8-сыныптағы геометрия курсын қайталау. Геометрия, 9 сынып, презентация.
Осы ғимараттарды тұрғызуда қандай геометриялық фигуралар қолданылған?
Сабақ тақырыбы:
8-сыныптағы геометрия курсын қайталауСабақтың мақсаты:
Планиметрия бөлімінің негізгі ұғымдарын және олардың қасиеттері мен оларға байланысты формулаларды қайталауБағалау критерийлері:
Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формулаларын қорытып шығара алады;Төртбұрыш ұғымын және оның түрлері мен қасиеттерін біледі;Дөңес көпбұрыштармен байланысты есептерді шығара алады;Зерттеу жүргіз:
1. Кез келген дөңес бесбұрышты сал. Оның бір төбесін таңдап ал да, осы төбеден шығатын барлық диагональдарын жүргіз.
2. Жоғарыда келтірілгендей ұқсас пайымдауды қолданып, бесбұрыштың бұрыштарының қосындысын тап.
3. Енді алтыбұрыш пен жетібұрышты сал. Оларды бір төбеден шығатын диагональдар арқылы үшбұрыштарға бөл.
4. Кестенің бірінші жолы толтырылған. Өз суреттеріңді пайдаланып, келесі үш жолды толтыр. Соңғы екі жол саған өз бақылауларыңды қорытындылауға мүмкіндік береді.
Өзіндік жұмыс
Жер телімі квадрат пішінді және 7 бірдей периметрі 24 м болатын тіктөртбұрышты жүйектерге бөлінген. Жер телімінің периметрін тап.
Шешуі:
Периметрі 24 см болатын тіктөртбұрыштың енін х, ал ұзындығын 12-х деп белгілейік.
Жер телімі осындай 7 тіктөртбұрыштан құралатын болғандықтан квадраттын қабырғалары 7х және 12-х болады.
Квадраттың қабырғалары тең, демек
7х=12-х
8х=12
х=1,5
Квадраттың периметрі: P = 4∙(12-1.5)=42 (см)
Жауабы: 42 см.
Рефлексия:
- Не үйрендім?
- Не түсініксіз болды?
- Нені жақсартуым керек?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?