Дұрыс көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Миссия

Пайымдау

Жаһандық азаматтық

Өмір бойы білім алуға, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәсекеге қабілетті тұлғаның сәтті дамуына ықпал ету.

Өзгерістерге ашық, көшбасшылыққа дайын, өзі үшін, мемлекет пен әлем үшін жауапты мектеп қауымдастығы

Ғаламда әлем үшін бейбіт өмір сүру

 Бұл өзге халықтардың мәдениетінің, діндерінің әртүрлілігіне құрмет, инклюзияны, әлемдегі теңдік пен анти-нәсілшілдікті қолдау, табиғатқа адамгершілік көзқарас, әлемде болып жатқан нәрсені түсінуге сананың ашықтығы, өзгерістерге дайын болу, басқалардың тәжірибесін қабылдау және басқалардан үйрену қабілеті

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Мектеп: Талдықорған қ. ФМБ НЗМ

Күні: 18.04.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Какен М

Кәсіби даму мақсаты

Математика сабақтарында проблемалық оқыту әдістемесі арқылы оқушылардың талдау және жинақтау дағдыларын дамыту

Сыныбы: 9C

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер

Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.11дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты қорытып шығарады және қолданады;

 Сабақ мақсаты

 

әртүрлі есептерді шешу кезінде дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты формуласын қолдану дағдыларын қалыптастыру;

 Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер

-есептерді шешу кезінде дұрыс көпбұрыштың қабырғасы белгілі болған жағдайда, оған сырттай сызылған шеңбердің радиусын таба алса.

- дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты формуланы есептер шығару барысында дұрыс қолданса

 Дифференциация

- қиындық деңгейі бойынша (тапсырмалардың әртүрлі деңгейлері, орындау тәсілдері және т. б.),

- оқушылардың дербестік дәрежесі бойынша (өз бетінше немесе мұғалімнің көмегімен), - күтілетін нәтижелер бойынша (бірдей тапсырма – деңгейіне байланысты әртүрлі нәтижелер)

 Тілдік міндеттер

Оқушылар:

дұрыс көпбұрыштың қабырғасы арқылы іштей/сырттай сызылған шеңбер радиусының формуласын қорытып шығару алгоритмін түсіндіреді;

Сабақта мектеп миссиясы мен пайымдауынның, Жаһандық азаматтықтың жүзеге асырылуы

Миссия

-Зияткерлік қабілетін нығайту

-Шығармашылықты нығайту+

-Әлемдік білім беруді түсіну

-Инновацияларды жүзеге асыру+

-Көптілділікті жүзеге асыру

-Математиканы қолдану+

-Ғылымды жүзеге асыру+

ПАЙЫМДАУ

-Адамгершілікке бағытталған сапалы білім беру

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Патриоттыққа бағытталған жоғары сапалы білім беру

-Әлеуметтік жауапкершілікті дамыту+

-Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту+

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Әлемді жақсартуға үлес қосу

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

-Жайлылық

-Құрмет+

-Жарқындылық

-Ынтымақтастық+

-Мақсаттылық+

-Жауапкершілік+

-Өмір бойы оқу+

Құндылықтарды дарыту

Сыйласымдық, ашықтық, ынтымақтастық, патриотизм және жауапкершілік, еңбексүйгіштік пен шығармашылық, адалдық, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, денсаулық пен амандық, жаһандық азаматтық

 Пәнаралық байланыс

Информатика

АКТ қолдану дағдылары

Слайд

Осыған дейін меңгерілген білім

Дұрыс көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын біледі.

Білім алуға қолайлы жағдай туғызу, денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау

Жайлы атмосфера

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылатын сергіту сәттері және белсенді қызмет түрлері.

Осы сабақта қауіпсіздік ережелерінен қолданылатын тармақтар.

Сабақ барысы

Жоспарланатын сабақ кеезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1-2 мин

Ұйымдастыру сәті.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

қосымша

Сабақтың ортасы

3-13 мин

14-25 мин

26-35 минут

36-40 минут

4-8 есептерге

40-80 минут

Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты қорытып шығау.

Жеке жұмыс

Жеке жұмыс:

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы формуланы қолданады

Оқушы:

Дұрыс көпбұрыштың қабырғасын өрнектейді;

Формуланы қолданып кестені толтырады.

3 есеп

4 есеп

Жауабы: n=3

5 есеп

Дұрыс алтыбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы 5,6 см-ге тең. Берілген алтыбұрыштың периметрін табыңдар.

Жауабы: 33.6 см

6 есеп

Дұрыс бесбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы 1,8 см-ге тең. Дұрыс бесбұрыш периметрін табыңдар

7 есеп Дұрыс алтыбұрыштың қабырғасының ұзындығы 8 см. Оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табыңыз.

Жауабы: см, см.

8 есеп

Периметриі 48 см болатын дұрыс көпбұрыштың ішкі бұрышының шамасы 120, осы көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің аудандарын табыңдар.

Жауабы: 48π, 64π

9 есеп (Топтық жұмыс) Жоғары деңгей

Бекіту сұрақтары

  • Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты өзің қорытып шығара аласың ба?.

қосымша

Сабақтың соңы

78-80 мин

Үйге

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

қосымша

Сабаққа рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асты ма?

Оқу мақсатына барлық оқушылар жете алды ма? Жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау тиімді қолданылды ма?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлау үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағаннан сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

– Сұраққа жауап беруде қабілетті оқушылардын жауаптарын математикалық жолмен дәлелдеулерін талап етіледі;

Қойылған сұрақтың қиындығына және жауаптың толықтығын қадағалап тексеріп отырамын;

–-Ынталандыру, қолдау көрсету

Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу