін-бірі бағалайды немесе мұғалім өзі бағалайды.

Қосымша тапсырма. Жоғары деңгей

Шаршыға сырттай сызылған алтыбұрыштың қабырғасы берілген болса, мына сызба бойынша оның периметрін табыңыз.

Оқушыларды жұмыс барысын талқылауға тарта отырып және қажетті сұрақтарды қою арқылы есепті шешу қадамдарын анықтаңыздар, мысалы:

  • Дұрыс алтыбұрыш пен шаршы немен байланысты? (бір шеңбермен)
  • Бұл шеңбер алтыбұрыш үшін не болып табылады? Ал шаршы үшін не болады? (алтыбұрыш үшін – іштей сызылған шеңбер, ал шаршы үшін – сырттай сызылған шеңбер)

3. Ұйғарым тізбегін жазыңыз:;

4. Берілген есепті үш амал бойынша шешуге болады:

1) ; 2) ;

3)

12 слайд

12 слайд

Сабақтың соңы

3 - мин

Мақсат: оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Оқушылар рефлексиясы үшін сұрақтар:

  • нені білдім,
  • неге үйрендім
  • не түсініксіз болды немен әлі жұмыс жасау қажет

Үйге тапсырма: №399 1),3) есеп.

Периметрі P–ға тең дұрыс –бұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиустары сәйкесінше R және r арқылы, ал оның қабырғасы an арқылы белгіленген. Егер 1) n = 4, R = 3 cм; 3) n = 6, r = 9 см

болса, онда белгісіз элементтерін анықтаңыздар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Геометрия. А.Н.Шыныбеков.

13 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады

жұпта

жеке

Жеке (топтық) жұмыс кезеңдерінде және үй тапсырмасында қолданылады

Бірін-бірі бағалау.

Мұғалімнің жалпылама бағалауы

Физкультминуткалар немесе көз жаттығуы.

Белсенді қызмет түрлері

ҚТ бойынша нұсқаулық

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ өту барысында ұнамаған немесе келешекте нені ескеруім керек мәселелер:

  • .


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу