Трапеция ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A Аудандар | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Класс: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Трапеция ауданы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану | |||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар :
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Тік бұрышты үшбұрыштың элементтерін атап айтады; Пифагор теоремасын қалыптастырады; Үшбұрыштың белгісіз элементін ауызша айтып белгілейді. Сұрақтарды жазбаша жазып қалыптастырады. Ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: Тік бұрышты үшбұрыш, катет, гипотенуза, тік бұрышты үшбұрыш, төртбұрыш, төртбұрыш аудандары, катеттердің квадраттарының қосындысы, тік бұрыш, биіктік, трапецияның орта сызығы. Сөйлесулер мен жазу үшін пайдалы сөзтіркестері: Тік төртбұрыштың ауданы…… Параллелограммның ауданы .... Үшбұрыштың ауданы.... Квдараттың ауданы .... Төртбұрыштың периметрі.... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Архитектурамен байланыс, ғимарат моделін жасау барысында трапеция моделі қолданылады. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады. Білімдерін белсендендіру төртбұрыштар қасиеттерін қайталау арқылы жүзеге асырылады. | |||||
Сабақ барысы: | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-3 3-5 5 - 8 | I. Ұйымдастыру кезеңі: 1) оқушылар назарларын жинақтау; 2) оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтау; 3) оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтау. II. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау. Трапеция анықтамасын естеріне түсіреді: Трапеция — қарама қарсы екі қабырғасы параллель, ал екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты атаймыз. Трапецияның параллель қабырғалары табандары, ал параллель емес қабырғалары - бүйір қабырғалары деп аталады. Оқушыларға жұптарда төртбұрыштар аудандарын есептейтін формулаларды қайталауды ұсыныңыз. III. Мәселе туралы мәлімдеме: «Трапецияның биіктігі кіші табанға тең және үлкен табаннан екі есе кіші. Егер оның ауданы 54 болса, трапецияның биіктігін табыңыз. Оқушылар ұсынылған проблеманы шеше алмайды, өйткені олар әлі трапеция ауданын зерттемеген және бұл туралы баяндайды. Мәселе туындайды: трапеция ауданы қалай есептеледі? | Презентация | ||||
Сабақтың ортасы 8 - 20 20 - 36 | IV. Жаңа материал қарастыру. Трапеция ауданының формуласын қорытып шығару үшін есте сақтауға қолайлы тәсілді таңдаңыз. Оқушылар жұптарда, дайын сызбаның көмегімен трапеция ауданының формуласын дәлелдейді. 1) . 2) Қарапайым фигуралардың аудандарын формулаға қойып келесі формуланы алады: Формуланы қорытып шығарғаннан кейін мұғалім оқушыларға дәләлдеу барысы бойынша сұрақтар қояды, оқушылар бірін бірі толықтырады, мұғалім қажет болған жағдайда түсініктеме береді.
Бағалау критериі Тік бұрышты үшбұрыш ауданының формуласын қолданады. Тік төртбұрыш ауданының формуласын қолданады. Үшбұрыш ауданының формуласын қолданады. Трапеция ауланының формуласын қорытып шығарады. Қабілеті төмен оқушыларға дайын дәлелдемесі көрсетілген сызба беріледі. Осы материалды нұсқаулыққа алып, оқушылар формуланы басқа сызбаға дәлелдейді.
bilimland порталынан видео көру. V. Жұптардағы жұмыс. Оқушылар жұптарда жаңа материалды бекітуге тапсырмалар орындайды. Өзара тексеріс жасайды. Мұғалім қажет болған жағдайда бағыттаушы сұрақтар қояды және шешуін түсіндіріп талдайды. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, трапецияның белгісіз элементтерін анықтайды. Қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетіліп отырылады. VI. Білім беру мақсатына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқа илеуі» тапсырмасы көмегімен. Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсініксіз тапсырма бойынша бір сұрақ жазады. Егер оқушылар қиындық көрмесе, сыныптастар үшін қызықты сұрақ құрастыруы мүмкін. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптары деңгейіне қатысты кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. | Қосымша 1 Видеоролик https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/8-synyp/parallelogramnyng-trapecziyanyng-audany Трапеция ауданы Қосымша 2 Қосымша 3 | ||||
Сабақтың соңы 36-40 | 7. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады: Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім … Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым … Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім … Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. | Стикерлер | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қайталау кезеңінде оқушылар өз қалаулары бойынша, оқу ақпаратын еске түсіру үшін: білім, түсіну (сызба), талдау (талдау және салыстыру) мақсатында өз деңгейін таңдап бөлінеді. Сабақта ақпаратты әртүрлі тәсілмен еске түсіру оқу ақпараты қолданылады. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі көмектер көрсетіледі. Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлі топтарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды. | Жақын даму аймағын анықтау барысында диагностикалық бағалау қолданылады. Білімді меңгеру кезеңінде оқушылар критерийлер бойынша жұмыс жасап, салыстыру, қолдану дағдылары қалыптасады. Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында трапецияның ауданының қасиетін қолдана алу дағдалары тексеріледі. | Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?