Трапеция ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A Аудандар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Трапеция ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

 Сабақтың мақсаттары

 Оқушылар:

  • трапеция ауданының формуласын қорытып шығара алады;
  • трапеция ауданының формуласын есептер шығаруға қолдана алады.

Бағалау критерийлері

  • Оқушылар сызба бойынша трапеция түрін анықтай алады.
  • Трапеция ауданының формуласын қорытады;
  • Трапеция ауданының формуласын есептер шығаруға қолданады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тік бұрышты үшбұрыштың элементтерін атап айтады;

Пифагор теоремасын қалыптастырады;

Үшбұрыштың белгісіз элементін ауызша айтып белгілейді.

Сұрақтарды жазбаша жазып қалыптастырады. Ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады

Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология:

Тік бұрышты үшбұрыш, катет, гипотенуза, тік бұрышты үшбұрыш, төртбұрыш, төртбұрыш аудандары, катеттердің квадраттарының қосындысы, тік бұрыш, биіктік, трапецияның орта сызығы.

Сөйлесулер мен жазу үшін пайдалы сөзтіркестері:

Тік төртбұрыштың ауданы……

Параллелограммның ауданы ....

Үшбұрыштың ауданы....

Квдараттың ауданы ....

Төртбұрыштың периметрі....

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Өнермен байланыс, фигуралар суреттерін салу барсысында.

Жобалаумен байланыс, сызбаларды дайындау барысында.

Киім тігуде және оның сұлбасын салуда қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады. Білімдерін белсендендіру төртбұрыштар қасиеттерін қайталау арқылы жүзеге асырылады.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

3-8

8-10

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1) оқушылар назарларын жинақтау;

2) оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтау;

3) оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтау.

II. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау. Оқушыларға жұптарда төртбұрыштар аудандарын есептейтін формулаларды қайталауды ұсыныңыз. Сыныпты үш топқа бөліңіз. Дайын сызбадағы тапсырмалар таратып беріңіз. Оқушылар дайын сызбадағы тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды. Тапсырманы орындап болғаннан кейін олар дәптерлерімен алмасады және өз көршілерінің жұмыстарын тексереді, бағалайды. Есептерді орындау барысында бір бірімен пікір алмасады. Әрбір есептің шешуі бір немесе бірнеше оқушымен комментария жасалынады. Жауаптары презентациядағы дайын жауаптармен тексеріледі. Өзара тексеру мен өзін өзі тексеру орындалады. Мұғалім қадағалайды, қажет болған жағдайда консультация жасайды және бағыттайды.

Бағалау критериі:

Параллелограмм ауданының формуласы дұрыс қолданылған.

Тік төртбұрыш ауданының формуласы дұрыс қолданылған.

Ромб ауданының формуласы дұрыс қолданылған.

Квадрат ауданының формуласы дұрыс қолданылған.

III. Мәселе туралы мәлімдеме: оқушылар сын тұрғысынан ойлауға тапсырма орындайды. Мұғалім оқушыларға трапеция ауданын қорытып шығаруды ұсынады. Оқушыларға келесі сұрақтар қойыңыз:

Осы фигуралардың аудандарының формулаларын қолданып, трапеция ауданының формуласын қорытып шығаруға болады? Трапецияны қандай қарапайым фигураларға бөлуге болады?

Оқушыларға трапецияны өздері аудандарын таба алатын қарапайым фигураларға бөлу ұсынылады. Мұғалім кері байланыс береді.

3. Мақсат қою. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • трапеция ауданының формуласын қорытып шығару;
  • трапеция ауданының формуласын есептер шығаруға қолдану.

Презентация

Сабақтың ортасы

10-17

17-23

23 - 32

32-36

IV. Жаңа материал қарастыру.

Әр топқа ватман қағазы таратылады. Аудандар қасиеттерін пайдаланып, трапеция ауданының формуласын қорытып шығарады. Әр топ трапеция ауданын қорытып шығару үшін өздері сызба моделін таңдайды.

1) трапецияны екі үшбұрышқа бөлу арқылы:

2) Трапецияны параллелограмм мен үшбұрышқа бөлу:

3) Трапецияны тік төртбұрыш пен екі тік бұрышты үшбұрышқа бөлеміз.

Әр топ өз дәлелдемелерін постерда презентация жасайды. Оқушылар барлығы бірдей формуланы қорытып шығарғандықтарына көз жеткізеді. Мұғалім жұмыс барысында оқушылар жұмыстарын бақылайды жіне түзетілер енгізеді.

bilimland порталынан видео көру.

5. Бекіту. Мұғалім оқушылармен бірге алынған формуланы қолданатын мысал талдайды.

6. Жұптардағы жұмыс.

Оқушылар жұптарда бір бірімен ақылдасып жұмыс жасайды. Мұғалім бақылайды, қажет болған жағдайда консультация жасайды. Формативтік бағалау жүргізеді.

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, трапецияның белгісіз элементтерін анықтайды.

Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады.

VI. Білім беру мақсатына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқа илеуі» тапсырмасы көмегімен.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсініксіз тапсырма бойынша бір сұрақ жазады. Егер оқушылар қиындық көрмесе, сыныптастар үшін қызықты сұрақ құрастыруы мүмкін. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптары деңгейіне қатысты кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.

Қосымша 1

Видеоролик https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/8-synyp/parallelogramnyng-trapecziyanyng-audany

Трапеция ауданы

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

36-40

7. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады:

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қайталау кезеңінде оқушылар өз қалаулары бойынша, оқу ақпаратын еске түсіру үшін: білім, түсіну (сызба), талдау (талдау және салыстыру) мақсатында өз деңгейін таңдап бөлінеді. Сабақта ақпаратты әртүрлі тәсілмен еске түсіру оқу ақпараты қолданылады. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі көмектер көрсетіледі. Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлі топтарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Жақын даму аймағын анықтау барысында диагностикалық бағалау қолданылады. Білімді меңгеру кезеңінде оқушылар критерийлер бойынша жұмыс жасап, салыстыру, қолдану дағдылары қалыптасады.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында трапецияның ауданының қасиетін қолдана алу дағдалары тексеріледі.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу