Үшбұрыш ауданы. Геометрия, 8 сынып, презентация, 2 сабақ.
Бөлім: Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары
Тақырып: ҮШБҰРЫШТАРДЫҢ АУДАНДАРЫ
ОҚУ МАҚСАТЫ
8.1.3.12
үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Оқушылар:
біледі:
үшбұрыш ауданын анықтаудың қарапайым формуласын;
ауданының формуласын қорытып шығаруды;
қолдана алады:
формуланы кез-келген үшбұрыш ауданын табуға.
ҚАЙТАЛАУ
Үшбұрыштың ауданын қалай табамыз, егер оның табаны мен сол табанға жүргізілген биіктігі бар болса?
Тік бұрыштың синусы нешеге тең?
Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы?
Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не?
ҚАЙТАЛАУ
Салдар. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы оның катеттерінің көбейтіндісінің жартысына тең.
Теорема 1. Үшбұрыштың ауданы оның табаны мен сол табанға жүргізілген биіктігінің көбейтіндісінің жартысына тең.
Есептер
Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы табыңыздар, егер оның катеттері:
а) 4 см және 7 см;
б) 1,2 м және 35 дм екені белгілі болса.
Жауабы:
а) 14 см2;
б) 2,1 м2.
Теорема 2. Үшбұрыштың ауданы оның екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыштың синусының көбейтіндісінің жартысына тең.
Кішкентай тік бұрышты үшбұрышты қарастыру;
Сол кіші үшбұрыштағы С бұрышының синусын жазу;
Табылған өрнектен биіктікті тауып алыңыз;
Табылған биіктікті мына формлаға қойыңыз.
Тапсырма 1
Қабырғасының ұзындығы a болатын дұрыс үшбұрыштың ауданын табыңыздар.
Тапсырма 2
Үшбұрыштың медианасы осы үшбұрышты теңшамалы екі үшбұрышқа бөлетінін дәлелдеңіз.
Дәлелдеуі: CM –ABC үшбұрышының медианасы болсын. Онда AMC және BMC үшбұрыштары тең шамалы және олардың қабырғалары AM = BM. Сонымен қатар, CH – екі үшбұрыштың ортақ биіктігі болсын. Енді үшбұрыш ауданы формуласымен екі үшбұрыштың аудандарын жеке-жеке табатын болса, тең аудан шығады.
Рефлексия.
Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …
Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …
Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …
Үй тапсырмасы. №12,13 (қосымша 3)
Ақпарат көздері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?