Үшбұрыштың медианаларының қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3B бөлім: Үшбұрыштарды шешу

Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөн Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыштың медианаларының қасиеттері.

Оқу мақсаттары

9.1.2.6. үшбұрыштың медианаларының қасиеттерін біледі және қолданады;

 Сабақ

 мақсаттары

Барлығы: Үшбұрыштың медианаларының қасиеттерін біледі және оны қолданады.

Көпшілігі: Үшбұрыштың медианаларының қасиеттерін дәлелдейді

Кейбірі: Күрделі есептерді әр түрлі әдістер арқылы шығарады.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

 Үшбұрыштың медианаларының қасиеттерін дәлелдейді

 Үшбұрыштың медианаларының қасиеттерін біледі і және оны қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

 үшбұрыштарды шешу;

 синустар теоремасы;

 косинустар теоремасы;

 жарты периметр;

 пропорционал кесінділер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

 медианалар қиылысу нүктесінде … ;

биссектриса қабырғаны … бөледі.үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы … қатынасына тең;

 Cинуcтар теoремаcы – Теoрема cинуcoв – Law of sines

 Қарcы жатқан қабырғалар – Прoтивoпoлoжные cтoрoны – Opposite sides

Негізгі дағдылар

Сыни және креативті ойлау дағдылары

 Осы сабақта сыни және креативті ойлауды оқушыларға толық әрекет ету бостандығына ие болу арқылы дамыта алады. Оқушыларға көмек сұрауға таңдау еркіндігі беріледі

  - мұғалім

  - сыныптастар,

  - мәселені өз бетінше шешу.

 АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану,

 Интернет ресурстар

Құндылықтарды

дарыту

Жұптық және топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы,академиялық шынайылыққалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Сызу – тапсырманы орындаған кезде оқушылар сызбан жасайды.

Бастапқы білім

 

үшбұрыштардың түрлерін, үшбұрыштың теңсіздігін,үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынасты, үшбұрыштың аудан формулаларын білу, тікбұрышты үшбұрыштарды шеше білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу қажет.

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың ортасы

3 мин

3мин

2 мин

8 мин

8 мин

6 мин

IІ Жаңа материал

Оқушылармен бірге жаңа тақырыпты айқындау. Сабақ мақсатын талқылап, бағалау критерийлерін бірге құрастыру.

Оқушылар жаңа тақырып бастамас бұрын, олардың білу деңгейін тексеру үшін математикалық диктант ұсынамыз.

Жауаптарын ауызша топта тексереміз.

Презентация арқылы оқушылармен бірге үшбұрыш медианаларының қасиеттерін қарастырамыз.

Енді оқушылар жұпта үшбұрыш медианаларының қасиеттерін білу деңгейлерін тексеру үшін келесі тапсырма ұсынамыз. Бірінші тапсырмада білу деңгейін, ал екінші тапсырмада оқушылардың анализ жасау деңгейін тексереміз. Мұғалім жұмыстарын тексеріп, кері байланыс береді.

Жеке жұмыс. Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке орындайды. Содан кейін бір-бірін тексереді. Мұғалім оқушыларға қолдау көрсетіп, жауаптарын тексереді. Осы тапсырмада оқушылардың қасиеттерді қолдану деңгейін тексереміз.

Топтық жұмыс. Бұл тапсырмаларды оқушылармен топта талқылаймыз. Керек болса кейбір тапсырмаларын тақтада қарастыруға болады. Әр тапсырмаға мұғалім кері байланыс беріп отырады.

IІІ Қорытынды

Үшбұрыштың медианасының қасиеті: медианалар бір нүктеде қиылысып 2 : 1 қатынасында бөлінеді.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

3 мин

Рефлексия:

Нені білдім?

Не түсініксіз?

Нені білгім келеді?

Үй тапсырмасы:

  • АВС үшбұрышының ауданы 12-ге тең. В- доғал бұрышынан жүргізілген ВD медианасы 3-ке тең. ABD – тік бұрыш болса, АС қабырғасын табыңдар.
  • АВС үшбұрышында AD медианасы мен ВЕ биссектрисасы О нүктесінде қиылысады. АВС үшбұрышының ауданың табыңдар, егер AD перпендикуляр ВЕ және AOE= 2.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Өзара бағалау, ауызша комментарий, дайын жауап бойынша өзін-өзі бағалау

Оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрастырылған, эмоционалды жағдайына әсер етпейді. Денсаулыққа зиян келтіретін құрылғылар қолданылмайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақт саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері

сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу