Үшбұрыш ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 6 сабақ.
Қысқамерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3Аудан. Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары | Мектеп: Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Сабақ: 6 | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Үшбұрыш ауданы | ||||||
Сабақтың түрі | Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.12 үшбұрыш ауданының формуласын формуласын қорытып шығарады және оны қолданады. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Үшбұрыштың ауданының формуласын қорытады, дәлелдеуін біледі. Үшбұрыштың ауданын басқа да тәсілдермен есептеп, салыстырады. Жеке жағдайларды қарастыра отырып, жалпы формуланы шығарып алу. | ||||||
Бағалау критерийлері | -үшбұрыштың ауданының формуласын біледі; -үшбұрыш ауданының формуласын қорытып шығарады; -есептің математикалық моделін дұрыс құрады; -есеп шығаруда формуланы дұрыс қолдана алады. Жеке жағдайларды қарастыра отырып, жалпы формуланы шығарып алу. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды; - формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды; - фигуралар аудандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді; - есептердің шешімдерінің қадамын сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология: - шама, өлшем бірлігі; - ауданы, ұзындығы, ені; - периметр, жарты периметр; - жай фигура, жазық фигура; - тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар; - көпбұрыш ауданы; - төртбұрыш ауданы; - параллелограмм ауданы; - квадрат ауданы; - тіктөртбұрыш ауданы; - ромб ауданы; -үшбұрыштың ауданы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм /ромб/ ауданын анықтау үшін ... қажет - ...формуланы қолдану үшін ..... қажет. - егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы …. - тең шамалас ... бөліңіз. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сұрақтар қою, салыстыру жүргізу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға ықпал ету, бірлесіп проблеманы шешуге, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға дағдыландыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Үшбұрыштың ауданын табуды практикалық жағдайларда қолдану. | ||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары | Компьютерлік бағдарламаларды пайдалану. http://bilimland.kz сайттарындағы тапсырмаларды орындау. | ||||||
Бастапқы білім | Үшбұрыштың түрлері, тік бұрышты үшбұрыш, теңшамалас фигуралар, төртбұрыш ауданы, параллелограмм ауданы, квадрат ауданы, тіктөртбұрыш ауданы, ромб ауданы. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 6 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын қадағалайды. Үй жұмысына берілген тест тапсырмасын әр оқушы дайын жауаптар кілтімен тексереді, өз білімінің деңгейін анықтайды. (І нұсқа орындаған оқушыларға ІІ нұсқа, және керісінше). | ||||||
Сабақтың ортасы 15 мин 15 мин | ІІ. Тақырыпты бекіту Сараланған тапсырмалар орындайды. Тапсырманы оқушылар өздері өз деңгейіне байланысты таңдайды. А деңгей. 1, 2, 3, 4, 5, 6- тапсырмалар. В деңгей. 7, 8, 10, 11 - тапсырмалар. С деңгей. 12, 13- тапсырмалар. Орындаған тапсырмасының шешуін сынып бөлмесінің әр қабырғасында ілінген шешімдермен салыстырады. ІІІ. Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру Үш топпен жұмыс орындалады. Күрделі тапсырмалар орындау барысында қабілеті жоғары оқушыларға жоғары талап қойылады, мұғалім оларды басты назарда ұстайды. №1. Биіктіктері 12, 15 және 20 болатын үшбұрыштың ауданын табыңыз. Шешуі: S белгісіз ауданды көмекші айнымалы ретінде пайдаланамыз. Осы арқылы үшбұрыштың белгісіз қабырғалары мен биіктіктерін өрнектейміз: Пайда болған шамалардың (3, 4, 5) қатынастары үшбұрыш қабырғаларының қатынастарына тең. Бұдан Пифагор теоремасына кері теорема бойынша үшбұрыш тікбұрышты, ал үлкен екі биіктігі оның катеттері болады, яғни S = · 15 · 20 = 150. Жауабы: 150. №2. Кез келген үшбұрыштың биіктіктері осы үшбұрыштың өзі түсірілген қабырғаларына кері пропорционал болатынын дәлелдеңіз. және -АВС үшбұрышының биіктігі болсын. Сонда . Бұдан №3. АВС үшбұрышының және медианалары М нүктесінде қиылыссын. Егер АВС үшбұрышының ауданы 1-ге тең болса, үшбұрышының ауданын табыңыз. Шешуі: Үшбұрыш медианаларының қасиеттері бойынша Топтар джигсо әдісімен тапсырманың шешуі мен түсіндірмесін сағат бағытымен ауысып, келесі топқа түсіндіреді. Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалап, қорытынды жасайды.
| Презентация. (1-3-слайд) Презентация. (4-слайд) Презентация. (5-слайд) Дидактикалық материалда Презентация (6-8 слайд) Презентация (9-10 слайд) Презентация (11-13- слайд) Презентация (14-15- слйд) | |||||
Сабақтың соңы 4 мин | ІV. Үй тапсырмасы. бойынша порталға кіріп, тапсырманы орындауға да болады. (таратпа материалды ұсынуға болады)
Кері байланыс Үшбұрыш ауданын формулаларын қолдануда өзіңізді енді суреттегі қандай адаммен сәйкестендіресіз? Неліктен? Стикерге нөмірі мен себебі қысқаша жазылады. | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылардың тақырыпты бекітуде теореманы дәлелдеу барысында қабілеті жоғары оқушыларға жоғары талап қойылады. | Қалыптастырушы бағалау арқылы өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды. | Сергіту сәтін ұйымдастыру | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әдебиеттер:
- Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия-8. 16-24,78-83 беттер.
- Л. С. Атанасян. « Дополнительные главы по геометрии» 7-9 кл
- Р.К. Гордин. Геометрия. Планиметрия. 7–9 классы. 3-е изд., испр. М.: МЦНМО, 2006. 416 с.: ил.
- А.Г. Гайштут, Г.Н. Литвиненко Планиметрия: Задачник к школьному курсу.-М. :АСТ-ПРЕСС: Магистр-S , 1998. -112с.
- О. П. Зеленяк. Решение задачпо планиметрии. Киев, Москва: ДиаСофтЮП, ДМК Пресс, 2008. — 336 с.
- https://www.youtube.com/watch?v=4E3qRey9Zqk
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды