Жазықтықты түрлендіру және қозғалыстың түрлері. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3CФигураларды түрлендіру

Мектеп: ХББ НЗМ Қарағанды қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазықтықты түрлендіру және қозғалыстың түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

ГВ 10.8 гомотетияның анықтамасын және оның қасиеттерін біледі;

ГМ10.8 түрлендіру коэффициентінің таңбасы фигураның өзгеруіне әсер ететіндігін түсінеді (гомотетия мен инверсия);

 Сабақ

 мақсаттары

Жазықтықты түрлендірудің негізгі түрлерінің бірі- гомотетиямен танысу және оның қасиеттерін қарастыру.

 Жетістік

 критерийлері

  • Гомотетияның қасиеттерін біледі;
  • Гомотетия кезінде жазықтықтағы фигуралардың бейнелерін және түпбейнелерін сала алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Түрлендірілген фигураның салыну барысын сипаттайды;

Пәндік лексика мен терминология

  • Фигураларды түрлендіру;
  • Қозғалыс, ұқсастық;
  • Центрлік симметрия, осьтік симметрия, бұру, параллель көшіру, гомотетия;
  • Центрлі-симметриялы фигуралар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Нүктелер арасындағы қашықтық сақталады;
  • Нүктелер арасындағы қашықтық бірдей сан есе өзгереді;
  • … әртүрлі жақтарында;
  • … бір жағында;
  • … түзуіне ортақ перпендикулярында;
  • … бірдей қашықтықта;
  • фигура өз-өзіне көшеді;
  • берілген фигураның симметрия осі;

О центрімен бұрышқа бұрылу.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Өздігінен ақпаратты таба алу, жағдаятты талдай алу, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қою және оларды шеше білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұтымды пайдалана білу.

Аталған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар негізінде дарытылады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика тарихы, физика

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылар презентациямен жұмыс жасай алады, ИКТ жазу үшін қолданады.

Бастапқы білім

Үшбұрыштар теңдігінің қасиеттері туралы білімі; вектор ұғымы туралы білімі; үшбұрыштардың ұқсастық қасиеттері туралы білімі. Фигураларды бейнелеу кезінде сызба әрекеттерін қолдана алу дағдысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңілін бөлу

Презентация

Слайд 1-4

Сабақ ортасы

5 мин

13 мин

20 мин

15 мин

20 мин

Өткен сабақты қайталау. Презентациядан өткен сабақтың тақырыбын еске түсіру.

Жаңа тақырып. Фигураларды түрлендіру

Гомотетия ұғымдарымен танысу. Анықтамалары мен қасиеттерін түсіндіру. Өмірдегі қолданысы мен байланысын талқылау. Мұғалім мысалдар мен гомотетия коэффициентіне байланысты жағдайларды түсіндіреді.

Өзіндік жұмыс. Есептер шығару. (Гомотетия 1) Оқушыларға тапсырмалар таратылып беріледі. Өздігімен орындап өзара тексеру жұмысын жүргізеді

Жұптық жұмыс. Оқушылар 4 нұсқадаға есептерді орындайды. Өзара тексеру жүргізеді.

Есептер шығару . (Гомотетия 2)

Презентация

Сабақтың соңы

5 мин

Оқу мақсатына қайтып келіп, сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Жоғарыдағы тапсырмалар негізінде сұрақтар қойылады.

Сабақтың қай кезеңі ұнады?

Қай тапсырмалар сен үшін қиындық туғызды?

Сыныптастарыңның есеп шығаруда көмегі тиді ме?т.с.с.

Саралау

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.

Бағалау

Сабақ барысында мұғалімнің қалыптастырушылық бағалауы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу