Вектор ұғымы. Векторларды қосу. Геометрия, 9 сынып, презентация.
9.1А ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ ВЕКТОРЛАР
Вектор ұғымы
Оқу мақсаттары
9.3.4.1 вектордың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың, коллинеар векторлардың, тең және қарама-қарсы векторлардың, векторлар арасындағы бұрыштың анықтамаларын біледі;
9.3.4.2 коллинеар, тең, қарама-қарсы векторларды және векторлар арасындағы бұрышты салуды біледі және суреті бойынша табады.
Жетістік критерийлері:
Оқушылар
қандай векторлардың коллинеар, тең немесе қарама-қарсы векторлар екендігін анықтайды және өз ойын түсіндіре алады;
векторлардың ұзындығы мен векторлар арасындағы бұрыштарды табуға берілген есептерді шығарады.
1.1 Келесі шамалардың қайсысы скалярлық шама, ал қайсылары векторлық шама?
Скалярлық шамалар Векторлық шамалар
температура,
ұзындық,
дененің қозғалысы,
аудан,
масса,
жылдамдық,
көлем,
ұзындық,
күш.
ABCD параллелограммына ВН биіктігі жүргізілген және О нүктесі – диагональдарының қиылысу нүктесі (2-сурет).
Қалай ойлайсыздар…?Қандай векторлара) тең векторлар;б) қарама-қарсы;в) бағыттас векторлар;г) қарама-қарсы бағытталған?а) – г) пункттарында қарастырылған әр ұғымға анықтаманы тұжырымдаңыз.Егер екі вектор бір түзудің бойында немесе параллель түзулердің бойында жататын болса, онда бұл векторларды
коллинеар (сызықтас) векторлар деп атайды. Нөлдік векторды кез келген векторға коллинеар деп есептейміз.АВ кесіндісінің ұзындығы вектордың ұзындығы немесе модулі деп аталады
Бағытталған кесіндіні вектор деп атайды
Вектордың басы
Вектордың ұшы
Жазықтықтың кез келген нүктесі вектор болып табылады. Бұл нөлдік вектор болады.
Нөлдік вектордың ұзындығы нөлге тең
Нөлдік вектордың басы мен ұшы беттеседі, оның бағыты болмайды.
Суретте көрсетілген векторды атаңыз. Вектордың басы мен ұшын көрсетіңіз.
Нөлдік емес екі вектор бір түзуде немесе параллель түзулерде жатса, оларды коллинеар векторлар деп атайды.
Коллинеар, бағыттас векторлар
Нөлдік вектор ,кез келген вектормен бағыттас және коллинеар болады.
Нөлдік емес екі вектор бір түзуде немесе параллель түзулерде жатса, оларды коллинеар векторлар деп атайды.
Коллинеар , қарама-қарсы бағытталған векторлар
Егер векторлар бағыттас және олардың ұзындықтары тең болса, онда олар тең векторлар деп аталады.
1
2
Тең векторлар жұбын табыңыз.
О – диагональдар қиылысу нүктесі.
Изобразите отрезок МК и разделите его точками А, В и С на четыре равные части.
Используя точки А, В, С, М и К, назовите:а) два противоположно направленных, но не противоположных вектора;МК кесіндісін салып, оны А, В және С нүктелері арқылы тең төрт бөлікке бөліңіз.
А, В, С, М және К нүктелерін пайдалана отырып:а) қарама-қарсы вектор емес, қарама-қарсы бағытталған екі векторды атаңыз;б) үш вектордың біреуі басқа екі векторға қарама-қарсы бағытталған векторларды атаңыз;
в) модульдері бойынша тең, бірақ тең емес екі векторды атаңыз;
г) модулі КМ векторының модулінің ¾ бөлігіне тең, КМ векторымен бағыттас векторды табыңыз.
а) Бағыттас векторлардың арасындағы бұрыш неге тең?
б) Қарама-қарсы бағытталған векторлардың арасындағы бұрыш неге тең?
Рефлексия- нені білдім, нені үйрендім- нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?