8-сыныптағы геометрия курсын қайталау. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

8-сыныптағы геометрия курсын қайталау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Планиметрия бөлімінің негізгі ұғымдарын және олардың қасиеттері мен оларға байланысты формулаларды қайталау

 Сабақтың мақсаты

Планиметрия бөлімінің негізгі ұғымдарын және олардың қасиеттері мен оларға байланысты формулаларды қайталау

 Бағалау критерийлері

  • Үшбұрыштың түрлері мен қасиеттерін біледі;
  • Төртбұрыш ұғымын және оның түрлері мен қасиеттерін біледі;
  • Дөңес көпбұрыштармен байланысты есептерді шығара алады;

 Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар планиметрия есептерін ауызша түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш үшбұрыш элементтері, дөңес және дөңес емес төртбұрыштар, іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Теңбүйірлі үшбұрыштың ... тең.

Дұрыс үшбұрыш деп … .

Дөңес төртбұрышқа шеңберді іште йсызу үшін … .

 Құндылықтарды дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Жауапкершілік және серіктестік құндылықтары оқушылар топтық жұмыста жұмыс жасаған уақытта жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер: Дұрыс көпбұрыштар мысалында әртүрлі архитектуралық ғимараттар және олардың құрылысы туралы айтылады.

Бастапқы білім

Оқушылар планиметрия курсының негізгі ұғымдарын біледі және олардың қасиеттерін есеп шығаруда қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасу

- Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау

-Оқушыларды әртүрлі түсті фигуралар арқылы берілген қағаз қиындылары көмегімен топтастыру

- Үй жұмысын тексеру.

Ұ

М: Киіз үйде қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыздар ?

О: Тіктөртбұрыш, параллелограмм, шеңбер

Сабақ тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін сұрақ түрінде оқушылармен бірге қарастыру.

Қосымша1

Презентация

1-2 слайдтар

3-6 слайдтар

Сабақ ортасы

10 минут

3 минут

10 минут

2 минут

5 минут

Т

Бұрынғы білетін ақпаратымызды еске түсіру мақсатында келесі тапсырманы орындаңыз.

1.АВС үшбұрышының В төбесіндегі сыртқы бұрышының биссектрисасы мен С бұрышының биссектрисалары (бұрыш А)-ға тең бұрышпен қиылысатынын дәлелдеңдер.

2.Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасына түсірілген медианасы гипотенузаның жартысына тең болатынын дәлелдеңдер.

Бағалау: келесі топ бағалайды.

Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

Үшбұрыштың түрлері мен қасиеттерін біледі;

Берілген үшбұрыштың бисектрисаларын жүргізе алады

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын есеп шығаруда қолданады

Есепті дәлелдей алады

Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

Үшбұрыштың түрлері мен қасиеттерін біледі;

Тік бұрышты үшбұрыштың анықтамасын біледі

Медиананың қасиетін біледі

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын есеп шығаруда қолданады

Есепті дәлелдей алады

Ж

3.Параллелограмның екі қабырғасының қатынасы 3:4 қатынасына тең, ал оның периметрі 28 см. Параллелограмның қабырғаларын табыңдар.

Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

Параллелограмм ұғымын және оның қасиеттерін біледі;

Параллелограмның анықтамасын біледі

Параллелограмның периметрін есептеу формуласын біледі

Параллелограмның қабырғаларын дұрыс табады

4.Ромбының периметрі 16 см, биіктігі 2 см. Ромбының бұрыштарын табыңдар.

Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

Ромб ұғымын және оның қасиеттерін біледі;

Ромбының анықтамасын біледі

Ромбының қабырғасын дұрыс табады

Тік бұрышты үшбұрыштың қасиетін дұрыс қолданады

Ромбының бұрыштарын дұрыс табады

Бағалау: оқушы тақтадағы дайын жауаппен келесі жұп бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

Ө

5.Тең бүйірлі трапецияның табандары 17см және 27 см. Ал сүйір бұрышы 600-қа тең. Оның периметрін табыңдар.

Жауабы: 64 см

6. Ромбының диоганальдары 10 және 10. Ромбының бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: 1200, 600.

7. Үшбұрыштың а-ға тең қабырғасына іргелес орналасқан бұрыштары -ға және -ға тең. Үшбұрыштың ауданын табыңдар.

Жауабы:

Бағалау: өзін-өзі бағалайды.

Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

Төртбұрыш ұғымын және оның түрлері мен қасиеттерін біледі;

Тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін дұрыс қолданады

Тік бұрышты үшбұрыштың қасиетін дұрыс қолданады

Тіктөртбұрыштың периметрін дұрыс табады

Ромбының қасиеттерін дұрыс қолданады

Тік бұрышты үшбұрыштың қасиетін дұрыс қолданады

Ромбының бұрыштарын дұрыс табады

Үшбұрыш ұғымын және оның қасиеттерін біледі;

Синустар теоремасын дұрыс қолданады

Үшбұрыштың қабырғасын дұрыс анықтайды

Үшбұрыштың ауданының формуласын дұрыс қолданады

Үшбұрыштың ауданын дұрыс табады

Қосымша 2

7-9 слайдтар

10-12 слайдтар

Қосымша 3

13 слайд

4-5 қосымша

Сабақ соңы

3 минут

Мұғалім сабақтың мақсатына қайта тоқталып, бүгінгі орындалған тапсырмаларға шолу жасап, мақсатқа жеткеніне көз жеткізеді.

Рефлексия:

- Не үйрендім?

- Не түсініксіз болды?

- Нені жақсартуым керек?

Үй жұмысы (оқулықтан) беріледі.

14 слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу