Гомотетия және оның қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, презентация.
Гомотетия және оның қасиеттері
Оқу мақсаттары
9.1.4.11 гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін білу;
9.1.4.12 гомотетия кезінде әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу;
Сабақ мақсаттары
Гомотетия ұғымымен танысу және оның қасиеттерін қарастыру;
Гомотетия кезінде жазықтықтағы фигуралардың бейнелерін және түпбейнелерін салу.
Жетістік критерийлері
Оқушылар:
гомотетия анықтамасын біледі;
гомотетия қасиеттерін біледі;
гомотетия кезінде жазықтықтағы фигуралардың бейнелерін және түпбейнелерін сала алады.
Қайталау
Түрлендірулердің түрлерін ажыратыңдар (қосымша 1)
ОСЬТІК СИММЕТРИЯ
ЦЕНТРЛІК СИММЕТРИЯ
ПАРАЛЛЕЛЬ КӨШІРУ
БҰРУ
Қ
О
З
Ғ
А
Л
Ы
С
Гомотетия анықтамасы
Гомотетия — бұл ұқсастық түрлендіруі. Бұл – ұқсас фигуралар (сәйкес бұрыштары тең және қабырғалары пропорционал фигуралар) пайда болатын түрлендіру.
О – гомотетия центрі
ОВ′ = k∙ОВ
k – гомотетия коэффициенті.
Гомотетияның маңызды қасиеттерін қарастырайық.
1-қасиет. Коэффициенті k гомотетия кезінде әрбір вектор k-ға көбейтіледі.
2-қасиет. Гомотетия әрбір кесіндіні кесіндіге бейнелейді; гомотетиялы кесінділер параллель немесе бір түзу бойында жатады.
3-қасиет. Гомотетия бұрыштың шамасын сақтайды.
4-қасиет. Гомотетия үшбұрышты үшбұрышқа бейнелейді. Ол үшбұрыштардың қабырғалары пропорционал, ал сәйкес бұрыштары тең.
Келесі жағдайларды қарастырайық:
1-жағдай: k > 0
а) k > 1
б) k < 1
2-жағдай: k < 0
1-жағдай
а) k = 2О
ОА′ = 2∙ОА
ОВ′ = 2∙ОВ
ОС′ = 2∙ОС
1-жағдай:
б) k = 1/3А
В
С
О
А′
В′
С′
ОА′ = 1/3∙ОА
ОВ′ = 1/3 ∙ОВ
ОС′ = 1/3 ∙ОС
2-жағдай:
k = -2О
А
В
С
А′
В′
С′
ОА′ = |-2|∙ОА
ОВ′ = |-2|∙ОВ
ОС′ = |-2|∙ОС
Білу керек!
Центрлік симметрия, осьтік симметрия, бұру, параллель көшіру – геометриялық түрлендірулері гомотетиямен салыстырғанда қозғалыс болып табылады. Себебі оларда фигура өзіне тең фигураға бейнеленеді.
Гомотетиялы фигуралар – ұқсас, алайда ұқсас фигуралар әрқашан гомотетиялы емес (гомотетияда фигуралар орналасуы маңызды).
Тестік жұмыс
Жұптық жұмыс
Бекіту
Сабақ мақсаттары:
Гомотетия ұғымымен танысу және оның қасиеттерін қарастыру;
Гомотетия кезінде жазықтықтағы фигуралардың бейнелерін және түпбейнелерін салу.
Балалар! Осымен, сабағымыздың соңына да келіп жеттік. Естеріңізге түсіріңіздер:
Қозғалыстың қандай түрлері бар?
Гомотетияға анықтама беріңіз.
Гомотетияның негізгі қасиеттері қандай?
Гомотетия кезінде неге көңіл бөлу керек?
Сабақты қорытындылау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?