Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Математика» ӘБ жетекшісі ____________ |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.1.2.5 дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды білу және қолдану; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды қолданып есептерді шығарады. | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометрия | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||
Бастапқы білім | Көпбұрыш анықтамасын, теңқабырғалы үшбұрыш пен шаршы қасиеттерін біледі; көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын біледі; дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысын таба алады; үшбұрыштарды шеше алады. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 2 минут Ұ 3 минут Ұ 5 минут |
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді.
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері құрастырылып айтылады.
Дұрыс көпбұрыштың қабырғасының ұзындығы 8 см. Оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын қалай табуға болады? Мұғалім оқушыларды жетелеу арқылы бірлесіп шығарады. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут Т 15 минут Ұ 5 минут | Есепті шешу қадамдарын тақтада қарастырып, оқушыларда сұрақ туғызған тұстары талқыланады. Жаңа сабақты меңгерту Топтық жұмыс Оқушылар топтарға біріктіріледі. Әр топқа дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты және дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты көрсететін формулаларды қорытып шығару ұсынылады. Әр топ өз қорытындыларын басқа топтарға таныстырады. | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорытындылау. Мұғалім сабақтың мақсаттарына оралып оқушылардың жетістік деңгейлерін талқылайды. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмыстану қажет | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды