file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу

Cабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • 300, 450, 600-тың синусын, косинусын, тангенс және котангенс мәндерін қолданады;
  • Тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын табады;
  • Тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз бұрышын табады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • 300, 450, 600-тың синусын, косинусын, тангенс және котангенсінің мәндерін біледі;
  • 300, 450, 600-тың синусын, косинусын, тангенс және котангенс мәндерін қолданады;
  • Тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді;

 - есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді;

 - дәлелді пайымдау қадамдарын сипаттайды;

 - берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын сауатты қолданады.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі; бұрышқа іргелес жатқан катет; бұрышқа қарсы жатқан катет;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;
  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең;
  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;
  • 300-қа қарсы жатқан катет ... тең.
  • 300, 450, 600 -қа тең бұрыштардың синус/ косинус/ тангенс/ котангенсінің мәндері ... тең.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Бастапқы білім

Оқушылар синус, косинус, тангенс және котангенс анықтамаларын біледі, Пифагор теоремасын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-12 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау. Математикалық диктант

Мұғалім оқушылардың 300, 450, 600 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі мен котангенсі мәндерін табу әдістерін қайталау мақсатында математикалық диктантты ұсынады. Мұнда оқушылар бос орындарды дұрыс толтыру арқылы өткен сабақтағы кейбір бұрыштардың мәндерін қорытып шығару әдістерін естеріңе түсіреді.

Презентация

Слайд 1-3

Қосымша 1

Презентация

Слайд 4-6

Сабақтың ортасы

12-25 мин

25-38 мин

  • Жұптық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға 300, 450, 600 бұрыштарымен берілген тікбұрышты үшбұрыштары бар әртүрлі есептерді дайын сызбада ұсынады. Оқушылар жұпта тапсырмаларды орындайды.

Тапсырманың дескрипторы: Оқушы

  • Синус, косинус, тангенс анықтамаларын қолданады;
  • 300, 450, 600 бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенс мәндерін қолданады;
  • Тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын табады;

4. Топтық жұмыс.

Мұғалім оқушыларды кіші топтарға біріктіріп, 300, 450, 600 бұрыштарының мәндерін қолданып шешетін басқа фигураларды (параллелограмм, трапеция, тіктөртбұрыш, квадрат) ұсынады. Оқушылар ұсынылған тапсырмаларды кіші топтарда орындайды. Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады.

Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды, сонымен қатар, жұптық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.

Тапсырманың дескрипторы: Оқушы

- 300, 450, 600 бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенс мәндерін үшбұрыштардың комбинациясы мен төртбұрыштарда қолданады;

- үшбұрыштың, төртбұрыштардың белгісіз қабырғаларын табады;

- үшбұрыштың, төртбұрыштардың белгісіз бұрыштарын табады;

Қосымша 2

Презентация

Слайд 7-8

Қосымша 3

Презентация слайд 9-12

Сабақтың соңы

    • мин

5. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 13

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу