Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2 B бөлім: Шеңбермен байланысты бұрыштар | Мектеп: НЗМ Талдықорған | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Нүсіпханұлы Б. | ||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.2.6 көпбұрышқа іштей сызылған шеңбердің анықтамасын және көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамасын біледі; 9.3.2.7 шеңберге іштей сызылған төртбұрыш туралы теореманы және шеңберге сырттай сызылған төртбұрыш туралы теореманы біледі және қолданады; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштарды салу ережелерін қорытып шығару, оларға есептер шығару | ||||||||
Жетістік критерийлері | Көпбұрышқа іштей сызылған шеңберді салады Көпбұрышқа сырттай сызылған шеңберді салады | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология
шеңбердегі пропорционал кесінділер. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқи алу, өз бетімен ақпаратты алу, жағдайды талдау, жаңа жағдайға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, өзінің және өз тобының жұмысының сапасына жауап бере алу, өз уақытын ұйымдастыра алу, сабақтарда түрлі мәдениет пен пікірлерге құрметпен қарауды тәрбиелеу біліктілігі. Құндылықтарды дарыту сабақта іс-әрекеттің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | экономика | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||||
Бастапқы білім | Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері мен бөліктерін біледі. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуын біледі. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 1 минут 6 минут | Ұйымдастыру кезеңі Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің және сырттай сызылған шеңбердің анықтамаларын еске түсіру | ||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 15 минут
20 минут 20 минут | Көпбұрышқа іштей сызылған шеңбердің және сырттай сызылған шеңбердің анықтамаларын айту. Кез келген үшбұрышқа шеңберді іштей салуға болатынын және кез келген үшбұрышқа шеңберді сырттай салуға болатынын айту. Мұндай шеңбердің центрлері қайда орналасқан? Осы шеңберлердің радиустарын қалай табуға болады? Сіз қандай көпбұрыштарды оқыдыңыз? Төртбұрышқа іштей сызылған шеңберді және сырттай сызылған шеңберді оқу. Кез келген төртбұрышқа шеңберді іштей салуға бола ма және кез келген төртбұрышқа шеңберді сырттай салуға бола ма екендігін білеміз. Оқушыларға оларға белгілі төртбұрыштарды салуды ұсыну. Бір оқушыларға бейнеленген төртбұрыштарға іштей сызылған шеңберді салуды ұсынып, басқаларға осы төртбұрыштарға сырттай шеңберді салуды ұсыныңыз. Тәжірибе нәтижесін оқушылармен талқылаңыз және қорытынды ретінде келесі тұжырымдарды анықтауға оқушыларды жетелеңіз:
Сұрақтар: Оқушылардың назарын қай кезде төртбұрышты шеңберге іштей салуға болатындығы шартына және қай кезде төртбұрышқа сырттай шеңбер салуға болатындығы шартына аударыңыз. Оқушыларды саны жұп болатындай топтарға біріктіріңіз. Топтарға теореманы дәлелдеуді ұсыныңыз. Есептер шығару. Сыныптың деңгейіне байланысты, оқушыларға тапсырманы орындауға көмек болатын тапсырмада амалдардың қадамын жазып шығуға, суреттерде қосалқы сызықтар жүргізуге болады. Мұғалім топтардың жұмысын тексереді. Келесі әртүрлі топтардың өкілдерінен оқушыларды жұпқа біріктіріңіз. Сыныпта өзара оқыту процесін ұйымдастырыңыз. Сабақты бекіту үшін оқушыларға қарапайымнан күрделіге қарай дайын сызбалармен тапсырмалар ұсыныңыз. Оқушыларды топқа біріктіріңіз, оқушылар жеке жұмыс жасайды, бірақ топта ақылдасуға мүмкіндіктері бар. Мұғалім топтардың жұмысын тексереді. | Қосымша 1 Қосымша 2 | |||||||
Сабақтың соңы 2 минут 1 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады Үй жұмысы: Қосымша 2 | 20, 21 кестелер | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?