Шеңберге іштей сызылған үшбұрыштардың ауданы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3B бөлім: Үшбұрыштарды шешу

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Есполов Б.Е.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шеңберге іштей сызылған үшбұрыштардың ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Шеңберге сырттай сызылған үшбұрыштың ауданы. S=abc/4R (9.1.3.8)

 Оқыту мақсаттары

Шеңберге іштей сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын біледі және қолдана алады.

 Бағалау ритерийлері

  • Шеңберге іштей сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын біледі және қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • үшбұрыш ауданының іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарымен байланысын дәйектеп айта алады;

теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • үшбұрыштарды шешу;
  • синустар теоремасы;
  • косинустар теоремасы;
  • жарты периметр;
  • пропорционал кесінділер.
  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: үшбұрыштың кез-келген қабырғасының квадраты ... ;
  • ... қарсы жатқан бұрыштардың синустарына пропорционал;
  • үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы ... қатынасына тең;
  • ауданның жарты периметрге қатынасы ... болады;
  • медианалар қиылысу нүктесінде ... ;

биссектриса қабырғаны ... бөледі.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге және адамгершілікке тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Физика, алгебра

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация

Бастапқы білім

Үшбұрыштар, төртбұрыштар. Синустар және косинустар теоремасы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Сабақтың ортасы

Теориялық бөлім

14 минут

Есептер шығарту

(Жеке жұмыс)

(20 мин)

Шеңберге іштей сызылған үшбұрыш

Топтық жұмыс

Әр топ кез келген үшбұрыштың ауданын , мұнда үшбұрыш қабырғалары, ал АВС үшбұрышының радиусы, формуласы арқылы табуға болатынын дәлелдейді.

Жетістік критерийлері:

  • Үшбұрыш ауданын формуласын қолданады
  • Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің раиусының формуласын біледі.
  • Радиус пен аудан формуласының қатысты зерттеу жүргізеді.

Ол үшін:

1) үшбұрыштың ауданы формуласын оның екі қабырғасы мен арасындағы бұрыш арқылы жазады .

2) сырттай сызылған шеңбер радиусының үшбұрыш қабырғасы мен қарсы жатқан бұрыштың синусына тәулділік формуласын пайдаланады . Формуладан бұрыштың синусын анықтаңыз .

3) аудан формуласына синустың мәнін қойып, қажетті формуланы түрлендіріп шығарады және салыстырады.

Миға шабуыл (ойлан, жұптас, бөліс)

Тікбұрышты үшұрышқа сырттай сызылған үшбұрыштың радиусының формуласын табыңыз, және оны қорытып беріңіз

Оқушылармен формуланы талдап, қорытып шығарғаннан кейін назарларын келесі мысалға аудару.

  • 1 1 Мысал: Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданы – ке тең.
  • Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

Жетістік критерийлері:

  • Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданының формуласын біледі.
  • Шеңберге сырттай сызылған үшбұрыштың ауданы қолданады.

Шешімі: формуласынан формуласын қорытып шығарамыз. аудан формуласынан теңдігіне келтіріп, үшбұрыштың қабырғасын тауып аламыз. формуласына қойып мәнін аламыз.

Өзіндік жұмыс.

Жетістік критерийлері:

  • Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданының формуласын біледі.
  • Шеңберге сырттай сызылған үшбұрыштың ауданы қолданады
  • Ізделінді мәнді табады.

B

1.Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы -ке тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңберлер радиустарын табыңдар. [3]

A

2. Үшбұрыштың гипотенузасы 12-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.[1]

B

3. Үшбұрыштың қабырғасы 1-ге тең. Оған қарама-қарсы жатқан бұрыш 300. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.[2]

B

4. Теңбүйірлі үшбұрыштың Bбүйір қабырғалары 40-қа, ал табаны 48-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар. [3]

С

5. Ауданы 42 см2 және екі қабырғасы 15см, 7см тең үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің ауданын табыңыз. [3]

Бағалау критерийлері: (Жұбыңды тексер)-әдісімен бірін бірін бағалау.

  • 10 ұпайдан жоғары А-А*
  • 7-9 ұпай арасы С - В
  • 1-6 ұпай арасы F-D

А.Н.Шыныбеков Геометрия 9 сынып

Zambak geometry 9 grade

ALİ

ЦZDUMAN

BAHAR

ЦZDUMAN

GEOMETRY

QUESTION BANK

MUHAMMET

Е.М.Рабинович

Геометрия 7-9 задачи на чертежах

Б.Г.Зив Геометрия 9 класс

Э.Н.Балаян Геометрия 7-9 класс задачи на чертежах

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы: Қосымша 1

  • Радиусы 6 см-ге тең болатын шеңберге іштей сызылған дұрыс үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жауабы:
  • Тік бұрышты үшбұрыштың бір катеті 10 дм-ге, ал осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы 13 дм-ге тең. АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.

Жауабы: 120 дм2

  • Тік бұрышты үшбұрыштың периметрі 24 см-ге, ал ауданы 24 см2-қа тең. Сырттай сызылған шеңбер радиусын тап.

Жауабы: 5 см

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедм

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Деген сұрақтарға жауап береді

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырмаларды шығарта отырып оқушының білімін арттыру

Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүреді

Сергіту жаттығулары орындалады

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу