file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2ВТікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары және бұрыштары арасындағы қатыстар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу

Сабақтүрі

Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.8 берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу.

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • Екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады;
  • Гипотенузасы және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады;
  • Катеті және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады;
  • Гипотенузаға түсірілген биіктік және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Пифагор теоремасын есептер шығаруда қолданады;
  • Екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады;
  • Гипотенузасы және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады;
  • Катеті және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады;
  • Гипотенузаға түсірілген биіктік және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады;
  • 300 -қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең екенін біледі.

 Тілдік

 мақсаттар

 Оқушылар:

-тікбұрышты үшбұрыштың берілген элементтері бойынша белгісіз қабырғалары мен бұрыштарын табуды түсіндіреді;

 -есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді;

 -дәлелді пайымдау қадамдарын сипаттайды;

 -берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын сауатты қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;

- бұрышқа іргелес жатқан катет;

- бұрышқа қарсы жатқан катет;

-катеттердің квадраттарының қосындысы;

- Египет үшбұрышы;

- негізгі тригонометриялық тепе-теңдік;

- перпендикуляр, проекция және көлбеу;

- катеттердің гипотенузаға проекциялары;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;

-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең;

-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;

-Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;

-негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...;

катеттің квадраты ... тең.

 Құндылықтарды

 дарыту

Жағдаятты талдау, жаңа жағдаяттарға бейімделу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау, топпен жұмыс істеу, топпен жұмыс дағдыларын игеру

 Пәнаралық

 байланыстар

Экономикалық география, ағылшын тілі

 АКТ қолдану

 дағдылары

Инженерлік калькулятормен жұмыс

http://2mb.ru/matematika/geometriya/on-line-raschet-treugolnika

Арнайы бағдарламаларды қолданып бағалау тапсырмалары

http://worksheets.tutorvista.com/trigonometric-functions-of-acute-angles-worksheet.html?page=1

Бастапқы білім

Тікбұрышты үшбұрышжәне оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері туралы біледі және оларды қолдану біліктілігі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. Оқушылармен бірігіп сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері айқындалады.

Үй жұмысын тексеру.

https://cdn.kutasoftware.com/Worksheets/Precalc/04%20-%20Right%20Triangle%20Trigonometry.pdf

Сабақтың ортасы

12 мин

18 мин

2.Өткен білімді қайталау

Walk Around Activity. Тапсырмалар сыныптың қабырғаларына әр түрлі тәртіппен ілінеді. Оқушылар кез-келген бір тапсырмадан бастап шығарып, оның жауабы жазылған парақтағы басқа тапсырмаға көшеді. Егер бастапқы шығарылған тапсырмаға қайтып келеді. Тізбек аяқталғанда, оқушыда әріптер тізбегі пайда болады. Сол әріптерден мұғалімнің жасырған сөзін құрастырады. /HYPOTENUSE/

3. Алған білімдерін және негізгі есептерді шығару арқылы қалыптасқан біліктерін тексеру

«Іскерлік кездесу» ойыны арқылы жұппен жұмыс.

Оқушыларға «сағаттар» беріледі, онда олар сағат 3,8 және 15-гі кездесулерін жоспарлайды. Сол арқылы өздеріне жұп табады.

Дескриптор

Балл

1

Есептің математикалық моделін құрады

1

2

Пифагор теоремасын қолданады

1

3

Тригонометриялық функциялардың анықтамасы бойынша үшбұрыштың бұрыштарын табады

1

4

Тригонометриялық қатынастардан катеттер мен гипотенузаны табады

1

Сағат 3-тегі кездесу тапсырмасы

Жеңіл машина тау жотасының төбесіне бұрышпен 30 км-гекөтерілді. Тау жотасының биіктігін және жеңіл машина қозғалысты бастамас бұрын ол жотаның төбесінің -де орналасқаны белгілі болса, жотаның басталған жерінен оның төбесіне дейінгі қашықтықты табыңыздар.

Сағат 8-тегі кездесу тапсырмасы

Өндірілген тұз, суретте көрсетілгендей, конус тәрізді үйіндімен сақталады. Конус табанының ұзындығы 80 фут. Конус жасаушысы бұрышпен көлбеген. Конустың һ биіктігін және үйіндініңsұзындығын табыңыздар.

Сағат 15-гі кездесу тапсырмасы

Биіктігі 8 фут болатын футбол қақпасынанфут қашықтықта доп қойылған. Допты қақпаға қарай тепкенде, доп қақпаның жоғарғы арқалығына тиді. Допты тебу бұрышы неге тең?

Әр топ тапсырманың шешулерін келесі жұппен алмасып, дайын дескрипторды пайдаланып жұмыстарды тексереді. Қиындық туындаса, мұғаліммен ақылдасады. Мұғалім тарапынан оқушыларға кері байланыс беріледі.

Сабақтың соңы

3 мин

4. Рефлексия

Стикерлерге:

- Не білдім, неніүйрендім?

- Ненітүсінбедім?

- Немен жұмыс жасау керек, неге назар аудару керек?

- Сабақтағы қандай жұмыс ұнады және не себепті?

- Сабақта қандай өзара әрекеттесу жоғары деңгейде болды және әрқайсыларыңыз неге ұмтылуларыңыз керек?

5. Үй тапсырмасын беру

1. Тікбұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 60, ал оның гипотенузасы мен кіші катетінің қосындысы 26,4 см. Үшбұрыштың гипотенузасын табыңыздар.

  • Сіз скейтборд үшін ұзындығы 14 фут және көтерілу бұрышы 260 болатын төбе жасағыңыз келеді. Осы төбенің биіктігі мен табан ұзындығын табыңыздар.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әрбір оқушыға қолжетімді(дифференциалданған) тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі.

«Іскерлік кездесу» ойыны барысында проблемалық жағдай туғызу.

Жұппен жұмыста әр жұптың бірін-бірі бағалауы

мұғалімнің бағалауы

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты қкезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу