Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 2.
Әдістемелік нұсқаулар
Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу.
Оқыту мақсаты:
8.1.3.8 берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу.
Сабақ мақсаты:
Тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз бұрыштары мен қабырғаларын табу үшін синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру.
Мұғалім сабақтың «Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу» тақырыбын оқушыларға ағылшын тілінде ребус шешу арқылы таныстырады. / «right triangle» сөзі «Тік бұрышты үшбұрыш»/
Негізгі терминдердің анықтамаларын қайталауда оқушылар өз шешімдері мен жауаптарын MiniWhiteBoard-қа жазып, мұғалімге көрсетеді. Мұғалім бағыттаушы сұрақтар қояды.
Кешенді және жалпылама тәсілдерді құрылымдауда сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топ өзіне тиесілі тапсырмаларды постерде орындайды, содан кейін келесі топқа барып қорғайды.
1 топ. (Екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрышты шешу).
Берілгені: Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 5 см және см. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бұрыштарын табыңыздар.
Жауабы: 10 см, 300, 600.
2 топ. (Гипотенузасы және сүйір бұрышы бойынша тік бұрышты үшбұрышты шешу).
Берілгені: Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы
8 см. Сүйір бұрышы . Катеттерін және бұрышын табыңыздар.
Жауабы: см, 4 см., 600.
3 топ. (Катеті және сүйір бұрышы бойынша тік бұрышты үшбұрышты шешу).
Берілгені: Тік бұрышты үшбұрыштың ВС катеті 12 см. Сүйір бұрышы . Гипотенузасын, екінші катетті және бұрышын табыңыздар.
Жауабы: , см, 300.
4 топ. (Гипотенузаға түсірілген биіктік және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрышты шешу)
Берілгені: АВС үшбұрышының тік бұрышынан гипотенузаға түсірілген биіктік 6 см. Бір бұрышы . Тік бұрышты үшбұрыштың басқа элементтерін табыңыздар.
Жауабы: см, см, 12 см., 600.
Әр топ білім алушылардың тапсырманы орындауын құрылған дескриптор бойынша тексереді:
№ | Дескриптор | Балл |
1 | Пифагор теоремасын қолданады | 1 |
2 | Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін, котангенсін табады | 1 |
3 | Тригонометриялық қатынастардан катеттер мен гипотенузаны табады. | 1 |
Оқушылар қорғап болғаннан кейін мұғалім тік бұрышты үшбұрышты шешудің әрбір жағдайын алгоритм түрінде жалпылайды.
№1. Алгоритм. Берілгені: екі катет.
| №2. Алгоритм. Берілгені: Гипотенуза және сүйір бұрыш.
| №3. Алгоритм. Берілгені: Катет және сүйір бұрыш.
| №4. Алгоритм. Берілгені: Гипотенузаға түсірілген биіктік және сүйір бұрыш. , ,
|
|
Мұғалім оқушыларға постерлеріне тағы оралып, гипотенуза мен 300-қа қарсы жатқан катетінің мәндерін қайта қарастыруларын сұрайды. Оқушылар 300-қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең екенін қорытып шығарады.
№ | Дескриптор | Балл |
1 | Жалпы формулаларды қолданып шығады | 1 |
Алған білімдерін және негізгі есептерді шығару арқылы қалыптасқан біліктерін тексеру мақсатында төменде ұсынылған тапсырма орындалады:
1. Жіпке ілінген жүк түріндегі маятникті 600 бұрышқа ауытқыту арқылы тепе-теңдік қалпынан шығарды. Маятниктің АС ұзындығы 20 см. Жүктің биіктігі тепе-тең қалыппен салыстырғанда қаншаға өзгерді?
Жауабы: 10 см.
№ | Дескриптор | Балл |
1 | Берілген элементтер бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады | 1 |
Оқушылар сабақтың барлық кезеңінде дайын сызбамен берілген тапсырмалар орындайды. Жұмыстарын дескрипторлары бойынша тексереді. Оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерін пайдаланып, өзін-өзі бағалайды.
Топпен жұмыста бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Қиындық туындаса, мұғаліммен ақылдасады. Мұғалім тарапынан оқушыларға кері байланыс беріледі.
Сабақ соңында оқушылардың берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу дағдылары бойынша қорытынды жасалып, рефлексия жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер
Шыныбеков Ә.Н Геометрия 8-сынып. Алматы, «Атамұра» 2012ж;
http://rebus1.com/en/index.php?item=rebus_generator&enter=1
https://bilimland.kz/ru/content/lesson/10054-kosinus_sinus_tangens_i_kotangens_ostrogo_uglahttps://cdn.kutasoftware.com/Worksheets/Precalc/04%20-%20Right%20Triangle%20Trigonometry.pdf
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?