Координатадағы есептер шығару. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4A Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Координатадағы есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.14 координатасы бойынша жазықтықта екі нүкте арасындағы қашықтықты есептеу;

8.1.3.15 кесіндінің ортасының координатасын табу;

8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координатасын табу;

8.1.3.17 центрі (a; b) және радиусы r шеңбер теңдеуін білу:

8.1.3.19 берілген екі нүкте арқылы өтетін түзідің теңдеуін және жалпы теңдеуін жазу: ,

8.1.3.20 координатадағы қарапайым есептер шығару

 Сабақтың мақсаттары

 Оқушылар:

  • жазықтықта координаталары бойынша екі нүкте арасындағы қашықтықты есептеу;
  • кесіндінің ортасының координатасын анықтау;
  • центрі (a,b) және радиусы r шеңбер теңдеуін жазу

;

  • берілген екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуін жазу;
  • координатадағы қарапайым есептер шығару.

Бағалау критерийлері

 Оқушылар :

 - жазықтықтағы екі нүктенің ара қашықтығын есептейді;

 - координаталық жазықтықта екі нүкте арасындағы нүкте формуласын пайдаланады және кесіндіні берілген қатынаста бөлу формуласын пайдаланады;

 - формулаларды қолдану арқылы есептерді шешеді: екі нүктенің арасындағы қашықтығы, кесінді ортасының координаттары, центрі (a, b) және радиусы r шеңбердің теңдеуі, түзу теңдеуі;

 - координатадағы қарапайым есептер шығару әдісін қоданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- кесіндінің ортасының координатасын есептейтін формуланы және екі нүкте ара қашықтығын есептейтін формуланы қорытып шығаруды түсіндіре алады;

- кесіндінің ортасы координаттары мен нүктелер арасындағы қашықтық туралы түсініктеме бере алады;

- түзу мен шеңбер теңдеулерін құру жолын сипаттау;

- кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координатасын анықтауды талдайды;

- бұрыштық коэффициентке байланысты координаталық жазықтықтағы түзудің орналасуы туралы сипаттап береді;

- сұрақтарды жазбаша жазып қалыптастырады.

- ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады.

Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология:

- жазықтықтағы тікбұрышты координаттар жүйесі;

- фигура теңдеуі;

- кесіндінің ортасының координаталары;

- екі нүкте ара қашықтығының формуласы;

- шеңбер теңдеуі;

- түзу теңдеуі;

- шеңбер центрі;

- түзудің бұрыштық коэффициенті.

Сөйлесулер мен жазу үшін пайдалы сөзтіркестері:

  • А(х;у) нүктесінің координаталары – ....
  • нүкте кесіндінің ортасы болғандықтан ...
  • нүктенің координатасын білу арқылы ..... анықтаймыз;
  • ара қашықтықтарды теңестіру арқылы .... табамыз;
  • центрі ... нүктесіндегі және радиусы .... шеңбер теңдеуін құрамыз;
  • .... нүктелер арқылы өтетін түзу теңдеуін құрамыз;
  • егер нүкте координатасы ..... қанағаттандыратын болса, онда нүкте .... жатады (тиісті).

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Физика мен экономикамен байланыс. Сызықтық функцияның графигімен түзу сызықты қозғалыс және экономиканың кейбір процестері өрнектеледі

Бастапқы білім

Оқушылар түзу және шеңбер теңдеулерімен таныс. Нүктелердің ара қашықтығын кесіндінің ортасын берілген кесіндіні қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар координаталары бойынша нүктені салады және берілген нүктенің координатасын анықтай алады. Сызықтық теңдеуді біледі және графигін сала алады. Білімдерін белсендендіру координатадағы формулаларды қайталау арқылы топтық жұмыспен жүзеге асырылады.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

2-8

Сабақтың ортасы

I. Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушылар назарларын жинақтайды, оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтайды, оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтайды.

II. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау «жазықтықтағы екі нүктенің ара қашықтығы», «кесіндінің ортасының координаталары», «шеңбер теңдеуі». Жалпылама сұрақтармен қайталау.

Әр оқушы формулалары бар жеке тапсырмалар алады. Формулалар мен олардың аналитикалық түрлері арасында сәйкестіктерді анықтайды.кестені толтырып болғаннан кейін жауаптары талқаланып, қателіктер түзетіледі. Оқушылар мұғаліммен бірге теориялық материалды қайталайды, қажет болса, оларды жазып, айтып отырады. Мұғалім орындалған тапсырмаларға, координатадағы формулалардың қолданылғандығын көрсете отырып кері байланыс береді.

Слайд 1-3

Қосымша 1

Слайд 4-9

8-18

18-28

28-38

Оқушылар формулаларды қайталайды: екі нүктенің арасындағы қашықтығы, кесінді ортасының координаттары, центрі (a, b) және радиусы r шеңбердің теңдеуі, түзу теңдеуі.

Слайд көмегімен материалды қайталау көргенін есте сақтау арқылы анықтамалар мен формулаларды қайталауға мүмкіндік береді.

III. Есептер шығаруға практикум. Жұптардағы жұмыс.

Оқушылар жұптарда тапсырмаларды бір-бірімен салыстырып, ақылдасып орындайды. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін жұптар жауаптарын бір-бірімен тексереді және салыстырады, яғни өзара тексеріс іске асырылады.

Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға көмек көрсетеді, және оларды дұрыс бағыттап отырады.

IV. Практикалық тапсырма.

Топтардағы жұмыс. Сынып үш топқа бөлінеді. Оқушылар координата әдістерін қолдануға топтарда есептер шығарады. Шешулерін қағазға жазады. Сосын жауаптарын басқа топ оқушыларының жауаптарымен салыстырып, есеп шешуін бір-біріне түсіндіріп өзара тексеру жүргізеді.

Мұғалім оқушылардың жұмыс барысында оларды бақылайды, қажет болған жағдайда көмек береді, шешу жолын түсіндіреді, өзіне ары қарай жұмыс барысында өзгертулер енгізу үшін нұсқаулар жасайды.

V. Оқушылардың өзіндік жұмыстары.

Оқушылар тапсырмаларды орындарында жеке орындайды. Мұғалім жұмыс барысын, шешуін бақылайды, қиындық туындап отырған оқушыларға көмектеседі.

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, белгісіз элементтерді анықтайды.

Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады.

Қосымша 3

Қосымша 4

Стикерлер

Сабақтың соңы

38-40

7. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады:

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қайталау кезеңінде оқушылар өз қалаулары бойынша, оқу ақпаратын еске түсіру үшін: білім, түсіну (сызба), талдау (талдау және салыстыру) мақсатында өз деңгейін таңдап бөлінеді. Сабақта ақпаратты әртүрлі тәсілмен еске түсіру оқу ақпараты қолданылады. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі көмектер көрсетіледі. Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлі топтарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Жақын даму аймағын анықтау барысында диагностикалық бағалау қолданылады. Білімді меңгеру кезеңінде оқушылар критерийлер бойынша жұмыс жасап, салыстыру, қолдану дағдылары қалыптасады.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың координатадағы формулаларды қолдана алу дағдалары тексеріледі. «8.1.3.20 координатадағы қарапайым есептер шығару» мақсаты бойынша алдын-ала алынған білімдері формативті бағаланады.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда, сыныптағы қозғалыс кезіндегі және «Құмырсқа илеуі» тапсырмасын орындаудағы қауіпсіздік ережелерін қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу