Қозғалыс және оның қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3 В Жазықтықтағы түрлендірулер

Мектеп: ХББ НЗМ Қарағанды қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалыс және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.8 қозғалыстың түрлерін, композициясын және олардың қасиеттерін білу;

9.1.4.9 симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін салу;

9.1.4.10 жазықтықта түрлендіруді қолдана отырып есептер шығару;

 Сабақ

 мақсаттары

Жазықтықтағы фигураларды түрлендірудің бір түрі - қозғалыс пен оның қасиеттері туралы алған білімдерін бекіту.

Бағалау критерийлері

  • Қозғалыстың анықтамасын біледі;
  • Қозғалыстың түрлерін, композицияларын, қасиеттерін біледі;
  • Қозғалыс кезінде жазықтықтағы фигуралардың бейнелерін сала алады;
  • Жазықтықтағы түрлендіруді қолданып есептер шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Түрлендіру барысында не өзгеретінін және өзгергенде не өзгермейтіндігін ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика мен терминология

  • Қозғалыс;
  • Центрлік симметрия, осьтік симметрия, бұру, параллель көшіру;
  • Центрлі-симметриялы фигуралар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Нүктелер арасындағы қашықтық сақталады;
  • Нүктелер арасындағы қашықтық бірдей сан есе өзгереді;
  • … әртүрлі жақтарында;
  • … бір жағында;
  • … түзуіне ортақ перпендикулярында;
  • … бірдей қашықтықта;
  • фигура өз-өзіне көшеді;
  • берілген фигураныңсимметрия осі;
  • О центрімен бұрышқа бұрылу.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Құрмет. Есептердің шығару жолын талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірі мен санасып құрмет көрсетуі.

Ынтымақтастық. Берілген жұптық жұмыс тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық пен жауаптылық әртүрлі пікірлерді қабылдай алу.

Еңбек және шығармашылық. Өздігінен ақпаратты таба алу, жағдаятты талдай алу, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қою және оларды шеше білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұтымды пайдалана білу. Оқушылардың өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

Аталған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар негізінде дарытылады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Сәулет өнері

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылар презентациямен жұмыс жасай алады, ИКТ жазу үшін қолданады.

Бастапқы білім

Үшбұрыштар теңдігінің қасиеттері туралы білімі; вектор ұғымы туралы білімі; үшбұрыштардың ұқсастық қасиеттері туралы білімі. Фигураларды бейнелеу кезінде сызба әрекеттерін қолдана алу дағдысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

 Сабақтың тақырыбын хабарлаңыз және оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен оқу мақсатын анықтаңыз.

Слайд 1-4

Қайталау

5 мин

- Қозғалыс деген не?

- Қозғалыстың қасиеттерін атап өтіңіздер.

- Қозғалыстың қандай түрлерін білесіздер?

Слайд 5

Білімді жандандыру

5 мин

«Бос орынды толтыр» тапсырмасын орындау.

Центрлік симметрия

А мен А1 нүктелері О … қатысты … деп аталады, егер:

1. А, А1,О нүктелері бір түзуде жатса;

2. А мен А1 нүктелері О нүктесінің әртүрлі жақтарында жатса;

3. А мен А1 нүктелері О нүктесінен бірдей қашықтықта жатса.

Осьтік симметрия

Екі нүкте түзуге қатысты … деп аталады, егер нүктелер:

1. түзудің орта перпендикулярында жатса;

2. түзудің әртүрлі жағында жатса;

3. түзуден бірдей қашықтықта.

Бұру

Фигураның кез келген А нүктесін А1 нүктесіне көшіретін, центрі О, бұрышы α болатын, түрлендіруді ... деп атайды, егер:

1. АОА1= α

2. егер – сағат тіліне қарсы

егер –сағат тіліне бағыттас

3. ОА = ОА1

Параллель көшіру

Нүктелер көшеді:

1. параллель түзулер бойымен;

2. бір жаққа қарай;

3. бірдей қашықтыққа.

Өзара тексеру.

Бағалау критерийі:

- түсінік пен анықтаманы салыстырады;

- центрлік симметрия ұғымын анықтайды;

- осьтік симметрия ұғымын анықтайды;

- бұру түсінігін анықтайды;

- параллель көшіру түсінігін анықтайды.

Сабақ кезеңінің рефлексиясы:

- Қиындықтар қай жерде пайда болды?

- Неге? Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Слайд 6-7

Қосымша 1

Топтық жұмыс

10 мин

Топтағы ойын. Қозғалыс түрлері мен суреттер арасында сәйкестендіру жасау. Постер жабыстыру.

Бағалау критерийі:

- қозғалыс анықтамасын біледі;

- қозғалыс қасиеттерін біледі;

- түрлендірулерді сипаттамасымен сәйкестендіре алады.

Қосымша 2

Слайд 8

Жеке жұмыс

15 мин

Оқушыларға есептерді вертикаль бойынша (центрден), горизонталь бойынша (центрден) және диагональдар бойыша таңдау ұсынылады:

- горизонталь бойынша – А деңгейі;

- вертикаль бойынша – В деңгейі;

- диагональдар бойынша – С деңгейі.

Бұрыш және оның ішінде орналасқан А нүктесі берілген. Бұрыштың қабырғаларында орналасқан екі нүктені табыңыз, егер параллель көшіруде бұрыштың төбесі бір нүктеге, ал екінші нүкте А нүктесіне көшетіндей.

Параллель көшіру формуласындағы a мен b өлшемдерін табыңыз, егер:

1)(1;2) нүктесі (3;4) нүктесіне көшеді,

2) (2;-3) нүктесі (-1;5) нүктесіне көшеді;

3) (-1;-3) нүктесі (0;-2) нүктесіне көшетіні белгілі болса.

Параллель көшіруді пайдаланып, табаны мен бұрышы бойынша трапецияны бір табаны арқылы салыңыз.

(-3;4) нүктесіне:

1) х осіне;

2) у осіне;

3) координаталар бас нүктесіне;

қатысты симметриялы болатын нүктенің координаттарын тап.

С төбесі маңында 600 бұрышқа бұрғанда АВС үшбұрышы көшетін фигураны салыңыз.

А(1;4) мен В(-3;-4) нүктелері берілген. АВ кесіндісін:

а) Ох осіне;

б) С(-1;0) нүктесіне қатысты симметриялы көшіргендегі фигураны салыңыз.

Диаметрі АВ және центрі О нүктесі болатын шеңбер берілген. Егер М нүктесі АО ортасы болса, онда центрі М нүктесі болатын шеңберді центрлік симметрия кезінде бейнеленетін фигураны салыңыз.

А,В,С нүктелері берілген. С нүктесіне АВ түзуіне қатысты симметриялы С/ нүктесін салыңыз.

 Диаметрі АВ және центрі О нүктесі болатын шеңбер берілген. Берілген шеңбер осьтік симметрия кезінде CD осіне қатысты бейнеленетін фигураны салыңыз. Мұндағы CD-шеңбер хордасы,

 

Бағалау критерийі:

  • Қозғалыстың анықтамасын біледі;
  • Қозғалыстың түрлерін, композициясын және оның қасиеттерін біледі;
  • Симметрия, параллель көшіру, бұру кезінде фигуралардың бейнесін дұрыс салады.

Қосымша 3

Слайд 9

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия жүргізіледі:

- Мен ... білдім.

- Маған ... қызықты болды.

- Мен тағы да ... білгім келеді.

- ... тапсырма бойынша жұмыс маған көмектесті

- Мені ... таң қалдырды.

Үй тапсырмасы. Таратпа материалдағы тапсырма.

Слайд 10

Саралау

Жеке жұмыс тапсырмалары деңгейленген түрде ұсынылады.

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.

Бағалау

Сабақ барысында мұғалімнің қалыптастырушылық бағалауы. Бірін-бірі бағалауы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу