Дұрыс көпбұрыштар. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар | |||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс көпбұрыштар. | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.2.2 дұрыс көпбұрыштардың анықтамасын және қасиеттерін білу; | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Дұрыс көпбұрыштың анықтамасын біледі; | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы мақсатқа жетті, егер:
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология: шеңбер, доға, радиус, көпбұрыш, шеңберге іштей сызылған дұрыс көпбұрыш; шеңберге сырттай сызылған дұрыс көпбұрыш; шеңбер ұзындығы; доға ұзындығы | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қомандада жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Академиялық әділдік, шығармашылық ұрлыққа және ақпаратты оның шыққан көзін көрсетпей көшіруге төзбеушілік қағидаттарын сақтаудан тұратын басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. | ||||||||||||||
Негізгі дағдылары | Өзін-өзі реттеу дағдылары: Сабақтағы тапсырмаларды орындау кезінде өздері жұптасады, өзінің уақытын берілген уақытқа сай реттейді және түсінбеген тұстарын басқа жұптардан немесе мұғалімнен сұрайды. | ||||||||||||||
Бастапқы білім | төртбұрышқа іштей сызылған шеңбердің және төртбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамаларын білу; қасиеттерін білу. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | І.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын оқушылармен айқындау. Бағалау криетрийлерін құрастыру. | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 10 мин 15 мин | Еске түсіру. Оқушылардан:
Жаңа сабақ. Мұғалім слайдтан анықтамаларды көрсетеді. Анықтама 1. Көпбұрыш – жазықтықтағы кез келген тұйық сынық сызық. Сынық сызықтың әрбір бөлігі көпбұрыштың қабырғасы, ал олардың ұштары көпбұрыштың төбелері деп аталады. - көпбұрыштың қабырғалары, - көпбұрыштың төбелері және көпбұрыштың диогоналдары. Анықтама 2. Дөңес көпбұрыш. Егер көпбұрыштың төбелері кез келген қабырғасы арқылы жүргізілген түзудің бір жағында жатса, онда оны дөңес көпбұрыш дейді. Оқушылармен бірге дұрыс көпбұрыштың анықтамасын талқылау. Анықтама 3. Дұрыс көпбұрыш. Егер көпбұрыштың барлық қабырғалары мен ішкі бұрыштары өзара тең болса, онда оны дұрыс көпбұрыш деп атайды. Дұрыс көпбұрыш деп – барлық қабырғалары мен барлық бұрыштары тең дөңес көпбұрышты атайды. Оқушылармен бірге дұрыс көпбұрыштың анықтамасын талқылау. Дұрыс үшбұрыштың және дұрыс төртбұрыштың басқаша аталуын және қасиеттерін еске түсіруді сұрау. Дұрыс көпбұрыштардың кейбіреулерінің атаулары латын тіліндегі бес – пента, 6- гекса, 7-септима, 8- октава 9- новембер, 10-децембер атауларына байланысты. Үшбұрыш – тең қабырғалы үшбұрыш Дұрыс төртбұрыш – квадрат Бесбұрыш - пентаграмма Алтыбұрыш – гексаграмма Жетібұрыш – септаграмма Сегізбұрыш – октаграмма Тоғызбұрыш – нонаграмма Онбұрыш – декаграмма Келесі төмендегі фигуралар дұрыс көпбұрыш болып табыла ма?
Жауабы: жоқ, олар жартылай дұрыс көпбұрыштар: Жұптық жұмыс. Оқушылар өздері жұптарға бірігеді. / Өзін-өзі реттеу Есепті шешпес бұрын, оқушыларға көпбұрыштың барлық бұрыштарының қосындысы (n-2)180° екенін еске түсіру және n-ші бұрыштың бір бұрышын табу формуласын бірге қорытып шығару: Әр жұпқа келесі есепті шығаруды ұсыну:
Шешуі: n=8 жоғардағы формулаға қойамыз, сонда дұрыс сегізбұрыштың бір бұрышы-135° тең.
а) оның әрбір бұрышы 140°-қа тең болса; ә) оның әрбір сыртқы бұрышы 36°-қа тең болса; Шешуі: оқушылар n-ші бұрыштың бір бұрышын табу формуласынан көпбұрыштың қабырғалар санын қорытып шығарады: Жауабы: а) n=9; ә) n=10
Топтық жұмыс. / Зерттеу жасау Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа дұрыс көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер жайлы және дұрыс көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер жайлы теоремаларды дәлелдеуді ұсыну. Оқушыларға келесі үлестірмелерді ұсыну.
Алынған нәтижелерді басқа топтарға таныстыру. Осы қасиеттер жайлы Видео 2, Видео 3 тамашалап болған соң, топтарға өз нәтижелерін тексеруді ұсыну. Дұрыс көпбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңбер центрлерінің орналасуын оқушылармен бірге талқылау. | Слайд кеспе Видео 1 https://www.youtube.com/watch?v=VYvEDTC40aQ | |||||||||||||
2 мин | Рефлексия: -нені үйреңдім -не түсініксіз болып қалды -немен жұмыс істеу керек | ||||||||||||||
Сабақтың соңы |
| ||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды