Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал.


Бағалау парақшасы (БП) 8 «__» сынып оқушысы__________

тапсырма

ұпай

Жинаған ұпай

Оқушыдан кері байланыс:

а) жақсы меңгердім

б) қиындық тудырған.....

1

Кіші-өзіндік жұмысы

3

2

Жеке жұмыс (№1, №2)

9

3

Жұптық жұмыс (№1, №2)

6

4

Сараланған тапсырма

6

Барлығы

24

Кіші -өзіндік жұмысы (5 мин)

Дайын сызба бойынша анықтаңыздар:

1) үшбұрыш түрін; [1]

2) катеттердің ұзындығын; [1]

3) С бұрышының синус, косинус, тангенс және котангенс мәндерін [1].

Жеке жұмыс

1 тапсырма

АВС үшбұрышында С бұрышы 900-қа тең, ал АВ=8 см, cos∠A=0,5. ВСқабырғасы мен үшбұрыштың сүйір бұрыштарын табыңыздар. [6]

Дескриптор: Білім алушы

- сызбаны салады;

- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусының анықтамасын қолданады;

- косинустың берілген мәні бойынша бұрышты табады;

- тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштарының қосындысының теоремасын қолданады;

- үшбұрыштың екінші сүйір бұрышын табады;

- қабырғасын табады.

2 тапсырма

Құс қандай биіктікте отыр? Жауабын ондық үлеске дейін жуықтаңыздар. [3]

Дескриптор: Білім алушы

– тангенс/котангенс анықтамасы бойынша d арақашықтықты табады;

- тангенс/котангенс анықтамасы бойынша h биіктікті табады;

-жауабын жүздік үлеске дейін жуықтайды.

Жұптық тапсырма

1 тапсырма

Ұзындығы 6 м болатын жіп бар. Жіптің көмегімен болатындай -ға тең бұрышты қалай салуға болады? [3]

2 тапсырма

Барлау бұрышы 1200 болатын шамшырақ биіктігі 30 м болатын мұнараның төбесіне орнатылған.

Келесі сұраққа жауап беріңіздер:

а) Мұнараның табанындағы шамшырақтың көру аймағына түспейтін d кесіндісінің ұзындығы нешеге тең?

Жауапты ондық үлеске дейін дөңгелектеңіздер.

б) Егер бойы 1,8 м адам шамшырақтың көру аймағына түскісі келмесе, ол қай жерде тұруы керек?

Жауапты ондық үлеске дейін дөңгелектеңіздер.[3]

Сараланған тапсырмалар

А деңгей

№1. Берілгені:

AD=a

Табыңыздар: DC [3]

В деңгей

№1. Берілгені:

AC=a

Табыңыздар: DC [3]

С деңгей

№1 Берілгені: AB=BC;

Табыңыздар: AB.

[3]

Қосымша тапсырма

Гидролокатормен жабдықталған кеме 17-ғасырда суға кеткен кемеге тап болды. Суға батқан кеме 320көлбеу бұрышы бойымен 980 м қашықтықта орналасқан. Суға кеткен кеме қандай тереңдікте жатыр?

Үйге тапсырма

1. АВС тікбұрышты үшбұрышында гипотенузаға СН биіктігі түсірілген. ВН=6, cosB=0,25. ВС және АВ ұзындығын табыңыздар.

2. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының катетке қатынасы :1 қатынасындай. Берілген үшбұрыштың барлық бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңыздар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу