Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.1.2.1 шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін білу және қолдану;

Сабақ мақсаттары

шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін біледі және қолданады

Бағалау критерийлері

  • шеңберге іштей сызылған төртбұрыш туралы теореманы біледі,
  • шеңберге сырттай сызылған төртбұрыш туралы теореманы біледі,
  • теоремаларды тапсырмалар орындау барысында қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

  • центрлік бұрыш, іштей сызылған бұрыш;
  • доғаның градустық өлшемі;
  • іштей сызылған төртбұрыш, сырттай сызылған төртбұрыш;
  • хорда мен жанама арасындағы бұрыш, екі хорда арасындағы бұрыш, екі қиюшы арасындағы бұрыш, қиюшы мен жанама арасындағы бұрыш, жанамалар арасындағы бұрыш;

шеңбердегі пропорционал кесінділер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • доғаға тірелген бұрыш;
  • бұрыштың ... қабырғалары шеңбер бойындағы екі нүкте арқылы өтеді;
  • ... бұрыштың төбелері түзудің бір жағында жатады;
  • ... бұрыштың қабырғалары диаметрдің ұштары арқылы өтеді;
  • хорда доғаны кереді.

Құндылықтарды

 дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Шеңбер , центр, доға, бұрыш ұғымдарын біледі. Центрлік бұрыш, іштей сызылған бұрыш, доғаның градустық өлшемі, хорда мен жанама арасындағы бұрыш, екі хорда арасындағы бұрыш, екі қиюшы арасындағы бұрыш, қиюшы мен жанама арасындағы бұрыш, жанамалар арасындағы бұрыш ұғымдарымен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұ және М

5 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру

2. Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап алу.

3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

Сабақтың ортасы

25 минут

10 минут

Есептер шығару

Оқушыларға қарапайымнан күрделіге қарай дайын сызбалармен тапсырмалар ұсыныңыз.

Дайын сызбамен берілген есептер

Қосымша №1

Қосымша есептер

Сыныпта қиындық тудырған есептер тақтада талданады.

Есептер шығару

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау

1.ABCD трапециясына шеңберге сырттай сызылған. AB=CD және T, M,P,E - нүктелері шеңбермен жанасады, BT=2, AE=8. Трапецияның ауданын табыңыз.

2. ABCD төртбұрышы шеңберге сырттай сызылған. AB және CD-ны табыңдар, егер BC=6см AD=9 см, ал AB қабырғасы CD қабырғасынан екі есе үлкен.

Сабақтың соңы

5 минут

1. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Сенімдімін!

Сенімсізбін!

2. Бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау

3. Үйге тапсырма:

Қосымша 1

1. ABCD трапециясына шеңберге сырттай сызылған. AB=CD және T, M,P,E - нүктелері шеңбермен жанасады, АТ=8, трапецияның ауданы 80-ге тең. Трапецияның периметрін табыңыз.

2.ABCD трапециясына шеңберге сырттай сызылған. AD+BC=8. Трапецияның периметрін табыңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылар үшін С деңгейінің тапсырмалары қосымша беріледі. Олармен жеке жұмыс жүреді және кері байланыс орын алады.

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейілері алдын ала анықталады. Оларды топқа бөлген кезде арнайы өзімнің айтуым бойынша бөлінеді. Себебі, әр топқа материалды меңгеру деңгейі бірдей оқушылардың түспеуін қадағалаймын.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. Сабақ барысында кішікірім денені шынықтыруға арналған жаттығуларды жүргізу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу