Трапеция ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A Аудандар | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Класс: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Трапеция ауданы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану | |||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар :
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Тік бұрышты үшбұрыштың элементтерін атап айтады; Пифагор теоремасын қалыптастырады; Үшбұрыштың белгісіз элементін ауызша айтып белгілейді. Сұрақтарды жазбаша жазып қалыптастырады. Ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: Тік бұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция, катет, гипотенуза, тік бұрышты үшбұрыш, төртбұрыш, төртбұрыш аудандары, параллелограмм ауданы, катеттердің квадраттарының қосындысы, тік бұрыш, биіктік, трапецияның орта сызығы. Сөйлесулер мен жазу үшін пайдалы сөзтіркестері: Тік төртбұрыштың ауданы…… Параллелограммның ауданы .... Үшбұрыштың ауданы.... Квдараттың ауданы .... Төртбұрыштың периметрі.... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Өнермен байланыс, фигуралар суреттерін салу барсысында. Жобалаумен байланыс, сызбаларды дайындау барысында. Киім тігуде және оның сұлбасын салуда қолданылады. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады. Білімдерін белсендендіру төртбұрыштар қасиеттерін қайталау арқылы топтық жұмыспен жүзеге асырылады. | |||||
Сабақ барысы: | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-10 | I. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау. Сыныпты үш топқа бөлінеді. Әр топ 8.1.3.13 «трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану» мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Мақсатты мұғалім алдын ала тақтаға жазып қояды. Әр топ бастапқыда трапеция ауданын қорытып шығару жолын қайталайды, содан соң презентациядағы есептерді шығарады. Оқушылар топтарда жұмыс нәтижелерін талдайды, шешімі мен жауаптарын салыстырады, ұқсастығы мен ерекшеліктерін атап айтады. Бағалау критериі: Трапеция ауданының формуласы дұрысқорытылған. Берілген трапециялардың аудандары дұрыс есептелініп, табылған. Трапециялардың тең шамалылығы дұрыс анықталған. | Слайд 1-3 Слайд 4-9 | ||||
Сабақтың ортасы 10-24 24-35 35-38 | 2. Топтардағы жұмыс. Оқушылар топтарда трапеция ауданын қолдануға есептер шығарады. Мұғалім қажет болғанына байланысты оқушылар жұмыстарын бағыттайды және жұмыстарын бағалайды. Мотивациясы жоғары оқушылар консультант ролінде болады. Бағалау критериі: Трапеция ауданының формуласы дұрыс қолданылған. Трапеция ауданының формуласын пайдаланып, оның белгісіз элементі дұрыс анықталған. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы дұрыс қолданылған. 3. Жұптардағы жұмыс. Оқушылар жұптарда трапеция ауданы формуласын қолдана отырып дәлелдеуге арналған есептер шығарады. Оқушылар жұптарда бір бірімен ақылдасып жұмыс жасайды. Мұғалім бақылайды, қажет болған жағдайда консультация жасайды. Формативтік бағалау жүргізеді. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, трапецияның белгісіз элементтерін анықтайды. Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады. VI. Білім беру мақсатына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқа илеуі» тапсырмасы көмегімен. Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсініксіз тапсырма бойынша бір сұрақ жазады. Егер оқушылар қиындық көрмесе, сыныптастар үшін қызықты сұрақ құрастыруы мүмкін. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптары деңгейіне қатысты кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. | Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 Стикерлер | ||||
Сабақтың соңы 38-40 | 7. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады: Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім … Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым … Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім … Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. | Стикерлер | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қайталау кезеңінде оқушылар өз қалаулары бойынша, оқу ақпаратын еске түсіру үшін: білім, түсіну (сызба), талдау (талдау және салыстыру) мақсатында өз деңгейін таңдап бөлінеді. Сабақта ақпаратты әртүрлі тәсілмен еске түсіру оқу ақпараты қолданылады. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі көмектер көрсетіледі. Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлі топтарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды. | Жақын даму аймағын анықтау барысында диагностикалық бағалау қолданылады. Білімді меңгеру кезеңінде оқушылар критерийлер бойынша жұмыс жасап, салыстыру, қолдану дағдылары қалыптасады. Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында трапецияның ауданының қасиетін қолдана алу дағдалары тексеріледі. | Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?