file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Косинустар теоремасы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Үшбұрыштарды шешу

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерізімі:

Мұғалім аты-жөні:

Сыныбы: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Косинустар теоремасы

Оқу бағдарламасына сілтеме:

9.1.3.6 косинустар теоремасын білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • косинус теоремасын дәлелдейді және қолданады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • үшбұрыш ауданының іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарымен байланысын дәйектеп айта алады;

теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді;

  • үшбұрыштарды шешу;
  • синустар теоремасы;
  • косинустар теоремасы;
  • жарты периметр;
  • пропорционал кесінділер.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • үшбұрыштың кез-келген қабырғасының квадраты ... ;
  • ... қарсы жатқан бұрыштардың синустарына пропорционал;
  • үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы ... қатынасына тең;
  • ауданның жарты периметрге қатынасы ... болады;
  • медианалар қиылысу нүктесінде ... ;

биссектриса қабырғаны ... бөледі.

Құндылықтарды дарыту

Өткен сабақтарда қарастырылған косинустар теоремасы тақырыптарымен бірге жаңа тақырыпқа бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушылардың өмірлік білім жолын қалыптастыруға үйрету, өзіне деген сенімділігін, ойын ашық жеткізе білуге үйрету.

Пән аралық байланыстар

Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы және жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында қазақ тілі пәнімен байланыс орнатамын.

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып есептер шығарту арқылы оқушыларды АКТ қолдануды үйретемін.

Алдыңғы сабақтан алған білім

Үшбұрышқа іштей сызылған және сырттай сызылған шеңберлерді білу, үшбұрыштардың түрлерін, үшбұрыштың теңсіздігін, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынасты, үшбұрыштың аудан формулаларын білу, тікбұрышты үшбұрыштарды шеше білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқыту ресурстары

Ұйымдастыру кезеңі

(3 мин)

Сабақтың басы

(10 мин)

Мотивациялық кезеңі:

а) Сәлемдесу;ә) Оқушыларды түгендеу;б) Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру;

в)Үй жұмыстарының тексерілуін қадағалайды;

г)Интерактивті тақтаға үй жұмыстарының шешімдерін көрсетіледі;

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын ашу үшін сұрақтар қояды.

Сабақтың бағалау критерийлері мен тілдік мақсат айтылады.

Қайталауға арналған сұрақтар.

Оқушыларға «Тікбұрышты үшбұрышты шешу» тақырыбын қайталау үшін есеп беріңіз.

Есеп.

Теректің төбесі 650 бұрышпен көрінді, терекке 100м жақындап қарағанда 710 бұрышпен көрінді. Теректің биіктігін анықтаңыз.

Оқушылармен «Тікбұрышты үшбұрышты шешу» тақырыбы бойынша сауал жүргізіңіз.

1. Үшбұрыштың түрлерін атаңыз.

2. Үшбұрыштың негізгі элементтерін атаңыз.

3. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларын атаңыз.

4. Үшбұрыщтың теңдік белгілерін атаңыз.

5. Тікбұрышты үшбұрыштың теңдік белгілерін атаңыз.

6. «Тікбұрышты үшбұрышты шешу» дегенді қалай түсінесіз?

7. Тікбұрышты үшбұрыштың басқа элементтерін табу үшін оның қанша және қандай элементтерін білу қажет?

Оқушылармен «Үшбұрышты шешу» түсінігін талқылаңыздар.

Оқушылармен бірге косинустар теоремасын дәлелдеңіздер. Оқушыларға берілген бұрыштың косинусының мәнін есептеу және косинустың белгілі мәні арқылы бұрышты калькулятор көмегімен табу тапсырмаларын беріңіз.

Үшбұрышты шешу үшін косинустар теоремасының қолданылуы жайлы талқылау жүргізіңіз. Үшбұрыштың бұрышын оның қабырғалары арқылы табу формулаларын жазыңыз.

Оқушыларды топқа біріктіріңіз, есепті шығарып, оның алгоритмін жазғызыңыз. Теореманы дәлелдеңіздер.

Әр топтан бір адамнан шақырып жұптар құрыңыз. Олар жұпта өздерінің тапсырмаларының нәтижесімен бөліссін.

Білімдерін бекіту үшін әр жұпқа осыған ұқсас тапсырмалар ұсыныңыз. Тапсырма доғал бұрышты үшбұрыштарға қатысты болсын.

Презентация

Слайд 1

Слайд 2

Жеке жұмыс кезеңі

(15 мин)

Оқушыларға карточкалар беріледі, каточкалардағы тапсырмаларды достарының көмегінсіз өзі орындауы тиіс. (Қосымша№1)

  • Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген: 13, 14, 15. Осы үшбұрыштың үлкен бұрышының косинусын табыңыз.

Жауабы:

  • Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген: 13, 14, 15. Осы үшбұрыштың кіші бұрышының косинусын табыңыз.

Жауабы:

  • Дұрыс АВС үшбұрышының Д нүктесімен қосылған А төбесі оның ВС қабырғасын ВД=1, ДС=2 болып келетін кесінділерге бөледі. АД кесіндісін табыңыз.

Жауабы:

  • АВС үшбұрышының үш қабырғасы берілген: а=18 см, b=15 см, с=12 см. А бұрышының биссектрисасын табыңыз.

Жауабы:

  • Қабырғалары а= b= және а қабырғасына қарсы жататын А бұрышы 300-қа тең болатын үшбұрыштың үшінші қабырғасын табыңыз.

Жауабы: 3

  • ВС-ның квадратын табыңыз.

Жауабы: 19

Л.С Атанасян, И.Ф Бутузов Геометрия 7-9 сынып

Интернет

Топқа бөлу кезеңі

(15 мин)

Алдын ала стикерлер дайындалады. Стикерлерде үш топтың аты жазылған. Оқушылар кез келген стикерді таңдау арқылы өзінің қай топта екенін анықтап, сол топтың аты жазылған партаға отырады. Үш топтың аты көрсетілген стикердің біреуінде капитан деген жазуы бар стикерді алған оқушы сол топтың топ басшысы болып дағайындалады.

Топ №1.

1. АВС үшбұрышында АВ = 7 см, ВС = 5 см, В= 45°. АС қабырғасын, А және С бұрыштарын табыңыз.

2. Үшбұрыштың белгілі екі қабырғасы мен арасындағы бұрыш арқылы белгісіз қабырғасы мен бұрыштарын табу алгоритмін жазыңыз.

Топ №2.

1. МРК үшбұрышында МР = 5 см, РК = 8 см, МК = 7 см. Үшбұрыштың бұрыштарын табыңыз.

2. Үшбұрыштың белгілі үш қабырғасы арқылы бұрыштарын табу алгоритмін жазыңыз.

Презентация Слайд 3

Жұппен жұмыс кезеңі

(15 мин)

Оқушылар жұппен жұмыста топтың ішінде жұп құрып өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. (Қосымша№2)

  • Егер үшбұрыштың басқа екі қабырғасы және 10 см-ге тең болса, онда 1200 бұрышқа қарсы жататын қабырғасын табыңыз.

Жауабы:

  • Егер үшбұрыштың басқа екі қабырғасы см және 3 см-ге тең болса, онда 1350 бұрышқа қарсы жататын қабырғасын табыңыз.

Жауабы:

  • Қабырғалары және , сүйір бұрышы 600 болатын параллелограммның сүйір бұрыштарының төбелерін қосатын диагоналын табыңыз.

Жауабы:

  • МКРТ трапециясының табанындағы . Диагоналдар квадраттарының қосындысын табыңыз.

Жауабы: 188

  • Үшбұрыштың ауданы 44 см2. Ұзындықтары , болатын қабырғалары арасындағы бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 900

  • Параллелограмм қабырғалары және см. Егер оның ауданы 12 см2 болса, онда параллелограмның сүйір бұрышын табыңдар.

Жауабы: 600

Презентация Слайд 4

А3 парағы , түрлі-түсті маркерлер,

Л.С Атанасян, И.Ф Бутузов Геометрия 7-9 сынып

Интернет

Қалыптастырушы бағалау

(15 мин)

Оқушының аты-жөні ____________________________

Пәні: математика

Сыныбы: 9 « »

Бөлім: Үшбұрыштарды шешу

Оқу мақсаты:

9.1.3.6 косинустар теоремасын білу және қолдану;

1-тапсырма

Қабырғалары және , сүйір бұрышы 60° болатын параллелограммның сүйір бұрыштарының төбелерін қосатын диагоналын табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • сызбасын сызады;
  • параллелограммның көршілес бұрыштарының қосындысы 1800 екенін қолданады;
  • диогональ ұзындығын табады.

2-тапсырма

ABC үшбұрышының екі қабырғасы мен үшінші қабырғаға қарсы жатқан бұрышы берілген. Қалған екі бұрышы мен үшінші қабырғасын есептеңіз.

  • BC= 16см, AC=10см және С бұрышы 80°
  • BC= 7см, AC=23см және С бұрышы 130°.

Дескриптор: Білім алушы

  • сызбасын сызады;
  • косинустар теоремасын қолданып, теңдеу құрады;
  • есептеулер жүргізеді;

белгісізді табады.

Қалыптастырушы бағалауды алу себебім оқушылардың оқу мақсатына жеткендігін білу үшін

Презентация Слайд 6

Қалыптастыр-ушы бағалау 1

Reflection

( 4 мин)

Рефлексия

Менің есіме түсті ………………………………..

Маған қиын болды ……………..

Менің білгім келеді ………………………...

Мен орындай алмадым ………………………………

Мен оындағым келеді ………………………….

Презентация слайд 7

Үйге тапсырма (Homework)

3 мин

  • Диагоналдары d1=10 см, d2=12 см-ге, ал кіші қабырғасы см тең параллелограмның диагональдары арасындағы бұрышты табыңдар. Жауабы: 600
  • Үшбұрыштың екі қабырғасы және , ал олардың арасындағы бұрыштың синусы 0,6-ға тең. Үшбұрыштың қалған бұрышының синустары мен үшінші қабырғасын табыңдар.

Жауабы:

  • Қабырғадары , және болатын үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңдар.

Жауабы: .

Интерактивті тақта

Л.С Атанасян, И.Ф Бутузов Геометрия 7-9 сынып

Интернет

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейміз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексереміз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ құндылықтарымен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушымен жұптық жұмыс жасайды. Қабілетті төмен оқушыны сабаққа ынталандырып, сабақтың түсініксіз тұстарын түсіндіріп, өзінің сыныптасын абілімге баулиды өзі де тақырыпты қайталау арқылы білімін бекітеді.

Сыныптағы барлық оқушыны назардан тыс қалдырмай белсенділігіне байланысты мақтаулар, мадақтаулар айту.

Оқушының өзін-өзі бағалауға және сыныптаға белсенді оқушыны бағалап, әлі неге қол жеткізу керектігін ьағалау арқылы түсініп отырады.

Ойлауды дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара қарым-қатынаста өзін ұстау мәдениетін және қандай жағдай болмасын бірқалыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Қайталау арқылы еске түсіру

2. Қалыптастырушы бағалау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Тапсырмаларды топта талқылау

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топтағы оқушылардың тапсырманы орындауға толық қатысып отырғанына көңіл бөлу қажет



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу