Бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің немесе котангенсінің мәндерін қорытып шығару. Геометрия, 8 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы
300, 450, 600 бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қорытып шығару
Оқу мақсаты
8.3.3.5
300, 450, 600 бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қорытып шығару үшін тікбұрышты үшбұрышты қолданады;
Бағалау критерийлері
1.Пифагор теоремасын атаңыз.
Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең: c2=a2+b2
2. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы деп нені айтамыз?
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы деп сүйір бұрышқа қарама-қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын айтамыз. sinα=a/c
3.Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деп нені айтамыз?
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деп сүйір бұрышқа іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын айтамыз. cosα=b/c
4.Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі деп нені айтамыз?
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі деп сүйір бұрышқа қарама-қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасын айтамыз. tgα=a/b
5.Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының котангенсі деп нені айтамыз?
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының котангенсі деп сүйір бұрышқа іргелес жатқан катеттің қарама-қарсы жатқан катетке қатынасын айтамыз. ctgα=b/a
Жеке жұмыс
Жіпке ілінген жүк түріндегі маятникті 600 бұрышқа ауытқыту арқылы тепе-теңдік қалпынан шығарды. Маятниктің АС ұзындығы 20 см. Жүктің биіктігі тепе-тең қалыппен салыстырғанда қаншаға өзгерді?
Жауабы:10cm.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?