Координатадағы есептер шығару. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.
Қосымша №1 Жұптардағы жұмыс.
1. (6; 0) нүктесі арқылы және x2 + (y - 2)2 = 9 теңдеуімен берілген шеңбер центрімен өтетін түзу теңдеуін жазыңыз.
2. Егер А(-2; 4) және В(-2; -2) болса, диаметрі АВ болатын шеңбер теңдеуін жазыңыз.
3. Төбелерінің координаталары А(3; 2), В (0; 5), С (-3; 2), D (0; -1) болатын ABCD төртбұрыштың квадрат болатындығын дәлелдеңіз.
4. Төбелерінің координаталары А(-2;-3), В(1; 4), С(8; 7), D(5; 0)болатын ABCD төртбұрыштың ромб болатындығын дәлелдеңіз. Оның ауданын табыңыз.
Қосымша №2 Топтағы жұмыс.
1) Шеңбер центрі у = х + 2 түзуінде жататын, А (3; 0) және В (-1; 2) нүктелері арқылы өтетін шеңбер теңдеуін жазыңыз.
2) 3х - 1,5y + 1 = 0 және 2х - у - 3 = 0 теңдеулерімен берілген түзулердің параллель болатындығын дәлелдеңіз.
3) А(-2; 3), В(-3; 1) және С(1; 3) нүктелері берілген. АК – АВС үшбұрышының медианасы.
а) К нүктесінің координаталарын табыңыз.
б) АК медианасының ұзындығын табыңыз.
в) үшбұрыш медианаларының қиылысу нүктесінің координаталарын табыңыз.
4) АВС үшбұрышының А және С бұрыштары өзара теңдігін дәлелде, егер А(-5;6), В(3;-9) және С (-12;-17) болса.
Қосымша №3 Өзіндік жұмыс.
1) Центрі координат басы, C(2;-1) нүктесінен өтетін шеңбер теңдеуін жазыңыз.
2) KLMN параллелограммның үш төбесінің координаталары берілген: K(-4;2), L(0;5), M(12;0). Осы параллелограммның төртінші төбесінің координаталарын және периметрін табыңыз.
3) АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары А(-5; 13), В(3; 5), С(-3;-1). Табыңыз: а) үшбұрыш қабырғаларының орталарының координаталарын;
б) АС қабырғасына жүргізген медиананың ұзындығын;
в) АС қабырғасына параллель орта сызығының теңдеуін.
Қосымша:
Егер А(-3; 0), В(-3; 2), С(1; 0) болса, АВС үшбұрышының тік бұрышы төбесі және сырттай сызылған шеңбердің центрі арқылы өтетін түзу теңдеуін жазыңыз.
Қосымша №4
Үй жұмысы.
1. Лежит ли точка A(2;-1) нүктесі 2x-3y-7=0 теңдеуімен берілген түзуде жатады ма?
2. Егер центрі –(4;5) нүктесі, ал радиусы равен 2 –ге тең шеңбер теңдеуін жазыңыз.
3. A(-1; 3) және B(2; -1) нүктелерінің ара қашықтығын табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды