Тікбұрышты үшбұрыштағы пропорционал кесінділер. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Мектеп: Ақтау қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тікбұрышты үшбұрыштағы пропорционал кесінділер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.3 тікбұрышты үшбұрыштағы пропорционал кесінділерге байланысты қатынастарды дәлелдейді және қолданады;

 Сабақ мақсаттары

тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін қолданады;

 Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

  • тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін қолданады;

 Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

Бөлім бойынша лексика және терминология:

- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;

- бұрышқа іргелес жатқан катет;

- бұрышқа қарсы жатқан катет;

-катеттердің квадраттарының қосындысы;

- Египет үшбұрышы;

- негізгі тригонометриялық тепе-теңдік;

- перпендикуляр, проекция және көлбеу;

- катеттердің гипотенузаға проекциялары;

- геометриялық орта.

  Құндылықтарды

  дарыту

Топпен, жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке, академиялық шынайлықа тәрбиелеу

 Пәнаралық

 байланыстар

Қазақ тілі, ағылшін тілі

 АКТ қолдану

 дағдылары

  • Интерактивтік құралдарды пайдалану;
  • Интернет ресурстарын пайдалану.

Бастапқы білім

Өтілген тақырыпты меңгеру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
  • Бағалау критерийлерін талдау

Презентация

Сабақтың

ортасы

25 мин

13 мин

Жаңа сабақ.

Оқушыларды үш топқа біріктіріп, тапсырманың бірін ұсыну. Оқушылар жұмыстарын жеке орындайды, бірақ топта өзара көмек алуға болады.

1 топ.

Берілгені: а, b – катеттер, с – гипотенуза, hс – биіктік, және– сәйкес катеттердің гипотенузадағы проекциялары.

Дәлелдеу керек:

Дәлелдеу:

1. DАС бұрышы BСD бұрышына тең болатынын көрсет.

2.ACD үшбұрышында DАС бұрышының тангенсін табыңдар.

3. BCD үшбұрышында BCD бұрышының тангенсін табыңдар.

4. Тең бұрыштардың тангенстерінің теңдігі негізінде пропорция құрыңдар

5. Пропорцияның негізгі қасиетін қолданып, болатынын көрсетіңдер.

2-топ.

Берілгені: а, b – катеттер, с – гипотенуза, hс – биіктік, және– сәйкес катеттердің гипотенузадағы проекциялары.

Дәлелдеу керек:

Дәлелдеу:

1. АВС үшбұрышындағы ВАС бұрышының косинусын табыңдар.

2. ACD үшбұрышындағы DАС бұрышының косинусын табыңдар.

3. Тең бұрыштардың косинустарының теңдігі негізінде пропорция құрыңдар.

4. Пропорцияның негізгі қасиетін қолданып, болатынын көрсетіңдер.

3 – топ.

Берілгені: а, b – катеттер, с – гипотенуза, hс – биіктік, және– сәйкес катеттердің гипотенузадағы проекциялары.

Дәлелдеу керек:

Дәлелдеу:

1. ВАС бұрышы BСD бұрышына тең болатынын көрсет.

2.ABC үшбұрышында BAC бұрышының косинусын табыңдар.

3. BCD үшбұрышында BCD бұрышының косинусын табыңдар.

4. Тең бұрыштардың косинустарының теңдігі негізінде пропорция құрыңдар

5. Пропорцияның негізгі қасиетін қолданып, болатынын көрсетіңдер.

Ұжымдық жұмыс

  • Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен түсірілген биіктігі гипотенузаны 4 см және 9 см екі кесіндіге бөледі. Гипотенузаға түсірілген биіктікті табыңыз.
  • Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің гипотенузаға түсірілген проекциялары 4 см және 5 см. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерін табыңыз.
  • АВС тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы ВС= 20 см. AН биіктігінің ұзындығын табыңыз, егер HC=15 тең болса.
  • Тікбұрышты үшбұрышта тік бұрыштан жүргізілген биіктік гипотенузаны 36 см және 64 см кесінділерге бөледі. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңыз

2 сабақ

Сабақтың басы

1 мин

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың

ортасы

25 мин

Формасы: жұптық жұмыс

Мұғалімнің іс әрекеті: оқушыларға тапсырма беріледі; оқушылардың жұмысын бақылайды, қажет болған жағдайда бағыт пен көмек береді.

Оқушының іс әрекеті: берілген есепті қасындағы оқушымен бірлесіп шығарады.

Бағалау: оқушылар жауаптарын салыстыра отырып, өзара бағалау орындайды

Мұғалім іс әрекеті: мұғалімнің ауызша бағалауы, өзара бағалау

Формасы: жеке жұмыс

Мұғалімнің іс әрекеті: оқушыларға тапсырма беріледі; оқушылардың жұмысын бақылайды, қажет болған жағдайда бағыт пен көмек береді.

Оқушының іс әрекеті: берілген есепті шығарады

NIS оқулығынан №4.107

Бағалау: оқушылар жауаптарын салыстыра отырып, өзара бағалау орындайды

Мұғалім іс әрекеті: мұғалімнің ауызша бағалауы, өзара бағалау

Рабинович Е. М.

Задачи и упражнения на готовых чертежах. 7-9 классы. Геометрия.

М.: ИЛЕКСА, 2016. 60 с.

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия

Екі жұлдыз бір тілек

Біз жаңадан нені білдік, не үйрендік?

Не қызық болды, оңай орындалды?

Нені қайталау керек, әлі де нені оқу керектігін ойланыңыз?

8. Үй тапсырмасы NIS оқулығынан №4.106

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы топпен, жұппен және жеке жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.

Өзін-өзі бағалау, өзара түрі қолданылады..

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу